107
Алсын деп керектісін ӛзі теріп,
Шиқанымды езгендей шықты жаным,
Айтқанда естігендер үғып келіп.
Шүу дегенде бұл сӛзі жанға батты.
Бұрын ондай кӛргем жоқ жаманатты,
Қайырусыз, қағусыз ӛскен басым,
Бұлқындым шу асаудай мойны қатты.
Жаны ашып, жақсы соқпақ тазалапты,
Жігерленсін, білсін деп табалапты.
Жоба кӛрмей, жүгенсіз кетпесін деп,
Қатты сӛзбен қайырып қамалапты.
- дей келіп, Абайды шын жанашырым деп ұғады.
Шәкәрімнің «Абай марқұм ӛткен соң ӛзіме айтқан
жырларым» деген ӛлеңі(1912) элегия сарынында жазылған.
Естінің сӛзін ұқпас ортада ӛз жалғыздығын сезінуден,
торығудан, Абайды сағынудан туған ӛлең. Ӛлеңнен Абайға
мұңын шағып, шерін тарқатып тұрған Шәкәрімді кӛргендей
боласың.
Достарыңызбен бөлісу: