101
түсініктер беретінін қаттты сынады.
Ыбырай шариғат сүрелерін ана тілінде түсіндірді.
Оларды ӛмір тіршілігімен,
адам тәрбиесімен тығыз
байланыстыра талдады. Діни терминдердің мән-мағынасын
ашуға зер салды. Кітап тӛрт бӛлімнен тұрады. Бірінші
бӛлімде иман туралы айтылады(иман дегеннің не екені,
құдайдың бірлігі, Мұхамбет
оның елшісі екендігін қалай
тану керек екендігі кӛрсетіледі). Екінші бӛлімде құдайға
құлшылық ету, намаз оқу, ораза ұстау, кедейлерге садақа
беру(зекет) беру және
жалпы қайырымдылық істер істеу,
қажыға бару кӛрсетілді, оқылатын аяттар қосылды. Үшінші
бӛлімде адамгершілік жайы кӛрсетілді. Тӛртінші бӛлімде
арабша аяттар қазақ тіліне аударылып берілді. Ағартушы
ғалым адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен
терең орын алмаса, ол әсерлік,
тәрбиелік нәтиже бермейді
деген тұжырым жасайды. «Сонымен, бірінші жағынан,
халықтың ӛз дінін білу жӛніндегі талабын, бұл талапты
ешбір шарамен тоқтатуға болмайтынын еске ала келіп,
екінші жағынан, осылай болған соң, қазақ жастарына, ӛзінің
ана
тілінде жазылған, мұсылман дінінің негізгі рухына
толық сай, дін оқытуға негізгі құрал бола алатын оқу
құралын жасап берудің қажет екендігін еске ала келіп,
мұның үстіне, мүмкін
болғанынша, біріншіден, қазақ
жастарының дін жӛніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп
кетпеуі үшін, ал, екіншіден, қазақтың
жазба тілінде татар
тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үш(бұл- қазақтарды
татарландыруды ең сенімді тәсілдерінің бірі ғой) мен соңғы
кезде Мұхамббет шариғатын үйрене бастап, осыған қоса
жіберіліп отырған оқу құралын құрастыруға кірістім».
Достарыңызбен бөлісу: