6
1956 жылы Ш.Ахметовтің құрастыруымен тұңғыш рет
«Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы» жарық кӛрген
болатын. Хрестоматия 1980 жылы әдеби ӛмірдегі елеулі
ӛзгерістерге байланысты қайта толықтырылып жасалып,
екінші рет басылды. Хрестоматияның бұл басылымына
С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ӛ.Тұрманжанов,
С.Ерубаев,
М.Әлімбаев,
Б.Соқпақбаев
шығармалары
енгізілді. 2004-2005 жылдары «Қазақ балалар әдебиетінің
хрестоматиясы» қоғамдағы елеулі ӛзгерістер мен әдебиетке
қойылған жаңа талаптарға байланысты толықтырылып,
түрлі-түсті суреттермен безендіріліп, Ш.Ахметовтің 90
жылдық мерейтойына арналып үшінші рет басылады.
Хрестоматия Павлодар педагогикалық колледжі, Павлодар
мемлекеттік педагогикалық институты оқытушыларының
қатысуымен ӛңделген. Үш кітаптан тұратын хрестоматия
ішіндегі ӛзгерістер айтарлықтай. Мәселен, хрестоматиянын
екінші
кітабына
М.Ж.Кӛпеев,
Ш.Құдайбердиев,
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев,
үшінші кітабына М.Жаманбалинов, Ә.Табылдиев, М.Ғұмар,
Қ.Ыдырысов, Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов, Қ.Мырзалиев,
Қ.Баянбаев, Е.Ӛтетілеуұлы және тағы басқа кӛптеген
қаламгерлер
туындылары
кірген.
Аталмыш
хрестоматиядағы
материалдарды
оқулықтың
зерттеу
объектісі етіп пайдалануға тырыстық.
Достарыңызбен бөлісу: