Ӛлеңдері.
«Қазақ
хрестоматиясы»
ақынның
ағартушылық мақсатта жазған екі ӛлеңімен ашылды. Автор
оларды «Сӛз басы» деген атпен кітаптың алғашқы
беттерінде жариялады. Ыбырай бұл ӛлеңдерінде қазақ
жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрін меңгеруге
шақырды. «Кел, балалар, оқылық!» ӛлеңі - ӛлең-білімнің
пайдасын түсіндіретін ӛлең. Ӛлең алғашында «Бір құдайға
сыйынып» деп басталған болатын. Кеңес идеологтарының
араласуымен бұл жол кеңестік дәуірде түсіріліп тасталған
болатын. Хрестоматияның соңғы басылымында(2003)
түзетілді. Ыбырайдың түсінігінде «бір құдайға сиынып
барып» оқуға кірісу ӛз нәтижесін бермек. Сол себепті сӛз
басын «бір құдайға сиынып, кел, балалар, оқылық!» деп
бастайды. Оқу білген адам бір жаратқан иені танығын
үстіне тани түседі деген ой ӛлең соңында берілген:
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды.
Құдайды танымаса, құдайға ұнамауы кәдік. Құдайға
ұнамаған жанның осыған дейінгі істеген ісінің бәрі бос
әрекет болуы мүмкін деген ой «Танымаған құдайды
неғылғанда ұнайды» дегеннен қылаң береді.
Баланы құдайдан сұрау - халықтың ауыз әдебиеті
үлгілерінен, әсіресе, ертегілер, батырлар жырынан келе
жатқан дәстүр. Баланың ӛнегелі болып ӛсуіне бесік жыры,
тұсау кесу жырында қандайлық мән берілетін болса, бұл
ӛлеңде сол ата-ананың тілегіне сондайлық мән беріледі.
Шырағым адам болғай деп,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
90
Ата-енең жылайды.
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.
Ата-ана құдайдан қайырсыз ұл сұрамайды, ӛз үмітін
ақтайтын ұл сұрайды. Әйтпесе, бала сұрап несі бар дейді
ақын. Автор баланын жанды жеріне дӛп тиетін сӛзді тауып
айтады. Күндердің күнінде ата-ананың қартаятын күні туар.
Қартайған ата-ана мал табуға қауқарсыз. Осы кезде
сүйенетінің оқумен тапқан білімің болмақ. Демек,
тұрмыстың жақсаруы үшін оқу керек.
Ендеше, балаға жүктелетін міндет үлкен. Сол міндетті
атқару үшін оқуға кірісу керек деген автор ойы айқын.
«Кел, балалар, оқылық!» ӛлеңі - Ыбырай ӛмір сүрген
дәуірдің рухына, шындығына толы. Ӛлең құндылығы -
қазақ қоғамының сол дәуірдегі ӛмір шындығынан кӛрініс
бере алатындығы. Ақын ӛзінің идеясын оқушыға қазақ
тұрмысындағы белгілі жағдайлар арқылы жеткізуді
кӛздейді. Мал байлығы мен білім байлығын қатар
салыстырады. Малдың «жұтқа» ұшырауы сияқты қазақ
ӛміріндегі апаттарды суреттейді. Ӛлеңнің екінші құндылық
жағы - оның халық дәстүрі, халықтың ұғым ӛлшемі
негізінде жазылғандығы. Бұл жағдай ӛлеңнің халық арасына
оңай және тез сіңісуіне мүмкіндік туғызған фактор ретінде
кӛрінеді.
Оқу үшін қандай қасиетке ие болу керек екендігін
бұрынғыдан жеткен нақыл сӛздермен түсіндіреді. Бірде
«Аяңшыл ат арымас, білім деген қарымас» немесе
«білмегенді білуге есті бала тырысқан, есер бала ұрысқан»,
«надандықтың белгісі - еш ақылға жарымас» деп халықтық
түсінікпен тұжырса, енді бірде «жӛн білмеген наданға
қыдыр-ата дарымас», «оқу білген адамдар май тамызған
қылыштан» деп ӛзіндік қорытынды жасайды. Еңбектің
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
91
нарқын қазіргі күні нақылға айналып кетіп отырған
тӛмендегі мына шумақ танытады:
Сиса кӛйлек үстіңде
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Ӛнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Ӛлең әр дәуір ұрпағын тәрбиелеуге үн қосып келе
жатыр. Білім-ғылымнан, ӛнерден алыс жаткан қазақ
балаларына осы тәріздес үгіттік, ұрандық мәні бар ӛлең оқу
ол дәуір үшін тың жаңалық еді. Ӛлеңнің «Кел, балалар,
оқылық!» деп қайталанып отыратын үш тармағы ойды
бекітіп, оның үгіттік әсерін арттыра түседі.
Ыбырайдың «Ӛнер-білім бар жұрттар» ӛлеңі «Кел,
балалар, оқылық!» ӛлеңінің жалғасы тәрізді. Ӛлеңде
ғылымның жетістіктерін мадақтайды, мәдениетті елдің озық
салтын баяндайды. «Ӛнер-білім бар жұрттар» ӛлеңінде
ғылым мен техниканың сол кездегі ең басты жаңалықтары
толық баяндалады. Жалпы ӛнерге уағыздау ертедегі
жыраулар поэзиясынан келе жатқан дәстүр болғанымен,
соның айқын кӛрінісін XIX ғасыр жыраулар поэзиясынан да
байқауға болады. Ы.Алтынсариннің тұстасы, ақын, жырау
Майлықожа Сұлтанқожаұлы(1835-1898) «Ілімге толса
кӛкірек» толғауында
«Жігіттің кӛркі - ӛнері»
Жақсылардан шыққан сӛз
Алтынды-гауһар бедерлі.
- дейді. Ал Ыбырай болса
Біз надан боп ӛсірдік
Иектегі сақалды.
«Ӛнер - жігіт кӛркі» деп
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
92
Ескермедік мақалды.
- деп жырлайды. Ӛлеңде ғылым мен техниканың соны
жаңалықтарын баяндау және балаларды жаңалыққа
ұмтылуға уағыздау бар. Демек, уағыз жалаң емес. Мұнда
баланың кӛңілін сендіргеннен кейін айтылатын үгіт «Біз де
бекер жатпалық, осыларға таныспай» немесе «жасӛспірім
достарым, қатарың кетті-ау алысқа-ай, ұмтылыңыз
қалыспай» түрінде келіп, жеткіншектерді намысқа
шақырады.
Ыбырай ақындығының тағы бір жаңашылдық сипаты
оның тӛл әдебиетімізге хат үлгісінде жазылған ӛлең түрін
әкелуінде десек қателеспейміз. «Қазақ хрестоматиясы»
кітабының «Балалар туралы ұсақ әңгіме-ертегілер» деген
бӛлімінде оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары
берілген. Бұл хаттарды оқудағы бала ауылдағы атасы мен
әжесіне, ағасына, досына жазады. Ең алдымен атасының
немересіне жазған хатымен(«Балғожа бидің баласына
жазған хаты») танысып кӛрейік:
Үміт еткен кӛзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін құдайтағаллам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа кӛңіл берсең басыларсың;
Ата-анаңды ӛнер білсең асырарсың,
Надан боп, білмей қалсаң аһ ұрарсың.
Енді немересінің атасына қайтарған жауабын оқиық;
«Қамқор, дуагӛй атам мен әже, сіздерге ықыласты
сәлемдерімді жолдап қаламын. Ӛзім сіздердің оң
баталарыңыздың арқасында сау-саламат бармын. Ӛткен
поштадан
жіберген
сәлем
хатыңызды,
азын-аулақ
ақшасымен жолығып алдым. Ықыласыммен құдай-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
93
тағаладан тілеймін, сіздердің еңбек қамқоршылығыңызды
бізге де қызметімізбен ӛтеуге жазғай еді деп.
Ата, сіз әрқашан ақыл айтушы едіңіз: «балам, алаң
болмай, ұстаздарыңның айтқанын орнына келтіріп, берген
сабақтарын толық үйреніп, білуге тырыс» деп, мен ол
сӛздеріңізді ұмытқаным жоқ. Оқыған оқуымыз турасында
бұл күнде ұстаздарымыз сонша разы және де ең жақсы
оқыған балалардың есебіне қосып, жазып қойды». Оқудағы
балалардың үйіне жазған хаттары - қазақтың жазба тіліндегі
эпистолярлық жанр үлгісі.
Ы.Алтынсарин ана тақырыбындағы ӛлең түрін де туған
әдебиетімізге енгізді. «Бұл кім?» ӛлеңінде бар мейірімін
баласына арнайтын ана бейнесі оның нәрестесі үшін атқарған
қамқорлық істері арқылы нанымды беріледі.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын тӛрт бӛліп
Түнде бесік таянған.
Үш шумақ ӛлеңнің алғашқысының ӛзі-ақ «бұл ана»
дегізеді. Ананың балаға жасар қамқорлығын санамалап
тауысу мүмкін емес.
Аялы қолда талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Суық болса жӛргегін,
Қорғасын оқтай балқытқан.
Ақын ананың тек іс-әрекетін ғана береді. «Анаң
қамқоршың, жанашырың, сондықтан сен оны сүй, құрмет
тұт!» деген уағыз жоқ. Бірақ ананың бірден-бір қамқоршы
екеніне бірден сенесің, кеудеңді оған деген шексіз ризашылық
пен құрмет сезімі кернейді.
Айналасына ас қойып
Изені кӛлдей шалқытқан.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
94
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі кӛйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Ӛлең ананың баласын үйықтату, тамақ беру, күту, мәпелеу
әрекеттеріне құрылған. Бұл тұрғыда бесік жырын, уату-
алдарқату жырларын, түсау кесу жырын, мәпелеу жырларын
айтатын қазақ әйелінің бейнесі еріксіз еске түседі. Бала күтімі
жӛніндегі халық түсініктерін қайыра әкеп жүрегімізге
ұялатады. Кез келген баланың жаттауына оңай, ұғымына жеңіл
тиетін ойнақы ӛлең түрін Ыбырай ана арқылы ұсынған. 6,7, 8
буын аралас келетін ӛлең.
Ыбырай сұлу суретті табиғат лирикасын жасады. Ыбырай
табиғатты жалаң алып, ӛмірден оқшау жырлаған жоқ.
Табиғатты
адам
ӛмірімен
байланыстыра
жырлады.
Ыбырайдың табиғат туралы ӛлеңдері реалистік суреттермен
ерекшеленеді. «Жаз» ӛлеңінде табиғат кӛрінісін мал баққан
шаруаның тұрмысымен ұштастыра баяндайды, кӛшпелі елдің
ӛміріне сай сурет жасайды. Жазғы уақытты халықтың кӛтеріңкі
кӛңіл-күйімен ұштастыра жырлайды. «Жаз», «Ӛзен» ӛлеңдері
халықтың 11 буынды қара ӛлеңінің ұйқасы негізінде жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |