Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет61/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

Ертегілері. 
Жүсіпбек Аймауытовтың балаларға арнап 
жазған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Кӛк ӛгіз», «Үш 
қыз» сияқты ертегілері бар. Олар суретті кітапша үлгісінде 
жарық кӛрген. «Кӛк ӛгіз» ертегісі былай басталады «Ертеде 
үш ағайынды жігіт болыпты. Мал дегенде үшеу ара жалғыз 
ӛгізі болыпты. Үлкені кӛк ӛгіздің басын алады, ортаншысы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


154 
-ортасын, кішісі - артын алады. Үлкені ӛгіздің басын, 
ортаншысы ортасын, кішісі артын бағып жүреді. Бір-екі 
жыл ӛткенде кӛк ӛгіз ӛседі, үлкейеді: үш ағайынды жігіт 
бірін-бірі кӛре алмайтын болады». Ертегіде адам сенбес 
оқиға ары қарай жалғаса түседі. Мәселен, бір қара бүркіт 
серкенің мүйізіне қонып отырып, ӛгізді жейді. Жауыннан 
ықтап, серкенің омырауына тығылып отырған қара 
шаруаның кӛзіне ӛгіздің жауырыны түсіп кетеді. Кейінгі 
оқиғалар легін ертегінің аяғынан түсінуге болады. Ертегі 
аяғы сұрақ-жауапқа құрылған. Автор оқушыларға сұрақ 
қояды және оған ӛзі жауап береді. «Енді мұны, оқушылар, 
ойларыңа жүгірт: кӛк ӛгізді кӛтеріп ұшқан бүркіт күшті ме? 
Бүркіт пен кӛк ӛгізді кӛтерген серке күшті ме? Немесе кӛк 
ӛгіздің жауырыны кӛзіне түскенде, шӛп құрлы кӛрмеген 
қара шаруа күшті ме? Жоқ, үш жүз кісіні ер-тоқымымен, 
қару-жарағымен сүйреп жүрген түлкі мықты ма? Әйтпесе, 
сол түлкінің жарты терісі тымақ шықпаған бала мықты ма? 
Болмаса, қырық қап тезекті жаяу арқалап, кӛлден ӛтіп келе 
жатқанда баласының түсіп қалғанын сезбеген қатын мықты 
ма? Ең мықтысы қайсы? Осының бәрінен де кок ӛгіз бен 
бүркітті бірдей кӛтерген серке мықты. Екінші, кӛзіне түскен 
кӛк ӛгіздің жауырынын шӛп құрлы кӛрмеген қара шаруа 
мықты. Түлкі, қатын, бала - үшеуінің мықтылығы бірдей». 
Ж.Аймауытовтың 
«Жаман 
тымақ» 
ертегі-
поэмасы(1929) М.Жұмабаевтың «Жүсіп хан», «Ӛтірік 
ертек» дастандарына қарағанда шағын кӛлемді. Мағжан 
поэмаларындағыдай ұзын-сонар кіріспе жоқ. Балаларды 
шығарма оқиғасына дайындау ыңғайы да байқалмайды. 
Кейіпкер сипаттамасы да кӛп берілмейді. Жеті, сегіз буын 
аралас жыр ӛлшемімен жазылған. 
Жаман тымақты кедейдің жалғыз сиырын ауылнай 
алып қояды. «Сорлы кедей қалбаңдап, жаман тымақ 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


155 
жалбаңдап» ақсақалға барады, одан қайыр болмаған соң 
болысқа келеді, болыс ұрса жӛнелген соң молдаға 
жолығады. Байдан несиеге он сом сұрайды. «Ортан қолдай 
бес бұзау жыл шығарып бересің?» деген соң начальникке 
жолықпақ болып кеңсеге келеді. Мне, осыдан бастап жаман 
тымақ хикаясы басталады. Кӛп қағаздың арасында жатқан 
тымақты бір күні тілмаш тысқа лақтырады. Кӛшеде жүрген 
бір ақ ит тістеп алып кетеді де, ат қора түбіне тастайды. 
Ӛткен түні қорадан 
Ат жоғалған түн екен. 
Қазақ-орыс иесі 
Атын іздеп жүр екен. 
Тымақ тапты, кенелді, 
Кеңсеге алып жӛнелді. 
Жаман тымақ бүрісіп, 
Құлақтары құрысып, 
Шәрке, телпек серік боп, 
Жатты шкафта құнысып. 
Арада айлар, жыл ӛтеді. Шкаф ашылып, тымақ та, 
телпек те, шәрке де бостандыққа шығады. Билік озгерген. 
Ӛзіи тысқа лақтырған тілмаш та, шкафқа тастаған қазақ-
орыс та қуғынға түскен. Бүл ӛзгеріске жаман тымақ 
әжептәуір желпінеді. Бір қазаққа селбесіп еліне қайтады. 
Қалпақты қазақ тоңған соң қалпағын тымаққа ауыстырады. 
Сӛйтіп далақтап елге жетеді. «Жаман тымақ қаладан 
келіпті» деген хабар жедел тарайды. Тымақ біткен жиылып 
қалады. Түлкі тымақ, сәлде, күрең тымақ, кӛнетоздау кӛк 
тымақ, боқша асынған сұр тымақ бірі қонаққа шақырып, 
екіншілері бата бермек болып жік-жапар болады. Жаман 
тымақ ешқайсысын жанына жолатпайды. Кӛнетоздау кӛк 
тымақты ұрғызбақшы да болады. Боқша асынған сұр 
тымақтың боқшасын тартып алады, шоқша сақалын
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


156 
жұлады. 
Жапырық жаман тақия 
Шыға келді ақыра: 
«Мырзамызға тимесін, 
Қайдан шыққан немесің?» 
«Сенің қамың жеп тұрсам, 
Сендер үшін кеп тұрсам, 
Ақылы кем, бақыр-ау! 
Сенікі не батыр-ау? 
Бері кеп айтшы сӛзіңді; 
Шырамыттым ӛзіңді!» 
Таянып ед тақия: 
Ойбай! Мені тақиям! 
Ойбай! Менің тымағым! 
Деп бір-бірін танысты, 
Шұрқырасып қалысты. 
Поэмада елдегі ӛзгерістер ғана емес, ел мінезі де жақсы 
кӛрінген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет