10
бәрі де «қызғылықты кітап жоқ, ал болса аз» дейді»
(17,273).
Бұл
санамаланған
қасиеттердің
бала
психологиясына тән екендігін және қызықты кітапқа деген
зәруліктің қазақ балалар әдебиетінде әлі күнге орын алып
отырғандығын ескерсек,
Саттар ой-пікірі, ескертуінің сол
кезең үшін ғана елеулі болып қоймай, қазір де үлкен мәнге
ие екендігін айрықша атап айтамыз. «Лениншіл жас»
газетінің 1934 жылғы 29 майда шыққан санында бұрынғы
Әулиеата қаласының бір мектебі оқушыларының «Бізге
кӛркем жазылған жақсы, қызық балалар кітабы мен ойын,
ӛлең, әңгімелер керек» деген ашық хаты басылады.
Саттардың жоғарыдағы «Осы уақытқа дейін біздің қазақ
жазушылары балалармен сӛйлесуді, ӛмірімен
танысуды,
балалардың пікірін білген емес. Бірақ қазақ пионерлері
жазушылар бастамаса ӛздері бастады. Ендігі міндет -
пионер қойған тілекті орындауда» деуі осы себепті. Балалар
хатына Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев және тағы
басқа ақын-жазушылар жауап береді. Мұхтар Жанғалин
екеуі бірігіп жазған орта мектептің 10 сыныбына арналған
оқу құралында «...жас жазушылардың қатарынан кӛрнекті
жазушылардың қатарына еркін қосылған талантты жазушы»
атанған Ғ.Мүсіреповке де
және тағы басқа қазақтың
кӛрнекті ақын-жазушыларына да ӛзінің «қоғамдық
борышым» деп есептеген талап-тілегін інілік ізетпен
жеткізе білуін ӛжет жастың ерлігі деп бағалауға болады.
Қазақстан Жазушыларының кӛптен күткен бірінші
съезі Алматыда 1934 жылы 12-18 маусым аралығында ӛтеді.
Съезд жүріп жатқан кезде Саттардың «Не айтар еді» атты
публицистикалық шығармасы «Лениншіл жас» газетіне
«Оқушы» псевдонимімен шығады. Бұл достық әзіл де жас
жеткіншектер үшін шығармалар жазу мәселесін кӛтереді:
«Қызық кітап керек» деп қыңқылдаған тоғыз жасар Үмітке
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
11
әкесінің берген жауабын тыңдайық: «-Қалқам, ондай кітап
жазатын
Асқар еді, соңғы кезде ол да балаларды ұмытып
барады. Сәбит, Мұхтар, Ғабиттер балаларға арнап бір кітап
жазған емес. «Бұлардан қалыспаймыз» деген кісіше Жақан,
Ғалым, Мәжит, Ӛтебай, Саматтар да балалар туралы түк
жазбай жүр. Тегі, осылар балаларды кісі деп есептеп, санға
қосқысы келмей ме екен? Әлде ұсақ, ӛнімсіз дей ме екен?»
(17,294).
Саттар әзіліне объект болғандардың ішінен Ӛтебайдың
балалар әдебиетіне қатысы жӛнінде айта кетелік.
Ӛ.Тұрманжанов балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап
жаза бастаған. Балаларға арналған «Қарлығаш» атты
кітапшасы 1930 жылы Алматыда басылып шығады. 1932
жылы «Құрыш құс» кітабы жарық кӛреді.
Жазушыларды балалар әдебиетін жасауға шақырған
Саттардың ӛзі жас оқырмандарға арнап арнайы шығарма
жазды ма деген сауал туады. «Ӛз сӛзіне лайық Саттар
Ерубаев (1914-1937) «Терек пен гүл»
дейтін әңгіме мен
«Мәңгілік ӛмір туралы» жас ұрпақтың еліктеуіне тұратын
ӛлмейтін де ӛшпейтін, әрқашан айтып жүретін жыр жазып
берді» - делінген 1976 жьшы жарық кӛрген «Қазақ совет
балалар әдебиеті» оқу құралында. 1972 жылы ӛз алдына
жеке суретті кітапша болып шықса да,
бұл жырды балаларға
тікелей арналып жазылды дей аламыз ба? Әрине, жоқ.
Себебі, ересектер үшін жазылған шығармаларды да балалар
оқуына ұсынуға болатынын ӛмірдің ӛзі дәлелдеді. Мәселен,
Горькийдің ӛзі кӛзі тірісінде «Дауылпаз туралы жыр»,
«Италия жайындагы ертегілер», «Изергиль кемпір»,
«Челкаш» және тағы басқа кӛптеген шығармаларын жас
жеткіншектер назарына ұсынған болатын.
Саттардың балаларға арнайы шығарма жазбауының бір
кілтипаны - кішкентайлар үшін шығарма жазудың
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
12
қиындығын сезінуінде және бұл жауапты іске кірісуге ӛзінің
даяр еместігін түйсінуінде деп топшылаймыз. «Ойлап, түпкі
маңызына жете түсініп алмай, кешігіп қаламыз деп шалағай
жазсақ, әрине, қарқын мен сапаны бір-біріне қарсы қойған
боламыз. [...] Құрылыстан қалмау үшін, құр қалмады деген
атақ алам деп жылдам қосылу (бұл бәрібір қалғандық)
жақсылыққа жеткізбейді, қарқынмен қабат мәселені жете
түсініп, ойланып, маңызды қылып жазу керек»(17,361).
Міне, осындай ойлардың
иесі жас Саттардың еш
дайындықсыз сыншыл да сезімтал, талғампаз қауым -
балаларға шығарма жазуға міндеттеме алуы мүмкін де емес
еді. Денсаулығының дімкәстігіне қарамастан «кӛркем
шығарма жазумен қатар, әлеумет тіршілігінің бәріне
араласып, пікірін айтып отырған» Саттардың кӛрнекті
ақын-жазушы ағаларына сыпайы тілмен «балалар әдебиетін
жасайық!» деуі олардың даярлығына кәміл сенгендігі деп
ұққанымыз жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: