Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет52/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

«Кӛркемтай» 
әңгімесі(1924). 
«Прозалық 
шығармаларының ішінде идеалы-кӛркемдік жағынан 
елеулісі - «Кӛркемтай» әңгімесі. Бұл Сәбиттің 1916 жылы 
жазатын «Ӛгей ұл» атты сюжетті ӛлеңімен тақырыптас, 
үндес сияқты. Осы кезде жазылған(1924ж.) Мұхтар 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


118 
Әуезовтың «Жетім» атты әңгімесімен де ұқсастығы жоқ 
емес. Бәрінде де жетім балалар дүниеқоңыз жауыз 
ағайындарының қорлығын кӛріп, аянышты тұрмысты 
басынан кешіп, ақыры ӛледі» - дейді Е.Исмаилов Сәбит 
Дӛнентаевтың 1957 жылы жарық кӛрген кітабының 
алғысӛзінде. 
«Ӛгей 
ұл» 
ӛлеңінің(1916) 
сюжеті 
тӛмендегідей: Бір байдың інісі ӛліп, келініне әмеңгерлік 
дәстүрмен некеленеді. Інісінен жалғыз ұл қалады. Бала ер 
жетеді. Бай жалшыны алыстан іздемейді. Жетім ұл күн-түн 
демей байға қызмет етеді, малын бағады. «Қыз айттырсын» 
деген сӛзін шаруаның кӛптігін сылтау қылып бай елең 
қылмайды. Күндердің күнінде жас бала боранда қалады, 
суық тиіп аурулы болады. Содан оңалмайды. О дүниеге бет 
бұрған балаға бай кенеттен «жалаға қалмалық!» деп қыз 
айттырмақ болады. Біреумен құда болып балаға кеп 
естіртеді. Тілсіз қалған бала қолын сермейді. 
Атқарылып қарыздан, 
Мойнындағы парыздан, 
Жағасы жайлау бай қалды. 
Ырзалық деп қол сермеу, 
Сол ма, жоқ па ол сермеу 
Кім тексерсін жәй-халді? 
«Кӛркемтай» әңгімесі Орынбор қаласында шығып 
тұрған «Жас қазақ» журналының №4, №5, №6 сандарында 
1924 жылы басылған. Әңгіме аяғына «Жетім» деп қол 
қойылған. Әңгіме «Кӛркемтайдың шын аты - Кӛркемәлі, 
кішкене кезінде балалармен ойнағанда тілі келмеген 
балалар «Кӛркемтай» деуші еді. Шешесі де еркелетіп 
сүйгенде «Кӛкемайым-Кӛркемтайым» деп әдеттеніп, содан 
«Кӛркемтай» атанып кеткен» деп басталады. Автор әңгіме 
басынан-ақ Кӛркемтайдың ана махаббатына бӛленіп ӛсіп 
келе жатқан жеткіншек екендігін байқатады. Жазушының 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


119 
Кӛркемтай ӛмірінде болатын кейінгі келеңсіз жайттарды 
тағдырдың қатал соққысы ретінде сипаттайды. Кӛркемтай 
қайырымсыздық құрбаны. Әмеңгерлікпен Кӛркемтайдың 
шешесін әйелдікке алған Ысқақ - мейірімсіздік дәнін егуші 
басты адам. «Қасындағы ағайын кӛршілерінің балалары 
Кӛркемтайдың жақсы жүргендігін күндеп кӛре алмайтын. 
Кӛркемтай үйіне барса, Ысқақтың үйінің ішімен жабыла 
ұрсып әлденемелер айтып, баланың тауын шағып жіберетін: 
- Сен, жалмауыз обыр, әкеңді жұтып, енді қарайған 
малыңды жұттың. Бүкіл бір үйдің малы сенің киімің мен 
тамағыңнан артылмайды. Шешең мен екеуің әкеңнің 
дүниесін құрттыңдар, - деп балағаттап, Кӛркемтайды 
жылатып жіберетін. Оны шешесі есіткенде, Ысқақтың 
үйімен ұрсып: - Менің жалғызымда нелерің бар! - деп, 
баласы үшін әлденеше рет таяқ жеп, басы жарылған күндер 
де болған». 
Шеше 
шарасыздығы 
Кӛркемтай 
басында 
ауыртпалықтың болмай қоймайтындығын аңғартады. 
Ысқақтың тепкісінен кӛз ашпаған Кӛркемтай шешесінің 
ӛлімі бұл ауыртпалықтың келуін тездетеді. Күзгі ауылдың 
кӛңілсіз күйі шешесінен айрылғалы жылға жақындаған 
Кӛркемтай кӛңіл-күйімен ұштастырылады. Ысқақтың 
шешесі жататын кереуеттің аяқ жағында ескі кӛрпеге 
оранып, басын бүркеп, домаланып жатқан Кӛркемтай 
жатысы оның шешесі ӛлгеннен кейінгі сүреңсіз, сұрқай 
ӛмірін кӛрсетеді. Бір үйлі жанның ішіндегі қайрымдысы - 
Ысқақтың келіні Нағима. «Кӛркемтайдың Нағимаға бауыр 
басушылығының себебі Нағиманың ӛзі бір түрлі жұмсақ 
жүректі, жылы жүзді, кісіге жақындығы бар әйел еді. 
Біреудің зорлауымен Ысқақтың баласына тиген». 
Бірақ Ысқақтардан қаймығатын жас келін Нағиманың
жан жылуы Кӛркемтай үшін білте шамның жарығындай-ақ. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


120 
Кӛркемтай үйінің қораларын Ысқақтың бұзуы, тайынан 
үйреткен кӛк бестісін алып қоюы - жетім бала қайғысын 
қалыңдата түседі. Білте шамның соңғы жарығы Нағиманың 
Ысқақ үйінен кетуімен бірге ӛшеді. «Нағима кеткеннің 
артынан Кӛркемтайдың қайғысы бұрынғысының үстіне екі 
есе болып жамалды, бұрынғыдан да жаман хияли болды. 
Күн-түн демей беті ауған жаққа кетіп қалған күндері болды. 
Қыстың қақап тұрған аязды кештерінде талай рет ауыл 
адамдары далада қаңғып жүргеннен алып келіп үйіне 
қондырып жіберіп жүрді. Кейде жұмсақ кӛңілді біреулері 
Ысқақтың үйіне ұрысып тапсырып кетуші еді». Қайғы, 
бірінші 
жағынан, 
қысқы 
суық, 
екінші 
жағынан, 
Кӛркемтайды дертті етті. Кӛктемгі мамыр айының кӛркем 
күні тек Кӛркемтайға ғана қуаныш сыйламады. Дерт қысқан 
Кӛркемтай кӛк моланың бір бұрышында бүктүсіп жата 
берді. «Анадайдан ӛткір кӛзімен қарап құйрығын 
қыймылдатып, аштық жылы аштан ӛліп қалған адамдардың 
етін жеп дәндеген байғұтандар отыр». Автор бұл жерде 
ашаршылық жылдардың қасіретті шындығын ашып отыр. 
Батқан күнмен бірге Кӛркемтайдың да демі үзіле берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет