Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
М.Дулатов ӛлеңдері мен әңгімелерінің идеялық-
тақырыптық және кӛркемдік ерекшеліктеріне талдау
жасаңыздар.
2.
Ы.Алтынсарин туындыларымен салыстырыңыздар.
Оқуға ҧсынылатын кітаптар
1.
М.Дулатов. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1991.
2.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2- кітап. –
Павлодар: Арман, 2004.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
145
9 тарау. М.ЖҦМАБАЕВ
Ӛлеңдері.
Балаларды оқуға шақыратын келесі бір
ӛлеңнің авторы - М.Жұмабаев. Арнау түріндегі «Қарағым»
атты ӛлеңде үгіт-насихат басым. Ӛлең 1912 жылы шыққан
«Шолпан» жинағына енген болатын.
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға құр қаларсың, кӛңіл берме.
Оқымай ойын қуған балаларға
Жолама, шақырса да қасына ерме!
- дейді ақын. Абайдың «ондай болмақ қайда деп, айтпа,
ғылым сүйсеңіз» дегенін Мағжан «қарманған қарап
қалмас!» - деген рас сӛз, тоқтамай істе болсаң батып терге»
деп жалғастырады. Ыбырайдың «мал - дәулеттің байлығы,
бір жұтасаң жоқ болар» десе, Мағжан ақын «Тер ағызып,
ӛліп-талып табылған ата дәулет быт-шыт болып тозады»
дейді.
М.Жұмабаевтың
«Қарағым»
ӛлеңі
С.Кӛбеевтің
«Мектепке шақыру», А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру»,
М.Дулатовтың «Мектепке» ӛлеңдерімен үндес. Ең алдымен,
үшеуі де арнау түрінде келеді. Екіншіден, ӛлең
шумақтарында ой ұқсастығын туғызған сӛз қолданыстары
бар. Салыстырып кӛрейік:
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сӛзге, мырза ерке,
Бұл кезде ӛнерлі адам ӛрге шықты,
Зат емес, надан кісі алар текке.
(С.Кӛбеев)
Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
(А.Байтұрсынов)
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
146
Жатырсыңдар неге ұйықтап?
Күн шығып қалды, балалар.
Таңертеңгі аязбен
Мектебіңе жӛнел бар.
(М.Дулатов)
Шумақтардағы «Балалар, жиналыңыз мектепке ерте»,
«Жатырсыңдар неге ұйықтап?» пен «жатпа қарап», «күн
шығып қалды» мен «қарап тұр терезеден күн жылтырап»,
«мектебіңе жӛнел бар» мен «оқуға бар» дегендердің ара-жігі
ажырағысыз. Мағжан, Спандияр, Ахмет ӛлеңдері 11
буынды болып келуімен де ұқсас. Міржақып ақын ӛлеңіне 7
буынды ӛлшем ойнақылық сипат дарытса, 11 буынды
ӛлшем үлкен салмақ жүгін кӛтеріп тұр. Мағжан, Ахмет,
Спандияр ӛлеңдерінен авторлардың басты мәселеге
тереңдеп бару талабы байқалады. Үшіншіден, тӛртеуінде де
Абай, Ыбырайдан келе жатқан дәстүр, идея сақталған. Ол
үлгі М.Дулатовтың екі ӛлеңі(«Мектепке», «Мектептен»)
түрінде берілсе, Мағжанның «Қарағым», Ахметтің «Оқуға
шақыру», С.Кӛбеевтің «Мектепке шақыру» ӛлеңдерінен
жеке-жеке кӛрініс береді.
1924
жылы
«Ақжол»
газетінің
нӛмірлерінде
жарияланған «Әже», «Немере мен әжесі» ӛлеңдері әже мен
немере арасындағы диалогқа құрылғанымен, кезең суретін,
от басында ұршық айналдырып, жүн түткен, арасында ертек
айтқан әже мен ертек тыңдап ақырында сілекейі ағып,
шаршап ұйықтаған немересінің тірлігін, немересінің кӛп
сұрағына жауап бере алмай қиналған әженің ақыр соңында
«тек! - деп ем ғой, - тентек, тентек, мұны айтатын мектеп,
мектеп!» деп тығырықтан шығу қарекеті кезең суреттері
фонында берілуімен ӛзгеше. Балаларға саналы түрде арнап
жазган ӛлеңдері «Балаларға тарту» жинағына(1927)
топтастырьшған. «Ақ қала», «Ата, бата», «Ана»,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
147
«Сылдырмақ», «Сал, сал білек», «Бӛбектің тілегі», «Сұр
құлын» ӛзіндік ерекшеліктері жеке-жеке тоқталғанда
білінеді. «Ақ қала» ӛлеңінде ақ қардан ақ қала тұрғызған
балалардың кӛңіл-күйін автор шебер жеткізген. Шеберлік
кілті - бала қам-қарекетінің дәл бейнеленуінде. Ӛлеңде іске
деген құлшыныс («топырлап, шулап, соқтыға, тоғытқан
бейне тоқтыдай, жапырласты шӛпірлеп»), негізгі іске
талас(«мен оям! - деп біреуі, «мен қоям!» деп біреуі
терезеге таласты»), істің нәтижелі бітуі(«Күліп жүріп кӛп
бала, салып қойды ақ қала») бар. «Ата, бата» ӛлеңінде
атасының немересіне беретін батасы екі дара тілектен
тұрады.
Атасы:
«Құлыным бата дейді ғой!»
«Бата десең, қарт атаң
Айналсын сендей ботасын!
Оқы, құлыным, әлім бол,
Атаң берді батасын!»
Ауыз
әдебиеті
дәстүрінде
жазылған
«Ана»,
«Сылдырмақ», «Сал-сал білек, сал білек», «Бӛбектің тілегі»,
«Сұр құлын» ӛлеңдерінде айшықты тіл, кестелі сӛз ӛрнегі
мол. Әлпештеу поэзиясының бесік жыры, уату-алдарқату
жыры, мәпелеу жырлары, балалар тақпағын еске салады.
«Ана» ӛлеңінде ана монологы жоқ, сырқат бӛбегінің
жанындағы қасірет шеккен ана кейпі сипатталады. Баяндау
арқылы ананың балаға деген махаббатының ӛлшеусіздігін
кӛрсеткен ақын. «Сылдырмақ» - бала мінезіне құрылған
ӛлең. Бӛбек пен оның ағасы Әлімжан мінезі шағын ӛлең
ішіне сыйып кете берген.
Бӛбектің егер қолынан
Түсе қалса сылдырмақ,
Әлімжан аға болмысы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
148
Сылдырмақты сыйдырмақ,
Ең болмаса «байқаусыз»
Басып кетіп сындырмақ.
Тағы да бӛбектің мектепке баруын, білім алып, әлім
болуын тіліген тілек «Сал, сал білек, сал білек» ӛлеңінен
кӛрінеді. Халық ӛз ӛлеңінде «ал, білек, ал, білек, атаң тілін
ал білек, мал ішіне бар білек» десе, ақын «Сал, білек, сал,
білек, балдан тәтті бал білек, мектепке бар бір мезгіл,
әжеңнің тілін ал, білек» дейді. «Атаның кӛңілі балада,
баланың кӛңілі далада» демекші, «Бӛбектің тілегі» ӛлеңінде
малжанды бӛбек қозы, лақ, құлыншақты ӛзінің тілек тілеу
объектісіне айналдырады. Тоқтышақтың тоғыз, саулық
қойдың сегіз, құла биенің құнан табуын тілейді. Бӛкен
жүнді бӛрте ешкінің тӛрт айда тӛрт ешкі болуын, әукесінің
алты рет бұзаулауын ӛтінген бӛбек тілегі бар. «Сұр қүлын»
ӛлеңінде шағын сюжет сілемі бар. Сүліктей сұлу сұр
құлынын жаз бойы Әлжан сылап-сипап қызықтайды. Қыс
түсіп, арада біраз уақыт ӛтеді. Әлжан құлыншағын кӛруге
келеді.
Сұр құлын жоқ алдында
Жалбыраған жабағы:
Томпиды аузы Әлжанның
Салбырады қабағы.
Достарыңызбен бөлісу: |