Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет41/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

Аудармалары.
Оқулыққа енген кӛпшілік шығармалар
Ыбырайдың 
ӛзі 
атап 
кӛрсеткендей, 
Паульсонның 
хрестоматиясынан алынды. Олар: «Асыл шӛп», «Бақша 
ағаштар», «Шеше мен бала», «Мейірімді бала», «Дүние 
қалай етсең табылады», «Әдеп», «Мұжық пен жасауыл», 
«Сақып» және т.б. Л.Толстойдан аударған әңгімелері: 
«Силинші деген ханым», «Малды пайдаға жарату», 
«Мұңсыз адам», «Айуанның естісі кӛп, бірақ адамдай толық 
ақылы жоқ», «Жамандыққа жақсылық», «Данышпан қазы», 
«Үш ұры» т.б. Ушинскийден аударған әңгімелер: «Полкан 
деген ит», «Түлкі мен ешкі», «Үнді» т.б. 
Ыбырай кӛркем аударманың мүмкіндіктерін ашты. 
Оның аударма әңгімелері тым жатық, қазақтың тӛл 
туындысындай оқылады. Жазушы ӛзі аударған әңгімелерге 
ӛзіндік идея, ӛзгеше ӛң береді. Кейбір әңгімелердің ұзын-
ырғасын түгел сақтамай, олардағы түйінді мәселелерді ғана 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


96 
жинақтап, қысқартып баяндайды. Мәселен, Л.Толстойдың 
«Петр I и мужик» әңгімесі екі шағын бӛлімнен тұрады. 
Біріншісінде Петр патша жолдан адасып жүріп, ағаш шауып 
жатқан мұжыққа тап болады да, біраз әңгімелеседі. Екінші 
бӛлімде мұжық патшаны орманнан алып шығып, жол 
кӛрсетеді. Алтынсарин ӛз әңгімесіне бірінші бӛлімдегі 
оқиғаны ғана ӛзек етіп алады және тұтастай емес, ӛз 
пайымына қарай ыңғайлап алады. Толстой әңгімесіндегі 
мұжық ақшасын үшке бӛледі, бірінші бӛлігімен әке-
шешесіне қарызын ӛтейді, екінші бӛлігін ұлдарына қарызға 
береді, 
үшіншісін 
қыздарын 
асырауға 
жұмсайды. 
Алтынсарин әңгіме атауын ауыстырып қана қоймай, 
кейіпкерлерін де ӛзгертеді. Әңгіме кейіпкері - кӛп мал 
тауып, азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұратын үйші. «Қарт 
әке-шешеме берген ақшаларымды ӛтеп тұрған борышым 
деп білемін, ӛзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға 
шығарған малымды ӛсімге берген мал деп білемін. Балалар 
адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың 
борышымды ӛтегені емес пе, - деді». Ыбырай әңгімесінде 
ӛлеңдерінен бастау алатын ой(«Баладан қайыр болмаса, 
баланы неге сұрайды?», «Ата-анаңды ӛнер білсең 
асырарсың» деген жолдар бұған дәлел) жалғасын тапқан. 
Сӛйтіп жазушы ұзақ әңгімелерді қысқартып пайдаланған. 
Кейде бір әңгіменің сюжетін пайдалана отырып, оны 
ӛзінше құрады. Мысалы, Л.Толстойдың «Царь и рубашка» 
әңгімесін Алтынсарин «Мұңсыз адам» деген атаумен 
аударған. Аударма әңгімеде ӛзгешеліктер жоқ емес. 
Мәселен, Толстой әңгімесінде патшаның ӛзі дертті болса, 
Ыбырайда патша ханымы аурулы болады. Ханым 
сырқатына еш дауа табылмайды. «Патша мұнан соң бақсы-
балгерлерді жидырып, жарлық айтты: -Балдарыңызды 
ашып, осы ханымға не еме болатынын табыңыз, егер 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


97 
таппасаңыз, бәріңізді де асып ӛлтіремін, - деді». 
«Царь и рубашка» әңгімесінде патша жарлығы қатал 
талапқа құрылмайды: 
«Один царь болен и сказал: - Половину царства отдам 
тому, кто меня вылечит». 
«Бақсы-балгерлер қорқып, сасып тұрғанда, ішінде 
біреуі айтты: - Мен бұл аурудың емін таптым». 
«Тогда собрались все мудрецы и стали судить как царя 
вылечить. Никто не знал. Один только мудрец сказал, что 
царя можно вылечить». 
«Сол сӛзбен мұны ханға алып келісті. Бұл балгер ханға 
айтты: - Дүниеде мұңсыз кісі тауып, соның кӛйлегімен 
қақтырсаңыз, бұл ауруға сол ем екен». 
«Он сказал. - Если найти счастливого человека, снять с 
него рубашку и надеть на царя -царь выздоровеет». 
Л.Толстойдың 
«Пожарные 
собаки» 
әңгімесін 
Ы.Алтынсарин «Айуанның естісі кӛп, бірақ адамдай толық 
ақылы жоқ» деп аударыпты. Аударма әңгіменің тақырыбы 
мен кіріспесі ғана бӛлекше. Кіріспесі тӛмендегіше 
басталады: «Ит - адамға шын дос жануар. Дүние жүзінде 
иттің неше атасының ұлы бар: біреуі қора, біреуі үй 
күзетеді, біреуі малшы орнына мал бағады, біреуі аң-құс 
алып береді, біреулері, тіпті, ат орнына жегіліп те жүріледі. 
Бұлардың бәрін де екінші кітапта уақытымен айтамыз».
Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясының» екінші 
кітабын шығармақ болғаны белгілі. Бұл жерде осы еңбекті 
айтып отырғаны күдік тудырмайды. Тағы бір сәл ӛзгешелік 
соңғы сӛйлемде: «Собака побежала в дом и скоро выбежала 
с чем-то в зубах. Когда народ рассмотрел то, что она несла, 
то все расхохотались, она несла большую куклу». «Біраздан 
соң Боб аузында бір тістегені бар, үйден жүгіріп шыға келді. 
Қараса, әпкелгені бір үлкен қуыршақ екен». Аударма 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


98 
әңгіменің бұлай аяқталуы ӛзгертілген атауына байланысты 
алынған сияқты. 
Алтынсариннің 
атауын 
ауыстырмай 
аударған 
әңгімелері - «Үш ұры» (Три вора) және «Данышпан қазы» 
(Праведный судья). «Три вора» әңгімесінде үш ұрыға 
алданатын адам мұжық болса, аударма әңгімеде - сарт. 
Саудамен айналысатын қасиеті ескерілгендіктен алынған 
болу керек. Сартқа құдайды ауызға алғызады. «Сарт. - 
Ендеше, Кұдай үшін, есегімді ұстай тұр деп, есегін ұрыға 
ұстатып, ӛзі ағашқа жүгіріп кіргенде, бұл ұры есекті алып 
жӛнеледі». Орысшасында «Мужик побежал догонять козу и 
попросил вора подержать осла. Второй вор увел осла» деп 
келеді. Осылардан ӛзге айырмашылық жоқ. «Данышпан 
қазы» әңгімесінде «ученыйды» молда деп аударған. Әңгіме 
соңында қазыға разы болған Бауакас патша «Тілегің болса, 
тіле» - дейді. «Қазы: - Маған сый керек емес. Патшаның осы 
мақтағаны да маған жетерлік сый деді, - дейді». Ал 
түпнұсқасында бұл жоқ. 
Ушинскийдің «Играющие собаки» әңгімесін «Полкан 
деген ит» атаумен аударған. Сюжет пен түйін бір 
болғанымен қанден мен Полканның әрекеттерін сӛз 
қылатын кейіпкерлер ӛзге. Түпнұсқа әңгіме сюжеті Володя 
деген бала мен әкесінің диалогына құрылған. Аударма 
әңгімеде қанден мен Полканды әңгіме объектісіне 
айналдыратын шәкірт бала мен ұстазы. Бұдан Ыбырайдың 
әңгіме оқиғасын мектеп тірлігіне, оқушы мінез-құлқына 
жақындату мақсаты айқын кӛрінеді. 
Ушинскийден аударған «Түлкі мен ешкі» әңгімесінің 
атауы еш ӛзгеріссіз берілген. Бірақ ықшам аударылған. 
Ушинскийде 
түлкінің 
құдыққа 
қалай 
түсіп 
кеткендігі(қарғаларға қараймын деп), құдықтың іші мен 
құдыққа үңілген ешкі сипатталады. Алтынсаринде түлкі 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


99 
мен ешкі екі-ақ ауыз сӛзбен тіл қатысса, орыс жазушысында 
құдық жайын ұзақ сӛз қылады. Құдыққа секіріп түскен 
ешкіге түлкі «су шашыраттың» деп кейістік білдіріп те 
қояды. Орысшасы «чуть было не пропал козел с голоду в 
колодце; насилу-то его отыскали и за рога вытащили» деп 
аяқталады. Ал қазақшасы ешкінің құдықта қалуымен 
аяқталады. 
Сонымен, Ы.Алтынсарин ӛз аударма әңгімелерінде 
біріншіден, түпнұсқаны сақтап, тақырыбын ауыстырмай 
ӛзгеріссіз аударады. Кейіпкерлерін қазақ ортасына қарай 
бейімдейді(«Үш ұры», «Данышпан қазы»). Екіншіден, 
тақырыбын ауыстыру арқьшы сюжетін қысқартып немесе 
толықтыру енгізе отырып аударады. Кейіпкерлерін ӛз 
мақсатына байланысты ӛзгертеді(«Малды пайдаға жарату», 
«Мүңсыз адам», «Айуанның естісі кӛп, бірақ адамдай толық 
ақылы жоқ», «Полкан деген ит», «Түлкі мен ешкі»). 
Қазақтың жаңа жазба әдебиетіндегі диалогтың алғашқы 
үлгілерін Ы.Алтынсарин, сӛз жоқ, аударма шығармалардан 
барып шығарды. Мәселен, «Шеше мен бала» әңгімесінде 
диалогтық үлгі бар. Драматургия элементі байқалады. 
Нақтылы сурет жасау, шын құбылысты қаз-қалпында 
жеткізу шеберлігі де қазақтың жазба кӛркем әдебиетінде 
осы аудармалардан бастау алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет