135
Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның
уалшағын тапқан соң ӛзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан,
үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя
істеуге шӛп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ».
«Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ» деген ойдың
А.Байтұрсынов пен С.Кӛбеев ӛлеңдерінде берілуін
байқайық:
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да;
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
(А.Байтұрсынов)
Ертеңгі шақыруымен әтеш құстың,
Халықтар кетіп жатыр егіндікке.
Күн шығып, терезеге сәуле түсті,
Тұрыңыз, жарамас тек уақыт ӛтсе, -
(С.Кӛбеев)
Ӛлең шумактары қыбырлаған тірлік иелерінің
әрекеттерін суреттеуге құрылған. Соңғы «Аллалап», ал
кітапты қолдарыңа! Құлдарын құдай сүймес жалқау болған»
деген екі жол тағы да Ыбырай әңгімесінің «сені де
құдайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға
әдеттенуге керек» деген қорытындысымен үндес. Бұл тұста
Ыбырайдың «Бір құдайға сиынып, кел, балалар, оқылық!»
деп басталатын әйгілі ӛлеңін де еске түсірген жӛн.
«Қырық мысал», «Маса» жинақтары қазақ балалар
әдебиетін жаңа тақырыппен, идеямен байытты. Абайдың
ақындық дәстүрі ілгері жалғасты.
Достарыңызбен бөлісу: