Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет35/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

Абай мысалдары
Абайдың аударма мысалдары алғаш 
рет 1909 жылы Санкт Петербургте «Қазақ ақыны Ибраһим 
Құнанбайұғылының ӛлеңі» атты жинақта жарияланды. Абай 
аударма мысалдарымен қатар А.Байтұрсыновтың «Қырық 
мысал» (1909), бір жыл кейін С.Кӛбеевтің «Үлгілі тәржіма» 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


82 
(1910), тӛрт-бес жыл кейін Б.Ӛтетілеуұлының «Жиған-
терген» 
(1914), 
С.Дӛнентаевтың 
«Уақ-түйек»(1915) 
жинақтары жарық кӛрді. 
1986 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан екі томдық 
шығармалар жинағының екінші томында Абайдың 
И.А.Крыловтан аударған 13 мысалы берілген. 1995 жылы 
шыққан 
қостомдықта 
Абайдың 
И.А.Крыловтан 
аударғандары деп 12 мысал кӛрсетілген. 
Абайдың Крыловтан аударған мысалдарының бірі - 
«Шегіртке мен құмырсқа». Крылов бұл мысалды 
Лафонтеннен алған. Крылов мысалы 30 жолдан, аударма 36 
жолдан тұрады. 8, 9 буынды а, б, в, б үлгісімен жазылған. 
Бірінші шумақ жаз қызығын қуған шегіртке тірлігін 
баяндауға арналады. 2, 3, 4, 5-шумақтарда күз бен қыстың 
бейқам жан шегіртке сорлыға қолайсыздық әкелгендігі 
баяндалады. Шегіртке жаз бойы еңбек еткен құмырсқаға бас 
ұрып «қарағым, жылыт, тамақ бер, жаз шыққанша асыра!» 
деп жалынады. «Жаздай не бітірдің?» деген құмырсқа 
сауалына «Ән салудан қолым тимеді» дейді шегіртке. 
Қайтсін, қолы тимепті, 
Ӛлеңші, әнші есіл ер! 
Ала жаздай ән салсаң, 
Селкілде де, билей бер! 
Құмырсқаның үні ӛктем, үкімі кесімді. Абай Крылов 
мысалындағы инеліктің орнына қазақ оқырманының 
ұғымына жақын шегірткені алған. Абай И.А.Крыловтың 
«Қарға мен түлкі» мысалын 2 нүсқа етіп аударған. 
Аударманың бірінші нұсқасы 47 жолдан тұрады. 6, 7, 8, 10 
буынды аралас ұйқас үлгісінде келген. Мысал кӛлемі 
түпнұсқада 26 жол. «Қарға мен түлкі» аударма мысалының 
бірінші нұсқасы тӛмендегідей кіріспе сӛзден басталады. 
Жұрт біледі, күледі, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


83 
Сұрқия тілдің жаманын, 
Қошеметшілердің амалын. 
Сонда да солар қайда жоқ? 
Ептеп айтса, ересің, 
Артынан ӛкінсең де пайда жоқ. 
Содан кейін барып кіріспе сӛздегі ойға қатысты оқиға 
басталады. Қарға тауып алған ірімшігін жеп, аллаға 
шүкіршілік қылмақшы болады. Олжалы қарғаны кӛзі 
шалған түлкі оны тәтті тілмен алдай бастайды. Қарғаның 
мойны мен кӛзі, тұмсығы мен жүні - жалпы кӛркі 
мақталады. 
Осы кӛрікпен, бұл жүнмен, 
Әншілігің білінді, 
¥ялмай, қалқам, бір сайра, 
Біз де алалық үлгіні. 
Құс тӛресі біздерге 
Сіз боларсыз бір күні! 
Бұл мақтау түлкі тілегін қабыл алмасқа еш мүмкіндік 
қалдырмайды. Ән салмаққа ыңғайланып аузын ашқан қарға 
ірімшігінен айрылып тынады. 
«Қарға мен түлкі» аудармасының екінші нұсқасы 57 
жолдан тұрады. 6-7 буынды аралас ұйқас үлгісімен 
жазылған. 
Аударма 
ӛлеңнің 
бірінші 
нұсқадан 
айырмашылығы, бұнда оқиға бірден баяндалады. Автордың 
мысал кейіпкерлеріне деген бағасы, айталық, іштартуы мен 
жек кӛруі, немесе оқиғаға қатысты бағасы, болжамы ұдайы 
сезіліп отырады. Мәселен, тауып алған ірімшігін ағаш 
басында отырып асықпай жемек болған қарға әрекетін автор 
бірден далбасалық деп табады. 
Жем іздеген бір түлкі 
Кездей келді сорына! 
Автордың түлкіге деген жеккӛрініш сезімі мына шумақтан 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


84 
байқалады: 
Жуасып, жабырқап, 
Таң қалып, таңырқап, 
Қарады жүзіне. 
Қарашы залымның, 
Бұл жұртқа мәлімнің 
Алдаған сӛзіне! 
Бұл мысалда да қарға кӛркі мақталады. «Алыстан бір 
ӛзіңді іздеп келдім. Бір ән салып берші, құмарым 
тарқасын» дейді түлкі. Мақтауға есіріп аузын ашқан
қарға ірімшігінен айрылады. 
Антұрған, 
Сол тұрған 
Жеріңде бол күлкі! 
- деп автор мысал соңын ызалы кекесінмен аяқтайды. 
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» ӛлеңіндегі бес кеселдің 
бірі - мақтаншақтық. Залымдық жӛнінде отыз сегізінші 
сӛзінде жеріне жеткізе айтқан болатын: «Залымдық - адам 
баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, 
адамнан бӛлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына 
қосылады». 
Абайдың «Емен мен шілік» мысалы емен мен шіліктің 
жауаптасуларына құрылған. Алғашқы тӛрт шумағында 
емен шілікті мейлінше жазғырып сӛгеді. Оны бейшара
сорлы деп таниды. Бейшаралығың аллаға жазықты 
болудан дейді. Шілікке анық менсінбеушілік танытады. 
Тырп етпес менің күшім жауын, желге, 
Жапырағым кӛлеңке талай жерге. 
Иығыма сені де алып қорғар едім, 
Иең сені бітірген иен дӛңге. 
Ақын шілік жауабына екі шумақ қана арнайды. Шілік 
ӛз жауабын қысқа қайырады, тірлік мәнін және 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


85 
тәкаппарлықтың қатерлілігін бір-ақ ауыз сӛзбен береді. 
Бүгінгі аман бола ма үнемі аман? 
Кердеңдікпен деп тұрсың не бар маған. 
Шалқақтық иілмейтін кімге жаққан, 
Екпінге ерегіссең, қатер саған. 
Ақыры тәкаппарлық еменнің түбіне жетеді, ал бас 
үрған шілік аман қалады. Абайдың «Есек пен бұлбұл»
аудармасы 28 жолдан тұрады. Бастапқы 6 шумағы 11 
буынды, жетінші шумағы 7 буынды ӛлең ұйқасымен 
кестеленген. И.А.Крылов ӛлеңінің кӛлемі 29 жол. Есектің 
бұлбұлға айтқан ӛтінішінде оның даңқынан хабардар 
екендігі білінеді. 
Сенбісің ақын бұлбұл, жаңа кӛрдім, 
Атыңа жұрт мақтаған құмар едім. 
Бір сайрап берсең, қалқам, ӛзім естіп, 
Рас па екен жұрттың ӛзі, сынар едім. 
Бұлбұлдың әні жан біткенді таңырқатады. Жан 
атаулыны мың күйге салып толқытады. Қой да, қойшы да 
тапжылмай тыңдайды. Жел де соқпай, құс та шуламай тына 
қалады. Есектің «сен біраз әтеш әнін үйрен» деген сӛзі 
кӛпшілік бағасына қарсы харекет. Жұрт мойындағанды 
мойындамау білімсіздік, топастық. Абай ӛз ойын тӛрт 
жолмен түйіндейді: 
Демеймін жұрт мақтасын, 
Я жақсын, я жақпасын. 
Сүйтсе де мұндай сыншыдан 
Құдайым бізді сақтасын. 
Абай «отыз сегізінші» сӛзінде күллі адам балсын
қор қылатын үш нәрсенің бастапқысын надандық, 
екіншісін еріншектік, үшіншісін залымдық дегенді айтқан 
болатын. «Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден 
еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


86 
хайуандық болады». 
Абайдың «Қарға мен бүркіт» аударма ӛлеңі 41 жолдан 
тұрады. 6-8 буынды аралас ұйқас үлгісімен кестеленген. 
Аспаннан сорғалап келіп қозыны іліп әкеткен бүркітті кӛріп 
қарға желігеді. Қозыны менсінбей қошқарға жабысады. 
Кешікпей қарғаның бүркіттей емес екені білінеді. Тырнағы 
қошқардың жабағысына шықпастай болып ілінеді. 
Тәкаппарлық, мақтаншақтық, ойсыздық, білімсіздік құдайға 
жақпайды. Сондықтан 
Әддін білмес шіркінді 
Құдай әбден қарғады. 
Кұдайдың қарғысына ұшыраған қарға мүшкіл халге
түседі. Қойшылар қарғаны ұстап алып, қанат, құйрығын
қияды. Аяғына жіп байлап, балаларға ойынға береді. 
Абай аударма мысалының соңы бұйрықтық мағынада 
ызалы күйінішке толы түйінде келеді. Кұдай қарғысы 
түрінде қабылданары хақ. 
Азат басың болсын құл, 
Қолдан келмес іске ұмтыл! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет