Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е


Б.Бҧлқышев балалар әдебиеті жайында



Pdf көрінісі
бет7/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

Б.Бҧлқышев балалар әдебиеті жайында. 
Баубек 
Бүлқышев та Қазақстан жазушыларының II съезі 
қарсаңында жазылған «Балаларға жақсы кітаптар керек» 
мақаласында балалар әдебиетіне жеткілікті дәрежеде кӛңіл 
бӛлінбей келе жатқандығын айтады. Мақаладан Баубектің 
бала психологиясын жетік білетіндігі байқалады. Олардың 
әр нәрсеге әуестенгіш, әсерленгіш, жылт еткен құбылысқа 
ынтық кӛңілдерін тап басып кӛрсетеді. Балалар үшін үлкен 
тәрбие құралы - кӛркем әдебиет екендігін жұртшылық есіне 
салады. «Жазушылардың ішінде балалар әдебиетіне ептеп 
кӛңіл аударған Қалмақан еді. Ол да ең соңғы рет балаларға 
ӛмір бойы азық қылыңдар деп «Тәтті қауынын» тарту етті 
де, соңғы уақытта балалардан ол да қол үзіп кетті. Мүмкін, 
Қалмақан балаларға «Тәтті қауын» есейіп, ер жеткенше 
қорек етуге жетеді деп жүрген болар. Бірақ балалар бірнеше 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


13 
«Тәтті қауын» сияқты тәтті әдебиет жемістерін күтіп отыр. 
Қалмақанның мұнысына да рахмет. Басқа ақын-жазушылар 
«Тәтті қауын» түгіл балалардың әдебиет қорына бір уыс 
бүлдірген де қосқан жоқ» деп(10,378) жазады Б.Бұлқышев. 
Баубек сынына іліккен Қ.Әбдіқадыров 1930 жылдары 
балаларға арнап екі кітапша шығарған болатын. 
Қалмақанның «Тәтті қауын» әңгімесі 1933 жылы жазылып, 
1936 жылы осы атпен аталған әңгімелер жинағына енгізілді. 
Ал Баубектің мақаласы 1939 жылы «Октябрь балаларының» 
29 мамыр, №40-шы нӛмірінде жарияланды. Қалмақанның 
балаларға арналған шығармаларынан қалам қабілеті 
қарымын таныған Баубек оның үш жыл бойы үнсіз 
жатқандығына қынжылады. Дегенмен, басқа жазушылармен 
салыстырғанда оның бүлдіршінге үсынылған дүниелері бар 
екендігіне шүкіршілік етеді. Демек, Баубекті қынжылтатын 
жайт - сыншылар сынайтын балалар әдебиетінің жоқ 
екендігі. 
«...біздің 
ақын-жазушыларымыз 
балалар 
әдебиетіне кӛңіл бӛліп, балалардың тілегіне сай жақсы, 
қызықты шығармалар бере алмай келеді»- дейді(10,379) 
Баубек. Әдебиетке, әсіресе балалар әдебиетіне қатысты 
жоқ-барды қанағат еткен дұрыс емес. Мәуелі ағаштан 
жылдан-жылға мол жеміс күту - қандай заңды болса, 
әдебиеттен де жақсы туынды талап ету сондай табиғи, 
қажетті, заңды. 
«Балаларға жақсы кітаптар керек» деген мақаласы 
Қазақстан жазушыларының II съезі қарсаңында жазылса, 
«Жазушылармен әңгіме» съезд ӛткен соң жазылды. 1939 
жылы «Октябрь балалары» газетінің 12 шілде №50-ші 
нӛмірінде 
жарық 
кӛрді. 
«...Қазақстан
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


14 
жазушыларының екінші съезі(1939) әдебиеттің рухани 
жүдеушілігі жағдайында ӛтті. Онда жаңа әдебиеттің 
табыстары сӛз болмады»- дейді(33,74) С.Қирабаев съезд 
жайында. 
«Октябрь 
балалары» 
газетінің 
ұжымы 
ұйымдастырған әңгімеге Қазақстан жазушылары II съезінің 
делегаттары мен облыстардан келген ақын-жазушылар 
қатысады. 
А.Тоқмағамбетов, 
Ә.Әбішев, 
Ж.Тілеков, 
С.Машақов және тағы басқалары балалар әдебиетін 
жандандыруға қатысты ӛз ұсыныстарын айтады. Сӛйтіп бұл 
жиында 
«Октябрь 
балалары» 
газетінің 
коллективі 
пионерлер мен мектеп оқушыларының тілегіне сәйкес 
кӛркем тілді, терең сюжетті әңгімелер, қызық поэмалар, 
ертегілер, сапта жүргенде әнге қосып айтатын жақсы 
ӛлеңдер жазуды ақын-жазушыларға ұсыныс етіп қойды» 
(10,385). Бұның ӛзі Баубектің тікелей қатысуымен ӛткен 
шара, балалар әдебиетін дамытуға арналған игілікті істердің 
бірі еді. 
Қазақ балалар әдебиетінің сараланып сӛз бола бастауы 
XX ғасырдың 30-жылдарында басталса, С.Ерубаевтың, 
Б.Бұлқышевтің балалар әдебиеті мәселелеріне арнаған 
мақалалары сол тұстағы зерттеулер сапында балалар 
әдебиетінің даму ерекшелігінен қалың жұртшылықты 
хабардар етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет