Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е


ІҤ БӚЛІМ XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР



Pdf көрінісі
бет45/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

ІҤ БӚЛІМ
XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР 
ӘДЕБИЕТІ
1 тарау. ДӘСТҤР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
XX ғасыр басындағы жазба әдебиеті XIX ғасырдағы 
қазақ әдебиетіндегі дәстүрлерді дамытты және ӛз ӛрнегін де 
тапты. XX ғасырдың басында «Оян, қазақ!» деп жар сала 
келген жазба әдебиетімізге ӛз мақсатын жүзеге асыру үшін 
тың түрлер, жаңа жанрлар қажет еді. Ӛзге шығармаларды 
аудара отырып, дүниежүзілік жазба әдебиетте бар озық әдіс, 
тәсілдерді игерді, тӛл әдебиетімізді жаңа жанр, соны 
түрлермен молықтырды. Қазақ аудармашылары кӛбіне 
мысал жанрында аударуға ден қойды. Қалам иелері мысал 
жанрында кӛкейдегі ойды жеткізу әлдеқайда жеңілірек, 
әлдеқайда тиімдірек болатынын түсінді. А.Байтұрсыновтың 
«Қырық мысал» (1909), С.Кӛбеевтің «Үлгілі тәржіма» 
(1910), 
Б.Ӛтетілеуовтің 
«Жиған-терген» 
(1914), 
С.Дӛнентаевтың «Уақ-түйек» (1915) жинақтарындағы 
мысалдар ел бойын жағымсыз мінез-құлықтан арылту 
мақсатын кӛздеді. 
Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» үлгісін 
ұстанған оқулықтар ретінде С.Кӛбеевтің «Үлгілі бала» 
(1912), Т.Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» (1912), 
М.Дулатовтың «Қирағат» (1924) жинақтарын айтуға 
болады. 
Балаларға арналған ӛлеңдердің жеңіл, ойнақы ұйқасқа 
құрылу ережесі XX ғасыр басындағы қазақ балалар 
әдебиетінде қатаң орнықты. Қазақ ақын-жазушыларының 
қатары бұл тұста, әсіресе, ағарту саласында істеп жүрген 
мұғалім, тәрбиешілермен недәуір толықты. Сол дәуірдің, ӛзі 
ӛскен ортасының дәрежесінде алғанда біраз білімі бар 
мәдени қайраткер және тәжірибелі мұғалім Т.Жомартбаев 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


104 
әдебиетке осы тұста келіп қосылды. Оның «Балаларға 
жеміс» атты еңбегі 1912 жылы Семейдің «Ярдам» 
(«Жәрдем») баспасынан жарық кӛрді. Арманы жастарды 
білімге ынталандыру болғанын ақын «Балаларға ӛнеге» 
деген ӛлеңінде ашып айтады. 
Б.Ӛтетілеуов те - Абай, Ыбырай шығармаларын жас 
буын тәрбиесіне кең пайдаланған алғашқы ұүстаздардың 
бірі. Шәкірті Ғ.Мүсірепов «Ол кейде сабақ біткеннен кейін 
оқуға, білімге шақыратын әңгімелерді айтады. Кӛбінесе ӛзі 
аударған Крылов мысалдарын айтып береді. Абай, Ыбырай 
шығармаларын оқиды. Не түсінгенімізді сұрайды» - деп 
жазды. Аударма жасауда Абайдан кӛп үйренген. Оның Абай 
аударған И.А.Крыловтың «Қарға мен бүркіт», «Піл мен 
қанден» мысалдарын, А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» 
романынан үзінділер аударуы тегін емес. 
XX ғасырдың бас кезінде балаларға арналған әдебиет 
жанрлары ӛсті. Солардың ішінде балалар поэзиясының да 
салмағы артты. Оны біз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 
ағартушылық мақсатта туған ӛлеңдерінен, Спандияр 
Кӛбеевтің «Үлгілі бала», «Үлгілі тәржімә» кітаптарындағы 
ӛлең, әңгіме, аудармаларынан, Сәбит Дӛнентаевтың тӛл 
мысалдары мен сатиралық ӛлеңдерінен кӛреміз. 
XX 
ғасыр 
басындағы 
түрлі 
бағыт 
ӛкілдері 
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев дәстүрлерін берік ұстанды. 
Ыбырай ӛлеңдері мен әңгімелерінің ықпалы әрқайсысының 
шығармаларынан байқалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет