Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет65/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

2 тарау. С.СЕЙФУЛЛИН
Ӛлеңдері. 
С.Сейфуллиннің 
«Бандыны 
қуған 
Хамит»(1922), «Балалар»(1925), «Ананың хаты»(1925), 
«Келіншектің бесік жыры»(1926), «Анаға жауап»(1926), 
«Совпарттағы қарындасыма»(1926), «Пионерлер»(1929), 
«Маузер»(1929), «Біз комсомол»(1935), шығармалары кеңес 
кезеңінде балалар оқуына ұсынылды. Аталған шығармалар 
кеңес дәуіріндегі балалар әдебиетіне жаңа тақырып, жаңа 
мазмұн енгізді, оны социалистік құрылыс идеясымен 
жандандырды. С.Сейфуллин Омбыда оқып, білім алды. 
Ондағы орыс революционерлерімен қарым-қатынас жасады. 
1917 жылы Ақмолада Кеңес үкіметін орнатуға қатысты. 
1918 жылғы кӛтеріліс кезінде ақ гвардияшыл атаман 
Анненковтың 
қолында, 
Колчактың 
Омбыдағы 
концлагерінде азап кӛрді. 1919 жылы қашып шығып, 
Оңтүстік 
Қазақстанға 
ӛтті. 
Орынборда 
Қазақ 
республикасының басшы қызметтерінде болды. Сол себепті 
де С.Сейфуллин ұлттық әдебиетте тұңғыш рет азаттық 
сүйгіш, күрескер қаһарманның бейнесін жасады. 
Тӛңкеріс кезіндегі және кеңес ӛкіметі енді орнаған 
тұстағы оқиғаларды «Маузер», «Бандыны қуған Хамит» 
шығармалары арқылы суреттеді. «Маузер» ӛлеңі Сәкеннің 
революциялық 
кӛзқарасын 
танытатын 
шығарма 
болғандықтан уақытында ӛз бағасын алды. Ӛлеңде Отаны, 
елі, ӛз халқының азаттығы үшін қан майданда ауыр 
жараланған азамат ӛзінің ақтық сӛзін анасына, жас жарына, 
баласына, майдандас достарына арнайды. Оның Отанға 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


163 
деген сүйіспеншілігі, қайсарлығы, жауға қаталдығы 
суреттеледі. Автор жас ұрпақтың алдына үлкен мақсат 
қояды, оларға сенім мен жауапкершілік арта сӛйледі. 
Жаңа құрылыстың алғашқы даму кезеңдерін әңгіме 
ететін «Бандыны қуған Хамит» әңгімесі ӛкіметке қарсы 
іріткі салу саясатын жүргізген бандылардың саясатын 
әшкерелеуге арналды. Композициялық құрылысындағы 
ерекшелік: оқиға желісі бірден басталып кетпейді. Автор 
алдымен айналамен, оқиға болатын жермен, шығармада 
суреттелетін кісілермен таныстырады. Банды бастығы мен 
оның ізіне түскен Хамиттің жүріс-тұріс, мінез, сырт тұлға 
ерекшеліктері салыстырыла суреттелгендей әсер береді. 
Хамит портреті арқылы еңбекте, істе тӛселген азаматтың 
кейпі балаларға үлгі боларлық қалыпта суреттеледі. 
Әңгімеде күз айларының сұлулығына ерекше кӛңіл 
бӛлінген. Табиғаттың әсем кӛріністері әңгіменің арқауы 
болып 
отырған 
оқиғаларға 
байланысты 
алынған. 
Пейзаждық кӛріністер негізгі кейіпкерлердің мінезі мен 
типтік бейнесін әр жақты аша түсуге қызмет еткен. Әңгіме 
композициясының шебер құрылуы осы жағынан кӛрінеді. 
Оқиға ӛзінің шарықтау шегіне жеткенге дейін кейіпкердің 
сырт түлға, мінез ӛзгешеліктерімен де, пейзаждық 
кӛрінісімен де оқушысын әр алуан ойға түсіреді, 
қызықтырып, еліктіреді. Сәкен түрлі бейнелі сӛздерді, 
эпитеттерді, 
теңеулерді, 
метафораларды 
кеңінен 
пайдаланады. 
Аталған 
шығарма 
осы 
аталған 
ерекшеліктерімен де және тарихи жағдайлар, яғни ӛмірде 
болған оқиғалар жайында хабардар ету қасиетімен де 
бүгінгі уақыт кезеңінде құндылығын жоймақ емес. 
Сәкеннің балаларға арналған ӛлеңдері баланың кӛз 
алдына болашақтың жарқын бейнесін, еркін ӛмір сәулесін 
елестті. «Балалар», «Келіншектің бесік жыры», «Ананың 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


164 
хаты», «Анаға жауап», «Пионерлер», «Біз комсомол», 
«Совпарттағы қарындасыма» ӛлеңдері осы тұрғыда 
жазылған. Алға қойған ізгі мақсаттар мен арманға жетуді 
кӛздеу керектігін ақын жас жеткіншектердің есіне салып 
отыруды мұрат тұтты. Жас ұрпаққа ӛнер-білімнің пайдалы 
жақтарын айтты. Жоғарыда аталған ӛлеңдері «болашақ 
тұтқасы - жас ұрпақ» деген ойды білдірді. 
С.Сейфуллиннің «Балалар»(1925) деп аталатын жеңіл 
ұйқасқа құрылған ойнақы ӛлеңі бар. Баланың табиғат 
аясындағы тірлігін суреттейтін, 4 және 7 аралас буынды 
ӛлең. 
Міне, дала... 
Бір топ бала, 
Жүгіреді айнала. 
Мінген таяқ, 
Жалаң аяқ, 
Табандарын кӛк бояп. 
Жұлып сасыр, 
Салады асыр, 
Аунап жерге кӛк жасыл. 
Дегенмен, 
ӛлең 
соңының 
саяси 
сипатпен 
бедерленуінен(«жас тұлымшақ, тап құлыншақ», «Совет - 
атаң, дүние - Отан», «Туың қызыл, кӛлемі ұзын») оның 
бастапқы бояу-нақышы солғын тартқан. Ақынның заман 
талабынан тысқары кетпегендігін 1926 жылы жазған 
«Келіншектің бесік жыры» ӛлеңіндегі мына бір шумақтан 
да байқаймыз: 
Ӛңкей біздей зарлыға, 
Кемдіктегі жарлыға, 
Жаным менің ер жетіп, 
Кӛсем болар ма екенсің? 
Бағдарласақ, С.Сейфуллиннің «Келіншектің бесік 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


165 
жырында» бӛбектің тезірек ер жетіп, елге қамқор азамат 
болуы - басты тілек. Ал фольклорлық бесік жырында 
есейген баланың әкесі мен шешесіне қарайласуы басты 
тілектің бірінен саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет