149
Сіз кетіңіз, падиша,
Он күн біреу уақытша
Хандық құрсын тағыңда.
Жұлдыз сӛзі дӛп келер:
Тақта отырған хан ӛлер
Оныншы күн таңында.
Жүсіп хан уақытша хандықты уәзіріне ұсынады.
Қулық-сұмдығы мол уәзір бірден хандыққа оқымысты қазы
лайық дейді. Қазы хандыққа қолбасыны лайық санайды.
Қолбасы хандықты жендетке ысырады. «Шала есті»
жендеттің ӛзі де он күндік хандықтан бас тартады. Ханды
ханшасы, қолбасысымен, уәзір, қазы, молдасымен ұры
санайтын, халықты зар қақсатқан залым санайтын Жүсіп он
күнге уақытша хан болсын дейді балшы. Сумаңдаған уәзір
Жүсіпті хан болуға кӛндіреді.
Сӛйтіп, халықтың қалқаны Жүсіп болады. Тірі қалған
бай, молда ес жияды Тоғызыншы күні Жүсіпті ӛлтіруге
ниет қылады. «Жұмысы
жоқ бір істе, жатушы еді сарайда,
арақ, қарақ маңайда» деп Аббас ханды жоқтайды. Оныншы
күні Жүсіп ханды ӛлтіреді. Жүсіптен қашып, тау-тасты
паналап жүрген Аббас ханның күні қайта туады. Ертегі
поэма соңында Аббас ханның бұрынғы тірлігі қайта
қайталанады. «М.Жұмабаев кейін «культ» (жеке басқа
табынушылық) атанған қасіреттің
сол кезде шыға бастаған
қауіпті кеселдерін ескертіп отырған сияқты.
Сыпырғандай тезекті
Ӛңшең залым кезептен
Еңбекші елді аршыды
- деген жолдарды оқығанда, сұрақ туады: «Ау, сонда не -
адам жаны тезек құрлы болмағаны ма? Осындай жалт
еткен ой:
Елді сорған сұмдардың
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
150
Қырықтырған басын түймедей.
- деген уытты сӛздерді оқығанда беки түседі. Сталиннің
жеке басқа табынушылығы кезінде сӛз жүзінде «ең
бағалы
капитал - адам» деп жар салынса, іс жүзінде адамның құны
кӛк тиын болмай қалды емес пе?»(14,32).
«Ӛтірік ертек» ертегі-поэмасының(1926) кіріспесі
халық санамағына құрылған. «Мысыққа қарсы тышқандар
кӛтерілісі автордың негізгі ойын жеткізу үшін схемалық
түрде алынған. Шираз қаласындағы бір тышқан жүзім
шарабына тойып алып, күш біткесін ойындағы құсасын
сездіріп қоюы, мысықтың
мешітке барып сәлде киіп,
тышқандармен бітісем деп алдауы, тарту-таралғысымен
келген тышқандарды қан жоса етуі, мысықты тамам тышқан
кӛптігін істеп байлауы, дарға асам деген жерден босап
кетуі, ақыры тышқандардың ӛз ханын құртып барып, ханды
да, мысықты да елден аластауы - Россиядағы белгілі тарихи
оқиғалардың елесін береді»(14,28). Әңгімесін автор бірден
баяндай жӛнелмейді.
Жас тыңдаушысын, алдымен, жыр
оқиғасына дайындайды, оларды ынтамен тыңдауға
шақырады. Осыдан кейін барып «Ерте, ерте, ерте екен, ешкі
жүні бӛрте екен» деп ертегісін бастайды. Оқиға ӛтетін жер -
Шираз қаласын сипаттаудан бастады. Шираз жүзімін
сипаттауға мол орын береді. Жүзім шарабының қасиетін
айтуды ұмытпайды. Осыдан соң ана негізгі әңгімеге
кӛшетінін хабарлайды. Автор жүзім шарабын бекерге сӛз
қылмапты. Шарап толы құмыра тізілген үйге бір тышқан
келіп кіреді. Шараптан татып кӛреді.
Мысыққа деген кегі
қозады. Әбден балағаттайды. Тышқан сӛзін тыңдап тұрған
мысық
оған
тап
береді.
Тышқанды
жалынған,
жалбарынғанына қарамастан бір қылғытады. Күн артынан
күн ӛтеді. Кӛзіне тышқан түспеген соң «Қой, бүл істі
тастайын, мен бір істі бастайын» деп бір шешімге келеді.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
151
Мешітте отырып сопы молда болады. Басына сәлде киіп,
қолына тасбиық ұстайды. Құдайдан күнәсін кешуді ӛтінеді.
Ендігәрі тышқан байғұсты жәбірлемеуге, тышқан етін
жемеуге ант береді. Тышқан ордасы мысық сӛзіне сенеді.
Ордадағы бір қария сенімсіздік білдіреді.
Арақ ішкен ӛңшең мас,
Есі шала ӛңшең жас,
Дүрсе қоя берісті:
«Кім кӛрінед кӛзіңе,
Ӛз ақылың ӛзіңе!
Сен бүйдеме игі істі!
Кері
тартпа кәрісің,
Етек басу - бар ісің».
Тамам тышқан мысыққа тарту-таралғы жасамақ болып
мешітке келеді. Мысық сілекейі шұбырып тап береді, топ
тышқанды қан-жоса қылады. Тышқандар ханы мысыққа
соғыс ашады. Мысықты дарға аспақ болады. Мысық
бұлқынып, қыл арқаннан босанып кетеді. Маңайын жып-
жылмағай қылады. Есін жиған тышқан бұрынғы тірлігіне
басады. Хан той тойлауға кіріседі.
Елдің қамын жегендер
аулақ үйге жиналып кеңес құрады. Мысық пен ханды
ордадан қуады.
Автор поэма соңында халық санамағын еске түсіреді.
Оны тегін мысалға келтірмегендігін ескертеді. Жұмбақ
санамақты басынан бастап айта келіп «мысық талаушы
екені, ханның қанаушы екені енді есіңе түсті ғой» - дейді.
Достарыңызбен бөлісу: