100
ренжитінін
тәжірибемнен
білемін».
Дегенмен
де,
Ы.Алтынсарин И.А.Крыловтан екі мысал аударған. Олар -
«Егіннің бастары» және «Қарға мен түлкі» мысалдары.
И.А.Крылов мысалындағы салған жерден айтылатын
мораль Ы.Алтынсариннің «Қарға мен түлкі» мысалында
жоқ. Түпнұсқа қарғаның ірімшік тауып алуынан басталса,
аударма аш түлкінің тамақ іздеп, жортып келе жатуынан
басталады. «Абайдың И.А.Крыловтан аударған «Қарға мен
түлкі» мысалы мазмұны мен стилі жағынан түпнұсқаға
мейлінше жақын болып келетін болса, Алтынсарин осы
ӛлеңді Абай секілді 7-8 буынды жыр үлгісімен емес, 11
буынды қара ӛлең дәстүрінде аударған. Ол Крыловтың
«ангельский голосок» деген тіркесін «сӛзің күміс, алтын»
десе, енді бірде «сандуғаш, бұлбұлдарды кӛріп едім» деп,
қазақ ұғымына жақындатып алады».
Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин аудармасы бала ұғымына
жақындау. Бұнда сыншылдықтан гӛрі әңгімелеу сипаты
басым. Хайуанаттар жайындағы ертегінің ӛлеңмен
жазылған түрі сияқты қабылданады. Абай мысалдарындағы
ызалы кекесін, қаһармандар мінез-құлқына қатысты баға,
оқиға ӛрбуіне байланысты болжам Ыбырай шығармасынан
байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: