Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
А.Байтұрсынов ӛмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайды
баяндаңыздар. Ақынның қазақ балалар әдебиетіндегі
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
136
орнына нақты деректерге назар аудара отырып баға
беріңіздер.
2.
И.А.Крылов мысалдарын қазақшаға аударған ақын-
жазушылар. А.Байтұрсынов мысалдары ерекшеліктеріне
тоқталыңыздар. А.Байтұрсынов, С.Дӛнентаев, С.Кӛбеев
мысалдарын ӛзара салыстырыңыздар.
Оқуға ҧсынылатын кітаптар
1.
А.Байтұрсынов. Ақ жол. - Алматы: Жалын, 1991.
2.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2- кітап. –
Павлодар: Арман, 2004.
8 тарау. М.ДУЛАТОВ
«Қирағат»кітабы(1924).
Кітапқа
Наурыз(1911),
«Мектепке» (1911), «Мектептен» (1911) ӛлеңдері енгізілген.
Жалпы «Қирағат» кітабы 1911, 1914, 1916, 1923, 1924
жылдары жарық кӛрген. Балалар әдебиеті саласында
әжептәуір еңбек еткен М.Дулатовтың ӛлеңдері мен
әңгімелерінен Ыбырай мен Абай салған арна-дәстүрлердің
анық кӛрінісі бар. «Наурыз» (Жаңа жыл) 13 шумақтан
тұрады. 7 буындық ӛлшеммен жазылған. Ақын жаңа жыл
сипатын береді. Табиғат суреті салған жерден ел тірлігімен
ұштастырылады.
Аспанда күннің нүры,
Мақпалдай жердің түрі.
Қуаныш мал мен жанда,
Қыс шыққан ӛлмей тірі.
Ойнаған анау бала
Кӛкорай жалын дала.
Егіндік егін еккен
¥замай болар жаңа.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
137
Наурыз ерекшелігін М.Дулатов ӛзінің «Қош келдің,
Наурыз!» мақаласында былай жалғастырады: « ... бұл
Наурыз ел-елде қуанышпен қарсы алынып, шаруаның бір
малы екеу болып, кӛңілі ӛсіп, жасы үлкендер құшақтасып
кӛрісіп, жаңа ӛспірім жас буын қуанысып күлісіп, жанның
бәр дүнияға жаңа келгендей мәз-мейрам болса керек.
Мұның бұл айда бұ күнгі күнді жыл сайын осында
қуанышпен қарсы алып, ойнап-күліп ӛткізу үшін қазақ елі
ерінбей еңбек сіңіріп, мезгілін ӛткізбей егін егіп, пішен
шауып, күн ілгері қамынды же. Сонда ғана былтырғы,
бұрнағы жылдардай қан жыламай алдағы наурыздарды да
шын мейрам, шын шаттықпен ӛткізесің».
Буын ӛлшемінің ӛзгешелігі болмаса, Абайдың
«Жазғытұрым», «Жаз» ӛлеңдерін еске салады.
Бай, жарлы келген күйі,
Ойын-той ауыл, үй
Қой сойып, қонақ асы
Мырзалық еткен сыйы.
Ат шауып, тай жарысқан,
Таласып бәйгі алысқан
Кӛтерем арық-тұрық,
Жаз шығып жайланысқан.
Сұлу жүр сылаңдаған
Күлімдеп қылаңдаған.
Ерініп бір басуға,
Жас талда бұраңдаған.
«Мектепке»
(1911)
және
«Мектептен»
(1911)
ӛлеңдерінде мезгіл құбылысы оқушы бала тірлігімен астаса
берілген. Мезгіл болғанда қыс мезгілі. Әдетте, мектепке,
оқуға шақыру күзбен байланыстырылса керек еді.
Ашық күнде жарқырап,
Жаңа жауған жатыр қар.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
138
Домбықтырып беттерін
Адамдардың тұр ызғар.
Мұнда автор қыстың ажарлы бір келбетін суреттеуден
қытымыр кескінін хабарлауға жедел ойысқан. Мұның себебі
ӛлеңнің философиялық астарында жатқан сияқты.
Жатырсыңдар неге ұйықтап?
Күн шығып қалды, балалар.
Таңертеңгі аязбен
Мектебіңе жӛнел бар.
«Оян, қазақтың» авторы бұл жерде де «ұйқыдан ояту»
идеясына адал. Символика айқын: жаңа жауған қар -
ӛмірдің әдемілігі, ызғар - тіршілікте болмай қоймайтын
қиьшдық. Шыққан күн - мезгіл, сәт, уақыт. Әр адамның
шешуші қадам жасар кезі. Таңертеңгі аяз - сол «ызғар»
ұғымында: қиыншылық, бӛгет деген сӛз. Кедергі-бӛгетке
қарамай, алға ұмтыл, уақытыңды сәтімен пайдалан деген
ойды ұғамыз. «Мектептен» ӛлеңіндегі(1911) сабақтан
қайтқан балаларға ықылас үлкен. Тіпті үй алдындағы
Майлыаяқ та «құйрығын былғап еркелеп, қылды ықылас
шындықтан». Оқу - еңбек түрі. Соңғы шумақ «Еңбек түбі -
бейнет, бейнет түбі - зейнет» немесе «еңбек етсең, ерінбей,
тояды қарның тіленбей» даналығының салмағын кӛтеріп
тұрғандай әсер береді:
Күліп шулап, кірсе үйге,
Самауыр тұр бу шыққан.
Тойып алып тамаққа,
Балалар жатып тыныққан.
Екі ӛлеңді(«Мектепке» және «Мектептен») бір-
бірімен байланыстырып тұрған -ақынның балаларды оқуға
шақыру идеясы.
М.Дулатовтың алғашқы ӛлеңінде Ыбырайдың «Кел,
балалар, оқылық!» дегеніндегі сыпайылық емес, «тезірек
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
139
қимылдамасаң, несібеңнен қағыласың» дегенді аңғартатын
жанашыр қамқорлық бар, «мектебіңе жӛнел бар» түріндегі
ӛктемдік бар. Абай ықпалы қыс келбетін суреттеуі мен идея
біртектестігінен кӛрінеді.
Мектептен қайтып балалар
Қызарып беті суықтан.
Абайдың
ӛнер-білім,
ғылым
тақырыбындағы
ӛлеңдерінің дидактикалық сипатымен, уағыздық қасиетімен
ерекшеленетінін, жыл мезгілдеріне арналган ӛлеңдері мезгіл
құбылысын дәл, ӛз қалпында суреттеуімен ӛзгеше екендігін
білеміз. Демек, Міржақып Абай шығармаларының уағыздық
қадір-қасиетінен гӛрі ӛмір құбылысын дәл беру қасиетін
ерекше қалап алған тәрізді.
1924 жылы Орынборда шыққан «Қирағат» кітабындағы
шағын әңгімелері «Жаз», «Жазғы кеш», «Шілде», «Күз»,
«Қыс», «Қоян», «Қасқыр қысты қалай ӛткізеді?», «Бұғы»,
«Піл», «Кит», «Үй жануарлары», «Бӛрік», «Күлкі сӛз»,
«Оқу», «Нұрым мен Дүйсен», «Оқымысты бала», «Шалдың
үш баласы», «Жастық», «Күлмеңіздер кәріге», «Қонақ
кәде», «Ешкімге жауыздық жасама», «Байлық» деп аталады.
«Ай-қү_лақ» (балалар ойыны), «Дүмпілдек» (қырғыздың
ойыны), «Марламқаш» (балалар ойыны), «Денсаулық
жайынан» «Оқу құралы» (Қирағат) жинағынан алынған.
М.Дулатов жыл мезгілдерін қара сӛзбен суреттейді.
«Жаз», «Шілде», «Күз», «Қыс» суреттемелері бала ұғымына
лайықталып жазылған. Ақынның «Жазы» кӛктем мезгілін
бейнелейді. «Наурыз» ӛлеңіндегі ел тұрмысы айна-қатесіз
ұсынылады: «Су ӛзеннің жиегімен асып, жағаларын қар
кешіп, күн жылынып болған соң, шӛп шығып, трлі түсті
гүдер шешек атады. Егіншілер соқа-сайманын түзеп, жер
жыртуға шығады. Тоғай да жапырақтарын жамылып, жаңа
келген сайрағыш құстардың үнімен кӛңілді болып кетеді. ..
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
140
Қыстан қысылып шыққан мал жүнін тастап, бие құлындап,
қой қоздап, қара жерді сағынып қалған жануарлар баласа
тұрмай, далаға қашады. ...Балалар ойынға шығып, жүгіріп,
жыл құстары тегіс келіп, жұмыртқа салған».
Абайдың «Жаздыкүн шілде болғанда» ӛлеңін мазмұны
жағынан жартылай қайталайтын суреттеме «Шілде» деп
аталады. Жартылай дейтініміз, жаз қызығын баяндау
кӛшпелі елдің ӛміріне біртіндеп еніп келе жатқан жаңалық
нышанын танытуға ауысады. «Осы кезде қазақ бұрынғыдай
алысқа кӛшпейді. Бұрын жердің еркін шағында жүз елу, екі
жүз шақырым жерлерге жайлап кетеді екен. Үлкендер сол
күндерін осы күні қатты сағынып сӛз қылысады. Шӛп
шабатын мезгіл де жетті. Боз балалар жайлаудың қызығын
қия алмай ерініп әрең шығады. Қазақ шӛпті бел орақпен
шабады. Машина жаңа тарап келеді. Оқудағы балалар да
жаздай қымыз ішіп тынығып, енді сабаққа баратын
күндерін санап жүр».
Сүреңсіз кӛрініс күз, қыс мезгілдеріне тән болатын
болса, Міржақып әңгімелерінде осындай құбылыстың болу
себебі егжей-тегжей баяндалады. Ел мінезі де кӛрінеді.
«Жаз күні кӛп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар
арық құлынын жаңа аяп отыр» («Күз», 193). Түз хайуанына
қыс мезгілінің жайсыздығы баян етіледі. «Орман қарайған,
ішінде құстарды кӛре алмайсың, қоян күндіз жасырынып,
түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр» («Қыс»,
194). «Қыс» суреттемесінде оқуға баратын бала жайы тағы
да назарға алынады: «Сабаққа мезгілімен жүретін баланың
да ертеңгі аяз есінен кӛпке дейін шығатын емес» (194).
Суреттеме соңындағы «Қыс қысыл, жаз жазыл» түйіндемесі
- мезгіл сипатын айқын танытатын қорытынды.
Танымдық мақсатта жазылған шағын әңгімесінің бірі -
«Жазғы кеш». Ойын қызығына түсіп кештің қалай батқанын
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
141
байқамай енді үйлеріне жүгіріп келе жатқан баланың
кӛзімен суреттелген құбылыс. Түп қурайдың тұсынан
мұнарланған кӛктің жиегін ӛртке ұқсатады. Онысы туып
келе жатқан ай болып шығады. Жер ошақ басындағы сүт
пісіріп отырған әжесі - жазғы кеш кӛрінісін толықтырып
тұрған бейне.
М.Дулатовтың қоян, қасқыр, бұғы, піл, кит тәрізді түз
хайуандарының түр-сипат, тірлігін сипаттайтын әңгімелері
бар. Олардың адамға тигізетін пайда-залалы қатар
кӛрсетіледі. Бұғы еті мен сүтінің, терісінің, қыл-аяғы
қанының пайдасын, жексе, кӛлік болатынын, пілдің де
адамға кӛп қызмет қылатынын, киттің майына бола
ауланатындығын баяндайды. «Кит» әңгімесін «Тілінің
үлкендігі алты қанат үйдің орнынан үлкен болмаса, кіші
шықпас, қазақтың «жандыда балық үлкен, жансызда қамыс
үлкен» деп жүргені осы кит болса керек» деп түйіндейді.
«Бұғы», «Піл», «Кит» әңгімелері сипаттау түрінде
келсе, «Қоян», «Қасқыр қысты қалай ӛткізеді?» әңгімелері
аталған хайуандардың бір күндік тірлігін суреттейді.
«Қоян» әңгімесінде адам тұрмыс-тіршілігін байқататын
эпизодтар баршылық. Ел мінезі де кӛрінеді. «Екі қазақ
қатарласып, біреуіне екіншісі қалайша былтыр бір атын
ұрлатқанын сӛйлеп келе жатыр еді. Жүк ӛтіп кетті, қоян
орғып, жолдан ӛтіп, қырманға қарай жӛнелді. Жолда ескі
таныстарынан екі қоянга кез келіп, олармен біраз ойнап
жүрді де әрі кетті». Түнгі жолаушының қырағы кӛзі шалған
құбылыс дерсің. Осы қырағы кӛз бидай мен сұлы дәнін жеп
түн жартысын ойынмен ӛткізген қояндар тірлігін
бақылаумен болады. Бір сәт бір үйден шыққан баланың
жылаған дауысына елеңдейді. Таң ата ел ӛмірі қайта
жанданады.
«Қатындар
суға
жӛнеліп,
еркектер
жүмыстарына қарап, балалар да жылап шулай бастады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
142
Жүкшілер жолға шығып қалған екен». Ал қоян ше? «Біздің
қоян қайтадан жүгіріп ініне келіп, екі құлағын арқасына
салып, екі кӛзін бадырайтып ашқан қалпыменен ұйықтап
қалды».
Міржақыптың
аталмыш
әңгімелерінің
осындай
танымдық сипатымен қоса тәлім-тәрбиелік мәні де қоса-
қабат жүреді. «Қасқыр қысты қалай ӛткізеді?» әңгімесі
қазақтың алқам-салқам мінезін тұспалдайды. «Жалғыз-ақ
сорлы қасқырдың басына қыс күні бар бәле орнаған, мұның
бір ғана үміті - бекітусіз қора, күзетсіз жылқы». Әңгімнің
«Малға абай бол, ит-құстан сақ бол» дегенді аңғартатыны
анық, сергектікке, сақтыққа үйретері хақ.
«Үй хайуандары» әңгімесінде жылқы, түйе, сиыр, қой,
ешкі, ит, мысық, тауықтың адамға қызметі баяндалады.
«Олардың қызметі үшін адам асырайды, бағады, қысты күні
аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бӛріден сақтау
үшін бақташы қояды».
Жазушының бала мінезіне, іс-әрекет, сӛзіне құрылған
шағын әңгімелері - «Бӛрік», «Күлкі сӛз», «Оқу», «Нұрмаш
пен Дүйсен». Әкесінің бӛркін киіп «үлкен кісі болдым» деп
ойлаған Нұрмаш әрекеті күлкі туғызады. «Сӛйткенмен бӛрік
олай ойламады. Үлкен кісі болған Нұрмаштың кӛңіліне
қарамастан, дәл мұрнына түсті». Автор юморы айқын.
«Күлкі сӛз» әңгімесі диалогқа құрылған. Қазіргі «Бала тілі -
бал» айдарымен берілетін әңгімелерді еске түсіреді.
- Әй, Қасым! Неге аузыңды томпайтасың?
- Күпімді күйдіріп алдым.
- Неге жамап алмайсың?
- Инем жоқ,
- Тесігі үлкен бе?
- Жағасынан басқа түгі қалған жоқ.
«Нұрмаш пен Дүйсен» әңгімесі жұмбақ-сауал түрінде
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
143
келеді. «Сен біздің үйге бала бол, сонда сіздің үйдің де,
біздің үйдің де кісілері бірдей болады» дейді Дүйсен.
Нұрмаштың үйінде неше кісі, Дүйсеннің үйінде неше кісі
деген сауал қояды автор. Әңгіменің балаға есеп үйрету
қызметі бар. «Оқу» әңгімесінде сегіз жастағы Жүністің
оқуға ынтазарлығы айтылады. Ақырында Жүніс оқу, жазу,
есеп үйренеді. «Бір оқығанға екі оқымағанды береді» деген
мақалмен ӛз тұжырымын жасайды автор.
«Оқымысты
бала»,
«Шалдың
үш
баласы»,
«Күлмеңіздер кәріге», «Қонақ кәде», «Ешкімге жауыздық
қылма», «Байлық» аңыз-әңгіме, ертегілері халық аузынан
алынған. «Оқымысты бала» әңгімесінде қалада оқитын бала
жазғытұры ауылына келеді. Әкесінің «қолыңа тырнауыш
алып, шӛп жинауға жәрдемдес» дегеніне бала «мен әр түрлі
ғылымдар оқып қайттым, қара қазақтың сӛздерін ұмыттым,
тырнауыш деген не нәрсе?» -дейді. Далада жатқан
тырнауышты басып қалып, сабы маңдайына тиеді.
«Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ екен» -
деп ашуланады.
«Жан тұрмысы ӛркендеу үшін жас балаға ертегі тым
қымбат.
Бала
ертегіні
жан-тәнімен
тыңдайды.
Жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Мысалы,
балаға ӛтірік айтпа деген құрғақ сӛзің желге айтылғанмен
бірдей. Егер сен балаға ӛтірігінен қор болғанын, зиян
кӛргенін суреттеп алып келсең, міне, бала ӛтірік айтпа керек
екендігін сонда ұғады. Қысқасы, балаға ертегі тым қымбат
нәрсе»(М.Жұмабаев). «Шалдың үш баласы» ертегісінде
«мен ӛлгенде қалай кӛмесің?» деген ауқатты әке сұрағына
кенже баласы «сенің ӛлуің біледі, менің кӛмуім біледі» деп
жауап береді. «Жібекке орап, ақ жуып, арулап қоямыз,
шақырылмаған ел қалдырмай ас береміз, үстіңе күмбезден
мола салдырамыз, басыңа атыңды жаздыры, кӛк тас
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
144
қойғызамыз» - деген үлкен ұлдары ашаршылық жылы
аштан ӛледі. Ауырып қайтыс болған әкесін кенжесі
үстіндегі шекпеніне орап, жерошаққа кӛмеді.
«Күлмеңіздер кәріге», «Қонақ кәде» әңгімелеріндегі
кәрі кісіні келемеж қылған балаларын бір ауыз сӛзбен
тыйған әке, қатықсыз қара кӛже беріп қонақ кәде дәметкен
әйел аптығын бір шумақ ӛлеңмен басқан адам - қарапайым
халық ортасынан шыққан ӛкілдер. «Ешкімге жауыздық
қылма» әңгімесінде бір кезде ӛзін таспен атып қуған байды
тіленші мүсәпір халде кездестіреді. «Әттеген-ай, бүл тасты
бекер сақтап жүрген екенмін, мұнан бай әлі күшті күнінде
мен бұдан қорқушы едім, мұны күндеуші едім, енді қазір
мұндай нашар халін кӛріп кӛңіліме аяушылық түсті» - деп
байға аяушылық танытады. «Байлық» әңгімесінің идеясы -
барға қанағат етушілік. Ұстазы шәкіртін «сенің денің сау,
қол-аяғың аман, жұмысқа жарарлықсың. Қалайша енді
осынша байлыққа ие бола тұрып, жарлымын дейсің?» - деп
жазғырады.
Достарыңызбен бөлісу: |