Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет66/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

 
Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
С.Сейфуллиннің «Маузер», «Бұлшық ет», «Балалар», 
«Келіншектің бесік жыры», «Ананың хаты», «Анаға жауап», 
«Бандыны қуған Хамит» шығармаларына бүгінгі күн 
тұрғысынан баға беріңіздер. 
Оқуға ҧсынылатын кітаптар 
1.
Сейфуллин С. Ӛлеңдер мен поэмалар. - Алматы:
Мектеп, 1988. 
2.
Талжанов С. Сейфулланың Сәкені. -Алматы: Қазақтың
мемлекеттік кӛркем әдебиет баспасы, 1959. 
3.
Қазақ 
балалар 
әдебиетінің 
хрестоматиясы. 
-
Алматы:Мектеп, 1980. 
4.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2 кітап. –
Павлодар: Арман, 2004. 
3 тарау. Б.МАЙЛИН 
Ӛлеңдері. 
Халықтың бесік жыры, тұсау кесу жырлары 
дәстүрінде жазылған «Әлди»(Ана жыры)(1923), «Тәй, тәй... 
қаз,қаз...»(1923) ӛлеңдерінің мазмұны жас балаға тілек тілеу 
сипатында болғанымен, негізінен, ел ӛмірінің келеңсіз 
кӛріністерімен таныстырады, қазақ әйелінің мұң-шеріне 
ортақ етеді. Б.Майлиннің «Тәй, тәй...қаз, қаз...» ӛлеңінің 
дәстурлі 
фольклорлық 
тұсау 
кесу 
жырынан 
айырмашылығы, бұнда тілек шеше атынан айтылады. 
Халық бесік жырына ұқсайтын тұстары да бар. Мәселен, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


166 
баланың жарқын болашағына құрылған ақ тілекпен бірге, 
«ел сүймесе, сүймесін, ӛзім сүйген бӛпешім» дегенге ұқсас 
тіркестер де үшырасады. 
Кӛз нұрым, кӛңілімнің қуанышы, 
Кейпіңді жаман дейді қандай кісі... 
Ӛзімнен басқа жері айныған жоқ, 
Мұрнының әкесіне тартқан ұшы... 
Халық бесік жырының дәстүрлі және суырып салма 
деген түрлері бар. Суырып салма бесік жырында от басы, 
ошақ қасындағы әйелдің күйініш-сүйініші, мұң-тілегі 
айтылатыны белгілі. Б.Майлин ӛлеңінде де шешенің бала 
күтудегі бейнеті, мұң-зары айтылады. 
Шаршаймын, белім талып, әсіресе, 
Ойнатып жетелеумен жүрсем біраз. 
Қаншама кӛрдім, қалқам, бейнетіңді, 
Тӛрт бӛліп, бір сен үшін түнгі ұйқымды. 
«Құдайға» жатсам-тұрсам зар етемін. 
Ы.Алтынсарин 
ӛлеңінде ананың балаға деген 
қамқорлығы үшінші жақтан айтылса, Б.Майлин ӛлеңінде 
бірінші жақтан, ана атынан айтылады. Ана тілегінің 
бӛлекше кӛрінетін жері де бар. Қосағының жәбіріне баласы 
үшін кӛнеді. Баласы ӛскенде есе қайтарына үмітті. 
Қайтейін бір сен үшін жүрмін кӛніп, 
Осыған жігіт болсаң, қүдай беріп, 
Шырадай сорлы кӛзім бір ашылар 
Әкеңді билеп-тӛстеп алсаң ерік. 
XX ғасыр басындағы, 20-30 жылдардағы авторлық 
бесік жырларының, тұсау кесу жырларының ерекшелігі, 
білімді азамат, дӛкей қызметкер болуды тілек етуінде. 
Молдаға оқытармын тілің шықса, 
Шығарсың білікті боп оқу жұқса, 
Дабылың ақырғанда жерді жарып, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


167 
Дұшпаның айбатыңнан басып ықса.... 
Ӛлеңде «тәй, тәй, тәй, қаз, қаз, қаз» деген қайталаулар 
орын алған. Қайталаулар 1 шумақта, 4 шумақта және 9 
шумақта айтылады. Бірінші және тӛртінші шумақтағы «Тәй, 
тәй, тәй, қаз, қаз, қаз, Аяғын апыл-тапыл басқанға мәз» 
қайталаулары баланың қадамын қызықтауға қатысты 
қолданылған. 
Тоғызыншы 
шумақтағы 
қайталаулар 
болашақта жүзеге асатын шеше тілегіне байланысты 
тӛмендегіде ӛзгеріске түскен: 
Тәй, тәй... тәй... Қаз, қаз,.. қаз, 
Қуанып әжең сонда болмай ма мәз. 
Әлдилеп немеремді алдыма алып, 
Отырсам келін жұмсап, оқып намаз... 
Б.Майлиннің «Әлди(Ана жыры)» деп аталатын ӛлеңі 
де халықтың дәстүрлі бесік жырынан мүлде ӛзгеше. Мұнда 
фольклорлық суырып салма бесік жырындағы сарын бар. 
Бесік тербетіп отырған ана бӛпесіне мұңын шағады, зарын 
айтады, қорқынышы мен үрейін білдіреді. Ӛлеңде 
әлеуметтік теңсіздік мәселесі бой кӛтереді. 
Әлди, әлди... әуп бӛпем, әлди-ай, 
Сорлы әкеңді малайлыққа салды бай. 
Жарық сәуле кӛрсетпедің ӛмірге, 
Қандай ӛшің болды бізде, әй, құдай. 
Ӛлең кейіпкері құдайға реніш білдіреді. Сонымен бірге 
тағдырға бойұсынады. «Ӛмірімде бір бүтін кӛйлек кимедім» 
деп ӛз-ӛзін аяйды. «Сорлы жүдеп жүрген шығар ыстықта» 
деп күйеуін еске алады. 
Әлди, әлди... Күюін-ай етінің, 
Мына жері ісік пе, ойбай бетінің
Тезек тер деп тағы мазаны алады, 
Шырылдатып қиын тастап кетуім... 
- деп балаға да жаны ашиды. Бірақ бай мен бәйбіше 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


168 
алдындағы қорқыныш сезімі бұлардан үстем. «Әне, ойбай, 
дауысыңды бай есітті», «Келіп қалып ұрсар ма екен 
бәйбіше...» деп үрейленеді. Ендігі бір сәт «Қойшы, қалқам, 
емші мына мамаңды, сен де аяшы сорлы болған анаңды» - 
деп жалынады. 
Айқай дәурен. Билік болса басыңда, 
«Әй!..» деп жұмсап ер отырса қасыңда, 
Ӛсірмес пе ек қолдан бір кез түсірмей, 
Қалқатайды сылап, сипап жасында... 
Балаға күтім керек. Оны сылап-сипап ӛсіру керек. Бар 
гәп биліктің жоқтығында болып тұр. Билік болғанда, 
баланы мәпелеп ӛсіретін жағдай да болған болар еді. 
«Қағынғыр»(Ананың ашуы)(1926) ӛлеңінде анасының 
баласына деген ашуын жыр тілімен ӛрнектейді. Бала 
тірлігіндегі кейбір кӛріністер «Ойынға, екіншідей баршы, 
кәне, тӛмпештеп әкелейін, тӛбеңді ойып!» деп келетін шеше 
сӛзімен, оның ой-сезім, түсінігімен әдіптеліп беріледі де, 
бала ӛмірінен гӛрі ересек адамның(әйелдің) харакеті мен 
ауыр тұрмыс жағдайынан сыр суыртпақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет