Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е


III БӚЛІМ XIX ҒАСЫРДАҒЫ БАЛАЛАР



Pdf көрінісі
бет31/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

III БӚЛІМ XIX ҒАСЫРДАҒЫ БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІ 
1 тарау. МАХАМБЕТ ӚТЕМІС¥ЛЫ 
Ӛлең-жырлары.
Махамбет бойындағы күш-қуатын 
елдің бостандығы мен тәуелсіздігі жолына жұмсады. Әр 
уақытта да әділетсіздікке қарсы шығу үшін жалынды жүрек, 
берік сенім керек. Жалғандық пен жауыздықты әшкерелеу 
тек ерлердің қолынан ғана келген. Сондай ерлердің бірі - 
Махамбет. Махамбет - халқын сүйген ақын. Оның ӛлеңі - ел 
сүюдің үлгісі. Махамбет шығармалары жеткіншектерді 
табандылыққа, қайсарлыққа тәрбиелейді. Махамбет ақын - 
ерлікке үндейтін жалынды үгітші. Махамбет - ӛз стилі, 
ӛзіндік ӛлең құрылысы, тіл ӛзгешелігі бар ақын. Ақын 
ӛлеңдерінде терең ой, нәзік сезім және саяси ӛткірлік 
үштасып жатыр. Бұл қасиеті ақын ӛлеңінің құрылысы мен 
түріне әсер еткен. Махамбет жырлары ӛзінің екпінділігімен, 
ырғақтылығымен ӛзгешеленеді.1837 жылы қазан айының 
аяқ кезінде Исатай хан Ордасын 3500 қолмен қамайды. Хан 
он күн мұрсат сұрайды. Махамбеттің хан алдауына кӛнбеу 
жӛніндегі кеңесін Исатай тыңдамайды. Сол аралықта 
Орынбордан подполковник Гекке әскері келеді. 
Қарауылқожа қолымен қосылып, Исатай әскерін Бегетай 
құмында, Тастӛбе деген жерде
 
жеңеді. Махамбеттің Исатай 
сӛзі ретінде айтылатын «Әй, Махамбет жолдасым» деген 
ӛлеңі бар. Ӛлеңде Махамбет Исатайдың хан Ордасын
шабудан тоқталып қалып, зор сәтсіздікке ұшырағанын 
айтады. 
Қырық бір жасқа келгенде, 
Ӛз дегенім болмаса, 
Ӛзгенің тілін алмаған, 
Кісі ақылы қонбаған, 
Қанша айтса да болмадым, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


66 
Сӛзіңе құлақ салмадым. 
Бұрала біткен емендей, 
Қисық туған сорлы ағаң, 
Хан сӛзіне сенгенім, 
Он күн мұрсат бергенім. 
Әскерімді таратып, 
Он бір күнге қаратып, 
Бекетай құмға келгенім 
Исатай 40 кісімен Жайық ӛзені қатқанға дейін Нарын 
құмында қашып жүреді. Желтоқсанның он екісінен он 
үшіне қараған түнде Жайықтың бергі бетіне ӛтпекші 
болады. Ӛзен бойындағы отряд оқ атады. Исатай әскері аз 
шығынмен ӛтіп кетеді. Жайықтан ӛткеннен кейін боран 
үдейді. Исатай бастаған қол ел таба алмай далада түнейді. 
Түні бойы қар жамылып, мұз тӛсеніп, ұйқысыз шығады. 
Сарбаздар ішінен әлсіздік танытқандары болады. Оларға 
күрес 
болашағы 
бұлдыр 
кӛрінеді. 
Сарыуайымға 
салынушьшардың бетін қайтару үшін Махамбет «Ереуіл 
атқа ер салмай» ӛлеңін сол жерде шығарыпты деседі. 
Ереуіл атқа ер салмай, 
Егеулі найза қолға алмай, 
Еңку-еңку жер шалмай, 
Қоңыр салқын тӛске алмай, 
Тебінгі терге шірімей, 
Терлігі майдай ерімей
Алты малта ас болмай, 
Ӛзіңнен туған жас бала 
Сақалы шығып жат болмай, 
Ат үстінде күн кӛрмей, 
Ашаршылық, шӛл кӛрмей, 
Ӛзегі талып ет жемей, 
Ер тӛсектен безінбей, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


67 
Ұлы түске ұрынбай, 
Түн қатып жүріп, түс қашпай, 
Тебінгі теріс тағынбай, 
Темір қазық жастанбай, 
Қу толағай бастанбай 
Ерлердің ісі бітер ме? 
Исатай соғыста қаза табады. Махамбет1841 жылы 
ұсталып, Орынборға жӛнелтіледі. «Баймағамбетке айтқан 
сӛзі» осы тұста, Орынборға айдалып бара жатқанда 
айтылған тәрізді. 
Еділдің бойы ен тоғай 
Ел қондырсам деп едім. 
Жағалай жатқан сол елге, 
Мал толтырсам деп едім. 
-деп арманын ашық айтады. «Баймағамбет сұлтанға 
айтқаны» ӛлеңінде Махамбет Исатай қозғалысының екі 
түрлі мақсаты болғанын айтады. Бірі - хан билігін жою
екіншісі - бұқара мұқтажын ӛтеу. «Еңсесі биік ақ орда, 
еріксіз кірсем деп еді, керегесін кескілеп, отын етсем деп 
едім» дейді ақын. «Хан керегесін отын етемін» деу - 
батырлар жырындағы сарын. Махамбет кӛтерілістің екінші 
мақсатын былайша суреттейді: «Еділдің бойы ен тоғай, ел 
қондырсам деп едім, жағалай жатқан сол елге мал 
толтырсам деп едім». Хан Ордасын бұзу - саяси талап, ал 
қоныс, жер-су, мал үшін күресу - экономикалық талап. Ӛз 
кезеңі үшін бұл талаптардың мәні аса зор болды. 
Ақын ӛлеңдерінде эпостық баяндау сарыны бар. Ол 
жалынды 
лирикамен 
араласып 
келеді(«Баймағамбет 
сұлтанға айтқаны»). Махамбет ӛлеңдері әлеуметтік 
сарындағы саяси-үгіттік лирикаға да ұласады. («Ереуіл атқа 
ер салмай»). Ӛлеңдерінің кӛбі дерлік жоқтау сарынында 
айтылады. Бұл құбылыс Исатай қаза тапқаннан кейін
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


68 
туған ӛлеңдерінен байқалады(«Тарланым», «Тайманның 
ұлы Исатай»). Кейбір ӛлеңдерінде Махамбет ӛмірді 
философиялық бағытқа негіздеп, ӛз ұғымын баяндайды. 
Олар риторикалық сұрақтармен де айтылады(«Қоғалы 
кӛлдер, қом сулар»). Ақын ӛлеңдерінде кӛңіл-күйді 
кӛрсететін элегиялық лирика біраз орын алған(«Қызғыш 
құс»). Ақын ӛмірінің соңғы кезеңін қуғында ӛткізді. Сол 
кезеңдегі ӛлеңдерінен ақынның қасіретке бӛленген мұңды 
жаны танылды. Ақын кӛңіл-күй лирикасының озық 
үлгілерін туғызды. Махамбет жыр ағымымен суырып салма 
түрде толгаған ӛлеңдерін кӛтеріліс кезеңінің жағдайына 
бейімдейді. Сондықтан, оның ӛлеңдері 7 буынды, 7 және 8 
буын аралас түрде жасалған. Ал 11 буынды тек бір ғана 
«Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай» деген ӛлеңі бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет