Ҥ БӚЛІМ
20-30 ЖЫЛДАРДАҒЫ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ
1 тарау. 20-30 ЖЫЛДАРДАҒЫ БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
20-30 жылдары кӛркем әдебиетке тікелей қатысты
қаулылар қабылданды. 1925 жылы 18 маусымда Орталық
комитет
қабылдаған
«Партияның
кӛркем
әдебиет
саласындағы саясаты туралы» қаулысы ел мәдениетін
пролетариат мүддесіне ыңғайлау саясатын ұстанды. 1932
жылғы 23 сәуірдегі «Кӛркем әдебиеті ұйымдарын қайта
құру
туралы»
қаулысы
бойынша
пролетариат
жазушыларының
ассоциациялары
таратылып,
Кеңес
жазушыларының Одағы құрылды.
Жаңа идеологияны орнықтыру мақсатын кӛздеген
қаулы-қарарлардан балалар әдебиеті де қағыс қалмады.
1930-32
жылдары мектеп пен пионер ұйымдары
жүмыстарын жақсарту және балаларға арналған кітаптарды
кӛптеп
бастырып
шығару
жайында
қабылданған
қаулыларды атап ӛткен жӛн. Қабылданған қаулыларға орай
жер-жерде баспасӛз ісі жандана бастады.
1921 жылы балалардың Кітап Оқу институты(институт
детского чтения) ашылды. 1922 жылы Ленинградта
пединститут жанындагы балалар кітапханасында үйірме
жұмыс істей бастады. Үйірмеде сыншылармен қатар
С.Маршак, Б.Житков, В.Бианки және т.б. жазушылар қоян-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
158
қолтық қызмет атқарды. 1932 жылы «Балалар мен
жасӛспірімдер әдебиеті» бюллетені шыға бастады. Ол 1935
жылы «Балалар әдебиеті» журналына айналды. Балалар
әдебиеті сыны саласында ӛнімді еңбек еткен сыншылар
шоғыры пайда болды. Баспасӛз беттерінде Н.Крупская,
А.Луначарский,
М.Горький,
Д.Фурманов,
А.Фадеев,
А.Макаренко, К.Федин, Ю.Олеша, Ю.Тынянов сияқты
қоғам қайраткерлері мен жазушылар балалар кітаптары
жӛніндегі ой-пікірлерімен бӛлісті.
1925 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның
Орынбор қаласында «Пионер» журналы шыға бастады.
Редакторы Ерғали Алдоңғаров болды. М.Әуезов журналға
алғысӛз жазды. Журналда Б.Майлин, Ш.Иманбаева,
С.Мұқанов тілшілік қызмет атқарды. Журнал ӛз жұмысын
қазақ даласын жаппай білім алуға жұмылдыруға бағыттады.
Кадр және қаражат тапшылығынан журнал жабылып
қалады да, 1931 жылы «Екпінді жас», 1937 жылы
«Вожатыйға кӛмекші» деген атпен шығып тұрады.
1930 жылы 5 қарашада Қазақстанда «Пионер» деген
атпен балаларға арналған газет те жарық кӛре бастады. 1937
жылдың наурыз айынан бастап газет аты «Октябрь
балалары» болып ӛзгерді. 1924-1925 жылдардан бастап
шыға бастаған «Жаңа мектеп» (қазіргі «Қазақстан мектебі»)
журналында да балаларға арналған ӛлеңдер мен әңгімелер
басылып тұрды.
Кеңес балалар әдебиетін қалай жасауға болады дегенде
кеңестік
ақын-жазушылардың
дағдарғаны
анық.
Тығырықтан жол тапқан М.Горький болды. Кеңес
Одағының түкпір-түкпіріндегі пионерлерге «Пионерская
газета» арқылы «қандай кітаптарды оқып жүрсіңдер, қандай
кітаптарды оқығыларың келеді? Бұрын басылып шыққан
кітаптардың қайсыларын қайта басып шығару керек?» деген
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
159
сауал жолдады. Балалардан екі мыңнан аса хат келеді.
«Саяхаттар жайлы, соғыс туралы, революция хақында,
аспан әлемі, аңдар, жер жүзіндегі түрлі елдер жайлы кӛбірек
болса екен,»- деп жазьшты балалар» - деп еске алады
хаттарды реттеп, баспаға даярлаған С.Маршак. «Енді
«Балалар баспасы» не істеу керек екенін біледі және кӛп
кешікпей қызық кітаптар қолдарыңа тиіп қалар» деп жауап
жазады Горький пионерлерге. Горькийдің 20-жылдардың
аяғы мен 30-жылдардың басында жарыққа шыққан «Тағы да
сауаттылық
туралы»,
«Балалар
әдебиеті
туралы»,
«Балаларға - әдебиет», «Тақырыптар туралы», «Балалар
кітаптары мен ойындары туралы жазбалар» мақалаларында
болашақ балалар жазушыларын тәрбиелеу мәселесі басты
орынға қойылды. Демек, балалар әдебиеті жанашырлары
қаламынан
туған
20-30-жылдардағы
мақалалар
қаламгерлерге нені жазу керек, қалай жазу керек екендігін
түсіндіруге құрылып, оларды ӛзгеше кӛркемдік ізденістерге
бет бұруға шақырды.
20-30
жылдар
туғызған
мақалалардың
қазақ
жазушыларына әсері болғандығын олардың осы кезеңдегі
шығармаларынан айқын байқауға болады. І.Жансүгіров,
С.Сейфуллин, Б.Майлиннің жаңа заманды суреттейтін, жаңа
қоғамды құрушы жастарды, тӛңкеріс ерлерін бейнелейтін
шығармалары бұл күндері 20-30 жылдардағы қазақ кеңес
балалар әдебиетінің даму ӛзгешелігін, саяси-әлеуметтік
нысанасы мен идеялық-кӛркемдік деңгейін танытатын
кезеңдік шығармалар болып қалғанымен, ауыз әдебиеті
дәстүрі мен үлгісінде жазылған бір бӛлегінің бүгінгі балалар
әдебиеті талабына жауап беретін сипаттары да бар.
Кеңес жазушыларының 1934 жылы ӛткен I съезіне
Қазақстаннан Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин қатысты.
Горький кеңес әдебиеті дамуының алдағы перспективасы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
160
жайындағы баяндамасында кӛркемсӛз шеберлерімен қоса
ғалымдар мен педагогтарды да балалар үшін кӛркем
әдебиет жазуға шақырды. С.Маршактың баяндамасы кеңес
балалар әдебиетінің жай-күйі мен алдағы міндеттеріне
арналды. Съезд балаларға арналған кітаптарды кӛптеп
шығарудың бағдарламасын жасауды міндеттейтін қаулы
қабылдады. Сонымен жаңа қоғам жаңа балалар әдебиетін
керек қылды. Социалистік құрылысты кӛрсететін әдебиет
қажет болды. Жаңа балалар әдебиетінің алдында
коммунистік идеологияны насихаттау міндеті тұрды. Бірақ
міндет айқын бола тұра, жеткіншектер әдебиетіне
бұрынғыша бейіл сақтала тұра(съезд делегаттарының елге
оралысымен ӛз қаламдастарын балалар әдебиетін жасауға
шақыра тұра) съезден кейінгі кезеңдерде қазақ балалар
әдебиетіне олжа салатын кӛркем дүние туа қойған жоқ.
Бұның себептері мыналар: Біріншіден, балаларға арнап
шығарма жазудың қиындығын мойындау жаңа қадамға
тұсау салды деуге негіз бар. «Біз енді кустарлықтан шығып,
не жазсақ та терең алып, тепшілеп, зерттеп, мәстірлеп
жазып,
дәуіріміздің
керегіне
жарайтын
маңызды
шығармалар беруіміз керек» - деген болатын І.Жансүгіров
Қазақстан
жазушыларының
I
съезінде
жасаған
баяндамасында. Ал тепшілеп, зерттеп, мәстірлеп жазуды
қажет ететін, әсіресе, балалар психологиясын алабӛтен
зерттеп барып «мәстірлеп» жазуға кірісуді тілейтін әдебиет
- балалар әдебиеті. Және қазақ балалар әдебиетінің бұған
дейінгі қалыптасқан дәстүрін заман талабына қарай икемдеу
«социализмді
жырлаудың
әлемдік
тәжірибесінің
жоқтығынан» оңайға түспеді. Екіншіден, бұрынғы жазған
шығармаларға кӛңіл толмаушылық. Мүлт кеткен жерлерін,
әсіресе, съезден кейін тап басып танулары ғажап емес.
Науқаншылдықтың ӛріс алуы, бала табиғатына ене
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
161
алмаушылық, мінезсіз баяндауға бой алдыру, идеяны жалаң
танытуға
тырысушылық,
диалогтардың
нәрсіздігі,
формалық ізденістердің мардымсыздығы - осының бәрі
белгілі бір дәрежеде балалар әдебиеті дамуын тежеді.
Үшіншіден, қаламгерлер ӛздерінің еркін жүзетін айдынына
бет қойды. Бейімбет проза, публицистикаға ойысты да, ауыл
ӛмірін, ӛндіріс саласын тереңірек зерттеуге кірісті.
С.Сейфуллин де, І.Жансүгіров те талант тізгінін үлкен
жанрларда ағытты. Сонымен 20-30 жылдар қазақ балалар
әдебиеті кеңестендіру науқаны мен қолдан күштеу жолымен
жасалған социализмнің алғашқы баспалдағындағы үстем
болған танымдық кӛзқарас нәтижесінде дамыды да,
кӛркемӛнер тарихьшан ӛзіне лайық орын алды.
Достарыңызбен бөлісу: |