Қазақ балалар әдебиетінің 50-60-жылдары зерттелуі.
Балалар әдебиеті жайында жазылған сын-мақалалар,
әсіресе, Отан соғысы жылдарынан кейін кең қанат жайды.
Қазақ балалар әдебиетінің әр түрлі жанрлары жайында
С.Қирабаевтың,
Ә.Тәжібаевтың,
А.Нұрқатовтың,
С.Сейітовтің,
Ә.Дербісәлиннің,
С.Ордалиевтің,
Б.Сахариевтің, Н.Ғабдуллиннің мақалалары баспасӛз
беттерінде жарияланды.
Соғыстан кейінгі кезеңде С.Бегалин, Ӛ.Тұрманжанов,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
15
М.Әлімбаев,
Б.Соқпақбаев,
С.Омаров,
М.Гумеров,
Ә.Дүйсенбиев, Н.Серәлиев, Қ.Мырзалиев, Ж.Смақов,
Қ.Ыдырысов,
Қ.Мұқышев,
Б.Ысқақов
С.Сарғасқаев,
А.Байтанаев сынды ақын-жазушылар қазақ балалар
әдебиетінің
тұрақты
маман
кадрларына
айналды.
Бүлдіршіндер
мен
жасӛспірімдерге
арналған
туындыларымен
Қ.Аманжолов,
М.Хакімжанова,
Қ.Бекхожин,
Ж.Саин,
С.Сейітов,
Ш.Смаханұлы,
І.Мәмбетов, О.Әубәкіров, Ш.Хұсайынов, Н.Ғабдуллин,
Б.Тәжібаев, СЖүнісов, М.Ақынжановтар кӛзге түсті. 50-60
жылдары жарық кӛрген мақалалар 40-50 жылдардағы қазақ
балалар әдебиетінің даму ерекшеліктерін аталмыш
қаламгерлер шығармашылығы негізінде қарастырды,
балаларға
арналған
шығармаларда
кездескен
кемшіліктердің болу себептері мен олардан арылу
жолдарын кӛрсетті, «кішкентайлардың үлкен әдебиеті»
алдына орындалуға тиіс мақсат-міндеттер қойды.
1954 жылы жазылған «Қазақ совет балалар әдебиетінің
кейбір мәселелері» мақаласында С.Қирабаев 40-жылдардың
алғашқы жартысын қазақ балалар әдебиетінің еркін дами
алмаған кезеңі ретінде атап кӛрсетеді. Қазақ балалар
әдебиетінің бұл тұстағы кенже қалуының екі түрлі себебін
атайды: біріншісі, тиісті орындардың әдебиеттің бұл
саласын ӛркендетуге мән бере қарамауы, екіншісі, балалар
әдебиеті саласында жұмыс істерлік арнаулы маман жазушы
кадрлардың жоқтығы.
С.Қирабаев 40-шы жылдардың соңында жағдайдың
біршама ӛзгергендігін баяндайды, яғни 1948-1949 жылдары
балаларға
арналған
кітаптардың
кӛптеп
басылып
шыққандығын айтады, сондай-ақ балаларға арналған бірер
ӛлеңін бетке ұстап шығып кеткен ӛлең кітаптардың да
болғандығын ескертеді. Балалар әдебиеті кадрларының
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
16
жетіспеушілігі осыдан да байқалса керек. Осы кезең балалар
прозасы мен балалар поэзиясы даму ерекшеліктеріне
сыншының
жасаған
сындарлы
талдауы
ақын-
жазушылардың шығармаларындағы орын алған бірқатар
кемшіліктерді аңғартты. Кӛпшілік шығармалардағы оқушы
бейнесінің солғын, жансыз шығу себебін сыншы
тӛмендегіше түсіндіреді: бірінші, жазушы балалар ӛмірін
жеткілікті дәрежеде зерттемейді, ӛмірдің жаңалығына еркін
бойламайды, шығармаларын ескі әсерлеріне сүйеніп
жазады; екінші, шығарма оқиғасын дайын схема бойынша
тізіп,
баяндап
шығады,
оқиға
адам
тағдырымен
байланыспай
жалаң
белгіленеді,
кейіпкерді
ойдан
шығарылған
жалған
қиыншылықтармен
шырмайды;
үшіншіден, адам характерін ашуға тіпті кӛңіл бӛлмейді,
ӛздері
жасаған
характерлерге
ӛздері
сенбейді,
геройларының іс-әрекеттері жайында қосымша түсініктер
беріп отырады.
Мақаладағы «Балаларға арналған шығармалардың басты
геройы бала болуы міндетті емес, тіпті бір де бала қатыстырмай
балаларға арнап шығарма жазуға болады» - деген(21,100)
сыншы пікірі қазіргі кезең оқулықтарының біріндегі
«Литература для детей нигде и никогда не была плодом усилий
только детских писателей. Ж.Ж.Руссо когда-то объявил, что
«Робинзон Крузо» - лучшая детская книга, хотя она не была
написана именно для детей. Юные читатели приняли книгу,
потому что она отвечала их потребности открывать мир, самих
себя, испытывать свои возможности, воображая, переживая
иллюзию участия в необычной ситуации»(42,4)деп келетін
тұжырыммен үндесіп жатыр.
Балаларға арналған поэмалардың кӛбінің тым жеңіл
оқиғаға құрылатындығын, не құрғақ баяндау жолына
түсетіндігін, шығарма тілінің мейлінше ауыр болатындығын,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
17
шағын сюжетті ӛлеңдерін кӛпшілік ақындар «дастан» деп
атайтындығын айтқан сыншыны балалар әдебиетінің бағбаны
демеске негіз жоқ. «Меніңше, балаларға арналған ӛлеңдердің
тілінің жатық, идеясының анық берілуі ӛз алдына(бұл бүкіл
поэзияға керек қасиет қой), онда гипербола, дыбыс үнділігі,
сӛзді ойната білу, қызықты ұйқастарды қайталау керек пе
деймін» (21,103). Сыншы бұл тұрғыда Маяковскийдің балаларға
арналған
ӛлеңдерін,
А.Барто,
С.Михалов,
Д.Родари
туындыларын үлгі етеді.
Сыншы балалар қаламгерлерінен нақтылықты талап етеді.
Мәселен, мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы
балаларға арналған әдебиеттің қандай болуы керектігі жайында
тӛмендегідей кеңес береді: «Балаларға арналған кітаптың
ерекшелігі - оның мейлінше қарапайым, нақтылы, әдеби
образға бӛлеп жазылуымен байланысты. Бӛбектердің кітабы
оқушыны әрі кӛңілдендіретін, қуанышқа бӛлейтін, жеңіл
оқылатын, оның үстіне баланың санасын оятарлықтай ойға
құрылуы керек. Кӛркем әдебиеттің басқа саласы сияқты ол
да қайнаған ӛмірден алынып, образды түрде жазылуға тиіс.
Әрине, бұл жерде жазушының кӛркемдік суреттеушілік құралы
үлкендердікінен ӛзгешерек болады»(21,104). Әдебиетші ғалым
әңгіме жанрының ӛркендемей отырғанына қынжылыс білдіреді.
Суретті кітапшалардың сапасына қатысты сын айтады. 40-50
жылдары кеңес заманының табаны
тұтқыр ілімін
ұстанушылар кеңестік балалар ұшы-қиыры жоқ арманнан,
шығармашылық фантазиядан, қиял-ғажайып элементтері
бар кез келген ертегілік дүниелерден бойларын аулақ
ұстаулары қажет деп санады. Әлбетте, бұл жағдайға
байланысты да сыншы позициясы айқын: «Бӛбектердің ӛте
сүйіп оқитын шығармалары - ертегі бізде анда-санда
басылады.[...]Оның үстіне біздің кейбір сыншыларымыз
ертегінің ӛзіндік ерекшеліктерін ескермей, айуанаттар туралы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
18
ертегілердің кӛбеюіне қырсығын тигізді. Әдетте, кӛп ертегілерде
аңдар басты кейіпкерлер ретінде алынады. Ал, бұл біздің кейбір
сыншыларымызға ұнамайтын кӛрінеді. Сондықтан олар «адам
туралы жазбай, аң туралы неге жазасыңдар, аңдарың адамнан да
ақылды болып кӛрінеді» деп ұрысады» (21,106).
З.Серікқалиев 1961 жылы «Жұлдыз» журналында жарық
кӛрген «Балалар поэзиясы туралы» мақаласында балалар
ақындарына,
бірінші
кезекте,
балалар
фольклоры
шығармаларын үлгі етеді. Сәбилердің үндес, ұқсас дыбыстарды
айтуға ұмтылу ерекшелігі ойнақы ӛлеңдердің тууына жағдай
жасайтындығын, бұл міндетті балалар фольклорының
толығымен атқарып отырғандығын үлкен қуанышпен
жеткізеді.
З.Серікқалиев ойынша, қазақ балалар ақындары үшін орыс
балалар қаламгерлерінің балаларға арналған шығармалары
әрқашан да үлгі. Сыншының XX ғасырдың 60-жылдарына дейін
бір-екі ғасырлық тарихы қалыптасқан орыс балалар әдебиетін,
жасы кіші балалар талғамы, қабілет-қарымы, психологиясын
зерттеу нәтижесінде бүлдіршіндер талғамына жауап беретін
тамаша жыр жауһарларын дүниеге әкелген К.Чуковский,
С.Маршак туындыларын қазақ балалар ақындарына үлгі
ретінде ұсынуы, әрине, заңды. Орыс балалар ақындарының
балалар ӛлеңдерін жинап, жұртшылыққа таныстыру, тарату
тәжірибесін алға тартады. Қазақ балалар әдебиетінде бұндай
үрдістің дамымай отырғандығына қынжылыс білдіреді.
Балалар психологиясын, тілі мен тірлігін зерттеу - қазіргі
күннің де ӛзекті мәселесі. Чуковскийдің «Екіден беске
дейін» кітабы жӛнінде пікірі жоғары. Орыс қаламгерлерінің
ыңғайынша автордың ӛзі де қазақ балаларының бірді-екілі
ӛлеңдеріне тоқталып, олардың аяқ алыс, беталыстарына
қуаныш сезімін білдіреді. Осы орайда ата-аналар, тәрбиеші,
педагогтар мен балалар ақындарының бала аузынан
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
19
шығатын сӛзді жазып алу ісіне мүлдем қырсыз екендігін
ашық айтады. Бұл істі бірігіп қолға алса ғана, ӛзіндік
нәтиже беретіндігін ескертеді. Сын мақаланың шын бағасы
балаларға
арналған
шығармалардың
ерекшеліктерін
кӛрсетуінен кӛрінеді:«Бала психологиясына, оның ойлау,
түйіндеу ерекшелігіне сай оқиғаның, кӛркем образдың
айнала қоршаған ортадан неғұрлым нақты, кӛрнекті
алынуы; жирендіріп не қуандырып, бүлдіршіннің ішкі сезім
дүниесіне бірден әсер ететіндей баяндаудың күшті
лиризммен берілуі; оқиға ӛрбуі мен шешімінде, кейіпкерлер
қарым-қатынасын, мінезін, характерін ашуда суреттеудің
динамикалы келуі; ойнақы, жеңіл, бейнелі тілімен сәби
жүрегін ғажайып бір шат сезімге бӛлеп, оларды белгілі бір
идеалға, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке, адалдық пен
ерлікке меңзеу, - міне, бұлар нағыз ақын, нағыз суретші
қаламынан туатын шығармаға тән қасиет».
Сыншы жиі жазылатын тақырыптарға тоқталады. Олар:
мектеп, мектеп бағы, оқушылардың жазғы демалысы және
табиғат құбылысы, жан-жануарлар мен жәндіктер туралы
ӛлең-жырлар. Аталмыш тақырыптардағы ӛлеңдер бойынша
аталған кемшіліктер елеусіз емес. Мектеп тіршілігі
жайындағы ӛлеңдердің кӛпшілігі жалаң сӛзді болып келеді.
Бұларда нақты ой, түйін, кӛркемдік шешім жоқ. Бейнелі
сурет, образ кӛрінбейді. Оқушылардың жазғы демалысы
жӛніндегі ӛлең-жырларға тән кемшіліктер бұдан гӛрі
қомақтырақ. Біріншіден, ӛлеңдерде жаңалық жоқ. Ӛйткені
автор құбылысқа жалаң таңданады. Оқиға мәні мен
астарына терең үңілмейді. Екіншіден, авторлар тарапынан
оқиғаны үстірт баяндаушылық, риторикаға бой ұру
байқалады. Фактілер мен құбылыстардың фотографиялық
кӛшірмесін жасайды. Жалаң дидактика, үгіт айту басым.
Қазіргі уақытта да келелі тақырып болып отырған
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
20
табиғат,
хайуанаттар
әлемі
жайындағы
поэзиялық
туындылар кемшіліктері дегенде, сыншы бұлардың бір-
біріне қоянның кӛжегіндей ұқсас келетіндігін кӛлденең
тартады. Шешім, ой, мораль тұрғысы, бірін-бірі тұп-тура
қайталайды
дей
келіп,
Ә.Табылдиев,
Т.Шопашев,
Б.Тұрсынбаев, І.Мәмбетов, Ш.Смаханұлы, Қ.Мұқышев
ӛлеңдерін мысалға келтіреді. Сондай-ақ, қазақ балалар
поэзиясында сонау 30-жылдардан бері орнықпай келе
жатқан тақырыптарды да қадап айтады. Қазақ балалар
әдебиетін жасауға ең алғаш саналы түрде кӛңіл бӛлген
қаламгер І.Жансүгіров 1931 жылы жазған «Мен қалай
жаздым?» мақаласында «Бізде, әсіресе, техника, ӛнер
жайында шығармалар туған жоқ. Енді бұл кетікке кірпіш
қалауымыз керек дейміз» деген болатын(2,193).
«Жыл сайын мыңдаған жас ұрпақ мектеп бітірісімен
ӛмірге жолдама алып, фабрикалар мен заводтарға,
құрылыстар мен колхоз-совхоз далаларына жұмысқа
аттанады. Халық игілігіне бағышталған осындай сан алуан
ұлылы-кішілі істердің мән-жәйін кішкентайларға бейнелі
поәзия тілімен жырлап беру балалар ақындарының ардақты
міндеті емес пе? Бізде, әдетте, үлкендер еңбегі жайында
жазғанда оқиғаны, шындықты тек жасӛспірімнің ұғымымен
бағалап, солардың білім деңгейінде ғана жұқалап айту керек
дейтін үстірт пікір бар. Туған жер келбетіндегі тамаша
ӛзгерістерге әзірше ӛзі тікелей үлес қосып, қолма-қол
араласып кете алмаса да, дүние сырын жаңа-жаңа ұға
бастаған білімқұмар сезімтал жас оқушыға шахтер мен
болат құюшының, мұнайшымен теміржолшының ӛмірін,
қажырлы еңбегін нағыз кӛркем шығарма арқылы жан-
жақты білу неге қызық болмайды» деп ағынан ақтарылады
З.Серікқалиев. Бұл тақырыптардағы ӛлеңдердің балалар
әдебиетінде кӛп тарала қоймауын тапсырыспен жазылған
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
21
дүниелерді жаны нәзік, сезімтал балдырғандардың
қабылдай алмауымен, соны жан-тәнімен сезінген сезімтал
ақын қауымының сергектігімен түсіндіруге болатын сияқты.
Сонымен автор 60-жылдар ішінде жарыққа шыққан ӛлең
жинақтары мен суретті кітапшаларына тән ортақ кемшілік
ретінде мазмұн жұтаңдығын, тақырып тарлығы мен
идеялық шешімнің бірыңғайлығын кӛрсетеді.
1961 жылы «Жұлдыз» журналының кейінгі
нӛмірлерінің бірінде Ә.Тәжібаевтың «Жас ұрпаққа жақсы
әдебиет жасайық» деген мақаласы жарияланды. Мақала
авторы балалар әдебиетін жанрлық даму тұрғысынан
бағалайды. Балалар поэзиясы, прозасы және драматургиясы
салаларының
ӛсіп-ӛркендеуі
жӛнінде
ой
бӛліседі.
Ж.Саиннің,
М.Хакімжанованың,
О.Әубәкіровтің,
С.Сейітовтің,
Ә.Табылдиевтің,
Қ.Ыдырысовтың,
Қ.Бекхожиннің,
Ә.Дүйсенбиевтің
ӛлең-жырларына
тоқталады. Кемшін жағы турасында Серікқалиевтен асып
ештеңе айта қоймайды, жетістік жағын кӛбірек қаузайды.
О.Әубәкіровтің «Менің інім», «Шолжаң» ӛлеңдері жӛнінде
«Баланың міні мен сыны, ойыны мен шыны түп-түгел
қабысып жатыр» дейді. Мақалада автор қазақ ақын-
жазушыларынан балалар әдебиетінің арнаулы ақын-
жазушыларын ажыратып, бӛлек отау иелері ретінде
алғашқылардың бірі болып айтады.
Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі
жӛніндегі сын тӛмендегідей: «Лирикалық герой сахнаға
шыққанда қарны ашып шығып еді, кітап біткенше бір
тойынбай қояды. Аңсайтыны қант. Ол қант кӛрсе ұрлап та
жейді, сатып алып та жейді. Бір рет ашығуға болар, ӛне
бойы аштықты айта беру қызық емес». Мақала авторы үнемі
сын айта бермейді. Әсіресе, поэзия саласы бойынша
барынша кӛрегенділік танытады. Жылт етіп кӛрінген
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
22
жауһарды жаза баспай таниды. «Толағай» поэмасының
авторы ӛз кезегінде Ӛ.Тұрманжановтың «Құмырсқалар,
аралар - қиыспас дос, құдалар» мысал-поэмасына сүйсінбей
тұра алмаған. Ә.Дүйсенбиевтің
«Бәтеңке, Шұжық,
Балқаймақ» поэмасы жӛнінде «Тілі жатық, ұғымға жеңіл,
оқуға қызықты, балалар үшін бір жағы ермек, бір жағы
тәрбие. Шығарманың мазмұны үшін түрін, композициясын
ауырлатпай, дӛрекі білгірлікке ұрынбай ӛте татымды, ӛте
тартымды шығарған» деп пікір білдіреді. Сондай-ақ, ақын
назарынан шағын ӛлеңдер де таса қалмаған. Қ.Мұқышевтің
«Тауық
пен
жылан»,
Қ.Мырзалиевтің
«Күшігім»,
Ә.Табылдиевтің «Сары маса мен инелік» ӛлеңдерінің жас
жеткіншектерді
баурағыш
қасиетін
ақындық
сезімталдықпен таниды. Алдында ғана ӛлеңдері таң-тамаша
еткен ақындардың келесі бір туындыларын бекер дүниелер
деп есептейді. Сӛйтіп, сәттісін де, сәтсіз шыққандарын да
таныстырып ӛтуді міндет санайды. Балалар әдебиеті сыны
дамуына қынжылыс білдіреді. Ә.Тәжібаев М.Әлімбаев пен
З.Серікқалиев мақалаларынан ӛзге іліп аларын таппайды.
Болашағы үлкен жанрдың бірі ретінде балалар
драматургиясын
атай
отырып,
Ш.Хұсайыновтың,
С.Омаровтың,
Н.Ғабдуллиннің,
М.Гумеровтің,
С.Ахметовтің, Б.Тәжібаевтың, С.Жүнісовтің, Қ.Мұқышевтің
мектеп сахналарына арналған пьесаларын жаңа бастама деп
қабылдайды. Б.Ысқақовтың «Кішкене театр» және бірнеше
автордың «Мектеп сахнасы» жинақтарының жарыққа
шығуын үлкен табыс деп бағалайды. Орыс тілінде жазылған
пьеасалардың үлгі алар тұстарын баса айтады.
Балалар драматургиясының жай-күйі С.Ордалиевтің
«Балалар драматургиясының жайы» мақаласында(1964)
біршама кӛрініс тауып, бұл олқылықтың орны толтырылған.
Зерттеуші соғыстан кейінгі жылдары туған пьесалар
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
23
авторларына орыс балалар драматургиясы туындыларын
үлгі етеді. М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин»,
М.Ақынжанов
пен
Қ.Бадыровтың
«Алтын
сақа»,
Ш.Хұсайыновтың
«Нұрлы
тас»,
«Есірткен
ерке»,
Ш.Байжановтың «Әлия Молдағұлова» пьесаларының
тақырыптық, мазмұндық, идеялық ерекшеліктерін кӛрсетуге
күш салады. Ересек адам(колхозшы қарт Қуаныш, колхоз
председателі Нарын), әсіресе, мектеп мұғалімдері(мектеп
директоры Ақтан, отряд бастығы Дариха) бейнелерінің
солғын шыққандығын «Нұрлы тас» пьесасы нәтижесінде
кӛрсетеді. «Автордың суреттеуінше, Ақтан, Нарын,
Қуаныштар - ұнамды образдар. Бірақ оларды автордың
ӛзінен басқа ешкім сүймейді, ӛйткені сүйетіндей,
сүйсінетіндей олардың ешбір әрекеті, қимылы айқын
кӛрінбеген»(41,230). Пьесадағы оқушылар - ересектерге
қарағанда
әлдеқайда
кӛреген,
алыстан
болжағыш,
ақылдырақ. Автор ӛз пікірін орыс әдебиеті драматургиясы
үлгісінде дәлелдеуге тырысады. Бұл жайт түсінікті де. Орыс
балалар
әдебиетінің
қарқынды
дамуында
оның
драматургиясының да алғы шепте болғандығын сол тұстағы
пьесалардан байқаймыз. Пьесадағы тіл олақтығы мен бас
кейіпкер бейнесінің ашылмауына байланысты ескертпе
Ш.Байжановтың «Әлия Молдағұлова» пьесасына жасалады.
Бас кейіпкері әсіреленуі нәтижесінде басқалары ұмыт
қалған пьеса деп Ш.Хұсайыновтың «Есірткен ерке» (1953)
пьесасын атайды. «Қазақ драматургтерінің балаларға
арнаған шығармаларында іс-әрекетті шынайы кӛрсетудің
орына риторикалық репликалар мен кӛп сӛзділікке салыну,
геройлардың тіліне елеусіз қарау кӛп кездеседі. Соның
салдарынан ол шығармалардың кейіпкерлері бір-біріне ӛте
ұқсас, бәрі бір типтес болып келеді, мұның ӛзі сӛз жоқ,
пьесалардың сапасын түсіріп, құнын тӛмендетеді» (41,236).
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
24
«Балалар прозасы» атты мақаласын(1965) А.Нұрқатов
балалар әдебиетінің дамуы мен жанрлық ерекшеліктеріне
шолу жасаудан бастайды. Н.Серәлиевтің «Намыс»
жинағына енген әңгімелеріне назар аудара отырып,
олардағы бала мінезін, бала қылығын танытатын
сипаттарды басты жетістік ретінде атайды. Повестерден
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа
саяхат»,
С.Сарғасқаевтың
«Сұлутӛрдің
балалары»,
А.Байтанаевтың
«Ерденнің
басынан
кешкендері»
туындылары жӛнінде әр қилы пікір білдіреді. Бастапқы екі
повесть турасында кӛркемдік, тіл ерекшеліктерін бағалай
келіп, бұларда ӛмірдің кӛлеңкелі жақтарын суреттеуге кӛп
орын берілген деген тұжырьш жасайды. «...ӛмірдің тек
кӛлеңкелі жақтарын кӛбірек кӛріп, қызықтаушылық
Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты басқа
повесінде де баршылық.[...] Мұнда да автор ұнамсыз
жәйттерді, ӛмірдегі және адамдардың басындағы кӛлеңкелі
күйлерді тәптіштеп, қазбалап суреттеуге үйір-ақ. Автордың
назары ауа беретін - ылғи бір жұтаңдық, тапшылық,
қолқысқалық»(40,390).
А.Нұрқатов Сарғасқаев повесін С.Антоновтың «Жасыл
алқап» шығармасына ұқсатады. Жазушы шығармасы тілін
«Балалар»
атты
жинағындағы
әңгімелері
тілімен
салыстырады, повестегі тіл шұбалаңқылығынан жинақ
әңгімелерінде арылғандығын атап кӛрсетеді. Есесіне,
А.Байтанаевтың «Ерденнің басынан кешкендері» повесінің
ұнамды жақтарын молдау кӛрсетеді. Біріншіден, повесть
оқиғасының қызғылықтығы. Екіншіден, балалар мен
ересектер бейнесінің жан-жақты кӛрінуі. Үшіншіден,
шығарма тілін бейнелі етудегі жазушы ізденісінің кӛрініс
беруі. Дегенмен де, қаламгердің кейіпкер толғаныстарын
бейнелеуге терең бойламай жатқандығын ескертіп ӛтеді.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
25
Әдеби ертегі жӛнінде С.Қирабаевпен қатар пікір айтқан -
А.Нұрқатов.
С.Бегалин,
Б.Тұрсынбаев
ертегілерінің
кемшілігі дегенде халық ертегілері мен аңыздары желілерін
қайталау
қасиетін
алға
тартады.
М.Гумеровтің,
С.Омаровтың,
Ж.Байжановтың
аңыздық,
ертегілік
тақырыптарға арналған суретті кітапшаларының да аңыз,
ертегілерден алыс кетпегендігін ескертеді.
Балалар әдебиеті жайында сӛз болғалы бері айтылып
келе жатқан жайт, оның бала жасына сәйкес келуі. Демек,
суретті кітапшалар тақырыбының тарлығы ғана емес,
олардың қабілеті, бала ой-ӛрісіне сәйкессіздігі де - басты
кемшілік.
Балаларға арналған прозада типтік образ жоқ. Типтік
бейне сомдауды ойға алуға тиіс қаламгерлер ертеде шыққан
шығармаларын атын ғана ӛзгертіп тың туынды ретінде
қайтадан ұсынуда
дейді А.Нұрқатов.
«Балдырған»
журналының жарыққа шығуы - бӛбектер үшін тамаша сый.
Бірақ балалар және жастар баспасын ашу - кезек күттірмес
шаруа. Халық ертегілері басылып шығуда, бірақ сирек
шығуына байланысты қазіргі күні олар аздық етуде.
Зерттеуші алда атқарылар шаруаның біршамасын атайды.
Балаларға арналған таңдаулы шығармаларға мезгілімен
конкурс жариялап отыру, жеткіншектерге арнап шығарма
аудару ісін жандандыру.
Кемшілік атаулының қатарында жазушының бала
ӛмірін терең зерттемеуі аталады. Қарапайымдылықты желеу
еткен қаламгерлердің кӛркемдік қасиеті кем, әсер етушілік
қуаты жоқ туындыларды туғызатындығы рас. Бала тірлігін,
кезең шындығын зерттеу жазушыларға міндет саналады.
Балалар жазушысы болу үшін оған білім қажет. Жазушы
білімді қайдан алады? Ӛз балалық шағынан алады.
Балалармен арадағы қарым-қатынастан, оларды бақылау
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
26
нәтижесінен тірнектеп жинайды. Аталмыш талап-тілек
бүгінгі күні де ӛзекті. Оның кӛкейкесті болу себебі, балалар
әдебиетінің объектісі әрдайым бала болып саналады. Демек,
объектіні зерттемей ол жайында шынайы туынды туғызу
мүмкін емес. Мақала авторлары, жалпы алғанда, 1940-50
жылдардағы балалар әдебиетінің тыныс-демін объективті
түрде кӛрсете алған.
40-50 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің жай-күйі
50-60 жылдары жарық кӛрген ғылыми еңбектерден де
кӛрініс тапты. 1960 жылы Ш.Ахметовтің «Балалар
әдебиетінің очеркі», 1963 жылы «Қазақ совет балалар
әдебиеті» еңбектері жарыққа шықты. 1964 жылдың 16
мамырында С.Мұқанов Ш.Ахметовтің «Қазақ балалар
әдебиеті тарихының очеркі» кітабының алғысӛзінде былай
деп жазған болатын: «Ӛткен жылдармен, әсіресе,
революциядан бұрынғы жылдармен салыстырғанда советтік
дәуірде балалар әдебиеті қазақ тілінде де орасан ӛсуі,
жылдан жыл биіктеп, салмақтанып, кӛркемденіп келе жатуы
мәлім. Бұл жӛнде әр кезде жазылған мақалалар да аз емес.
Шеген Ахметовтің оқушыларға ұсынып отырған мына
кітабы - сол мақалалардың биік ӛркеші сияқты еңбек»(2,3).
Әр кезде жазылған сол мақалалардың қатарында
С.Қирабаевтың,
Ә.Тәжібаевтың,
А.Нұрқатовтың,
С.Ордалиевтің,
З.Серікқалиевтің
жоғарыда
аталған
мақалалары бары анық. Бұлардан ӛзге авторлардың да, атап
айтсақ, С.Сейітовтің, Ә.Дербісәлиннің, Б.Сахариевтің,
Н.Ғабдуллиннің қазақ балалар әдебиеті мәселелеріне
арналған мақалаларын Ш.Ахметов кітап кіріспесінде атап
кӛрсетеді. «Бұлардан басқа да балалар әдебиеті жайында
жазылған ірілі-уақты жиырма шақты мақалалар кездесті.
Осы аталған игі еңбектердің бәрінде де қазақ совет балалар
әдебиеті жайында айтылған ӛрелі ойлар мен құнды пікірлер
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
27
бар. Оны жақсарту, кӛркемдігін арттыру мәселесі жайында
да елеулі ұсыныстар жасалған» - деген(2,8) Ш.Ахметов
осынау құнды пікір, ӛрелі ойлардың біразын басшылыққа
алғанға ұқсайды. Мәселен, кітабының кіріспесінде балалар
әдебиетінің алты түрлі ерекшелігін атайды. Олар - оқиға
мен кӛркем образдың нақтылығы, лиризмнің болуы,
суреттеудің
динамикалылығы,
пейзаждық
суреттің
қажеттілігі, шығарма мазмұнының белсенділікке шақыруы
және шығарма тілінің ойнақылығы, жеңілдігі мен
бейнелілігі.
С.Қирабаев, З.Серікқалиев, Ә.Тәжібаев, С.Ордалиев
А.Нұрқатов ӛз мақалаларында балалар әдебиетінің белгілі
бір сипаттарға ие болу қажеттігін балаларға арналған әр
шығарманы талдау барысында ескертіп отырады. Демек,
балалар әдебиетінің сан қилы мәселелеріне байланысты
туатын пікірталастардың барлығы да балаларға арналған
туындылардың түбегейлі зерттелуімен тікелей қарым-
қатынаста ӛрістейді. Зерттеу еңбектерінің де белгілі бір сала
проблемалары бойынша бұрын айтылған тың, пікір, ой-
тұжырымдарға иек сүйейтіні тағы шындық.
Достарыңызбен бөлісу: |