3 тарау. С.ТОРАЙҒЫРОВ
Ӛнер-білім тақырыбындағы ӛлеңдері.
С.Торайғыров
күрделі кезеңде ӛмір сүрді. Кезең оқиғалар ақынның
дүниетаным кӛзқарасына, шығармаларының тақырыптық
мазмұны мен түрін, жанрына әсер етті. Іргелі оқу орнынан
білім алу және халқының қызметіне жарайтын азамат болу -
оның ынта-тілегіне айналды. «Оқып жүрген жастарға»
(1912) ӛлеңі анау, тілек түрінде жазылған. Ыбырайдың
«Ӛнер-білім бар жұрттар» ӛлеңін еске салатын жолдар бар:
Басқалар жоғын тапқанда
Біздер қайтіп қаламыз.
Басқалар - мәдениеті, ӛнері озық елдер. 7-8 буын аралас
ӛлең Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» ӛлеңімен буын
ӛлшемі жағынан ғана ұқсас емес. Талапшылдыққа,
тәуекелшілдікке қатысты ойды Сұлтанмахмұт ӛлеңінен де
байқауға болады.
Тәуекелге бел бусақ
Кӛрдегіні аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ бәрін шаламыз.
Ӛлеңде лирикалық кейіпкер әділетсіз жанның жүрекке
салған жарасын айтады. Жастарды қулық, сұмдыққа қарсы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
109
тізе қосуға шақырады.
Іс істейік бір болып,
Ашылмасын саламыз.
- деп ауызбірлікке, ынтымаққа үндейді. Абай,
Ыбырайдың аталған ӛлеңдерінен бір ерекшелігі, бұнда
саяси астар бар. Ақынның бодандық бұғауында отырған
халқының шарасыз халін таныған, қабырғасы қайысқан
қалпы тӛмендегі жолдардан байқалады:
Тепкісінде басқаның
Қор боп жүдеп барамыз.
«Балалық» сӛзі XX ғасыр басындағы ақын-жазушылар
шығармаларының кӛпшілігінде алаңсыз, уайымсыз тірлік
кешкен халықтың бейқамдығын білдіретін тұспал сӛз
ретінде ұғынылған. Осы ретте С.Дӛнентаевтың 1915 жылы
жазылған «Балалық» деген ӛлеңі еске түседі. Қазақ
жұртының
ойсыздығы
оның
балалығы
ретінде
тұспалданатын ӛлеңнің 4 шумағында автор балаға тән
мінез-құлық қасиеттерінің бірсыпырасын, атап айтсақ,
алдағанға сену («Алдау үшін кӛз жұмғанды «ӛлді» деп»,
«Уансын деп ұсынғанды «берді» деп», «Ел қыдыртам,
мінгіземін тайға» деп, «Қаймақ пенен тойғызамын майға»
деп),
соның
салдарынан
қолындағысынан
айрылу(«Алдағанның бірін ұқпай айла деп, Қолдағысын
бәрін берген балалық»), затты сыртқы сипатына қарай
бағалау(«Иегіне шұлғау орап шәрпім деп», «Жылтыраса
санын соғып «алтын» деп», ««Құбыжық» деп бӛркін теріс
кигенді»), ӛз мінін білмеу(«Жығылғанын жұртттан кӛрген
балалық») тәрізді сипаттарын баяндайды. Сұлтанмахмұт
та ӛз кезегінде осы сӛзге салмақ салады:
Ойынды енді азат қыл,
Қалсын былай балалық!
Балалықты қою деген сӛз - ірі істерге бағыт түзеу деген
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
110
сӛз. Демек, Абайдың кезінде айтқан «Ғалым болмай немене,
балалықты қисаңыз» сӛзі XX ғасьф басындағы ақын-
жазушылар үшін басты қағида болмады деуге негіз жоқ.
«Шәкірттерге» (1912) ӛлеңінде ақын заман жастарының
сергелдең тірлігін кӛрсету арқылы кезең шындығын береді.
Ӛлең бір жағынан автобиографиялық сипатта кӛрінеді.
Сұлтанмахмұт ӛмірін еске түсірсек, кӛп сәттерін ӛлеңде
суреттелетін жастардың әр алуан адасқан тірлігін
қайталайтындай әсер береді. 11 буынды ӛлеңнің де айтпағы
- оқу-білім және ынтымақ-бірлік артықшылығы.
Оқыған жастарының арқасында
Кӛз ашты кӛрші жұрттың халықтары
- деп Абай, Ыбырай сүрлеуімен тіке тартады.
Немесе
Білеміз ынтымақсыз іс оңбайды,
Тартынып, шу-шулеткен кісі оңбайды.
Бізде бар аққу, шортан, шаян халқы,
Біздің іс бүйтуменен еш оңбайды.
- деп орыс мысалынан үлгі етер тұсты сәтті таңдайды.
«Шығармын тірі болсам адам болып»(1913) ӛлеңінде ақын
ай мен жұлдыз, күнді оқу, білім, ӛнер үғымында қолданады.
Ай мен күн, жұлдыздың да бірінен екіншісін артық етіп
кӛрсету арқыл Сұлтанмахмұт оқу-тоқудың түр-түрі
болатынын, шамалы білім мен мол білім ара-жігі
болатынын меңзейді.
Жұлдыз болып кӛрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
Надандықты лирикалық кейіпкер ӛліммен пара-пар
санайды.
Жатқаным кӛрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше ӛмір сүріп надан болып.
Надан болмау - лирикалық кейіпкердің басты мақсаты.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
111
Сондықтан «Тебем деп, тірі болсам надандықты, Серт етіп,
ӛз-ӛіме еткен егес» - деп серт береді. Лирикалық кейіпкер
уәдесі ақынның кейінгі жазьшған ӛлеңдерінен де кӛрініс
тапқан. Бұларда ақын серті жік-жікке бӛлініп, таратылып
айтылады. «Ӛмірімнің уәдесі»(1914) ӛлеңінде білім алу
белгілі бір пәндерді игерумен ұғынылады.
Оллаһи, ант етемін алла атымен,
Орыс тілін білемін һәм хатымен,
История, география пәнді білмей,
Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен.
Бұларды игермеу - лирикалық кейіпкер үшін ӛліммен
тең. Меже - отыз жас. Ӛмірінің тағы бір уәдесі - «ақын»
деген атаққа ие болу. Ақындық мансап емес. Ақындық -
жүрек қазынасын халқына тарату. Демек, қаһарманның тағы
бір уәдесі - жүрек қазынасын халқының пайдасына жарату.
«Шәкірт ойы»(1917) ӛлеңінде лирикалық кейіпкер мақсаты
нақтылық сипатқа ауысады. Сӛзі ширақ, үні нық. Бұл жолы
«Бұл сӛзім асып айтқан асылық емес» деп(«Шығармын тірі
болсам адам болып» ӛлеңіндегідей) деп күмілжімейді,
ақталмайды.
Қараңғы қазақ кӛгіне
Ӛрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам?
Келесі шумағы «Еңбек түбі - бейнет, бейнет түбі -
зейнет» дегенді дәлелдеуге бағытталған. Бұнда бұрынғы ай
да, жұлдыз да жоқ. Күн ғана бар. Күн жалқы «білім»
ұғымында ғана емес, халық үшін жалпы «жақсылық»
ұғымында.
Қыздырып күннің қарауы,
Надандық теңізі тартылар,
Орны отайып, кӛгерер
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
112
Қызығын жайлап ел кӛрер.
Лирикалық қаһарманның мақсаты айқын. Бұрынғы
уәдесіне берік. Ендігі шешімінен де ешкім(Қаһарман
Рүстем, Әли де, сыланған жар да...) айныта алмақ емес.
Достарыңызбен бөлісу: |