Оқуға ҧсынылатын кітаптар
1.
С.Дӛнентаев.
Шығармалар.
-Алматы:
Қазақтың
мемлекеттік кӛркем әдебиет баспасы, 1957.
2.
Қ. Кемеңгерұлы. Үш томдық шығармалар жинағы. 1-2
том. - Алматы: Алаш, 2005.
3.
А.С. Серафимович. Үш дос. – Алматы: Жалын. 1982.
4.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы:
Мектеп, 1980.
5.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2 кітап. -
Павлодар: Арман, 2004.
5 тарау. С.КӚБЕЕВ
Шығармалары.
С.Кӛбеев бүкіл саналы ғұмырын
оқытушылыққа арнады. 1901 жылдан 1956 жылға дейін
педагогтік қызметпен айналысты. Ұстазы Ы.Алтынсарин
тәрізді педагогтік қызмет пен жазушылықты шебер
ұштасыра білді. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы»
үлгісімен жарық кӛрген «Үлгілі тәржіма» мен «Үлгілі бала»
жинақтарындағы мысал ӛлеңдері мен әңгімелерінің қай-
қайсысын болсын балаларға арналмады деп айта алмаймыз.
«Үлгілі тәржімаға» Спандияр жасаған 44 аударма және
автордың «Мекен» атты бір ӛлеңі кіреді. 44 мысалдың
барлығы
Крыловтан
аударылмаған.
Ақын
«Үлгілі
тәржімаға» Крыловтан 37 мысал аударып енгізілген. Қалған
7
мысал
Ушинскийдің,
Л.Толстойдың,
Ыбырай
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
122
Алтынсариннің хрестоматияларында ұшырасады.
С.Кӛбеев мысалдары ӛлеңмен де, қарасӛбен де
жазылған. Олардың арасында идеялық, тақырыптық, тіпті
сюжеттік тұрғыда бір-біріне ұқсас келетіндері де бар.
Мәселен, ақынның ӛлең түріндегі «Арыстан мен тышқан»
және қарасӛзбен жазылған «Құмырсқа мен кӛгершін»
мысалдарының сюжеттері ұқсас. Екеуінде де хайуанның
мүшкіл халге түсуі бар және оған ойламаған жерден
берілетін кӛмек бар. Ол кӛмек - бір кездегі жақсылықтың
ӛтеуі.
«Арыстан мен тышқан» мысалында әлеуметтік астар
айқын. Мұнда әлдінің әлсізді ӛзіне тең кӛрмеушілігі
айтылады. Автор «нашарды күшті кісі кӛңіліне алмас,
теңгеріп ӛз бойына асыл жүрмес» дейді. Арыстан «кезі
келгенде кӛмек берем» деген тышқанды келеке қылады.
Күндердің күнінде аңшы торына ілігіп, халі мүшкіл болады.
Тісімен торды қиып, арыстанды босатқан тышқан былай
дейді:
Бір ісім түсті менің мына сізге,
Еттіңіз аяушылық сіз де бізге.
Осыдан не жақсылық дегендей қылып,
Ақырын ішіңізден күлдіңіз де.
Мінекей, сізге ғибрат болсын бұл да,
Жаратты жанға не қып бізді құда.
Сұраймын бұдан былай ұмытпаңыз
Жақсылық болатынын тышқаннан да.
Тышқан ӛзін құдайдың тектен текке жаратпағанын
ескертеді. Бұл жерде Алтынсарин ықпалы айқын сезіледі.
Ӛйткені ӛлеңмен жазылған мысалдарының кӛпшілігінде
ақын құдайды ауызға жиі алады. Тышқанды қоя бергеннен
кейін автор «Бұл дүние бірде олай, бірде бұлай, жаратқан
ризық беріп жанды құдай» дейді.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
123
«Құмырсқа мен кӛгершін» мысалында болғанды
баяндау ғана бар. Суда ағып бара жатқан құмырсқаны
кӛгершін құтқарса, кейіннен сол құмырсқа кӛгершінді
аңшының ауынан құтқарады. Мысал сюжеті жасы кіші
балаға түсінікті. Жазушы қорытынды жасауды баланың
ӛзіне қалдырады. Табиғаттағы тірлік суреттеледі. Түйіні -
«тіршілік кӛзі - ӛзара кӛмек».
«Ат пен есек» мысалында жүгі ауыр есекке ат жәрдем
етпейді. Иесі жолда зорығып ӛлген есектің барлық жүгін
оның терісімен қоса аттың үстіне артады. Ат ӛз қателігін
кеш түсінеді. Сӛйтіп, автор қайырымсыздықтың соңы неге
апаратынын кӛрсетеді.
Абай «отыз сегізінші» сӛзінде күллі адам балсын қор
қылатын үш нәрсенің бастапқысын надандық, екіншісін
еріншектік, үшіншісін залымдық дегенді айтқан болатын.
С.Кӛбеевтің «Маймыл мен кӛзілдірік» мысалында кӛздің
емі кӛзілдірік дегенге бес-алтауын бір-ақ сатып алған
маймыл оларын қалай жаратарын білмей басы қатады.
Соңында тасқа атып күлпаршасын шығарады.
Наданға айтқан сӛзің текке кетер
Дос болсаң, ықылассыз қызмет етер
Бір істі пайдасы үшін паш етсеңіз,
Ықылас кӛңіліңіз болар бекер.
«Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш
нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық
болады». Мысалдағы маймыл білімінің жоқтығынан күлкі
болады.
Надандық мәселесін «Есек пен сандуғаш» мысалында
жалғастырады. Бұл жолы ақын надандықтың жазылмас
дертке тең екендігін ұғындырады, надан адамнан
сақтандырады:
Наданға еткен қызмет кетер текке,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
124
Жақсылығың болса сақтан, ондайға етпе.
Сандуғашқа ән айтуды әтештен үйрен деп ақыл айтқан
есекті ақын «Білімді жетіп мақтауы сол, надан күшік» деп
жазғырады. Білімсіз жан объективті баға беруге дәрменсіз.
С.Кӛбеевтің мақалмен түйінделетін аударма мысалының
бірі - «Асыл шӛп». Жігіттер, сабыр етсең, әрбір іске Болса
да жақсы-жаман ерте-кеште, «Сары алтын - сабыр түбі»
деген бір сӛз, Бұрынғыдан қалған мақал рас емес пе? Жалпы
С.Кӛбеев ӛлеңдерінде түйін, яғни автор қорытындысы
үнемі ұсынылып отырады.
Қадиша Зылиқадан емес мықты,
Сабырлы тӛзуменен не боп шықты,
Сондай-ақ аш-арыққа тӛзім керек,
Сӛзімді надан босқа жіберіп, жақсы ұқты.
Алтынсарин әңгімесіндегі Зылиха мен Бәтима
тӛбелеріне бір-бір жәшік кӛтерген қыз балалар болса,
ӛлеңдегі Зылиха мен Бәтима екі қап арқалаған бірі - жас,
екіншісі -мосқалдау тартқан әйел. Екі шығармада да
«сабыр» атты шӛптің екіншісінің қолына түспейтіндігіне
қауіп айтылады.
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Кӛрсеқызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алты бақан ала ауыз.
- деп Абай бес түрлі қадірсіз қасиетті айтқан болса,
сабырсыздық, шыдамсыздықтың қауіпті екендігін С.Кӛбеев
растай түскен. Ал кӛрсеқызарлық Спандиярда ӛз шамасын
білмеушілік, ӛз күшін артық бағалаушылық, ӛзін артық
бағалау, ӛзіне ешкімді теңгермеушілік тұрғысында кӛрінеді.
«Қарға» мысалы бұған дәлел. Ақын ӛлеңдерінің
кӛпшілігінде адам бойындағы бірнеше кесірлікке тұспал
жасалады, солардан арылту мақсатында уағыз айтылады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
125
«Қарға» мысалында бірде
Жақсыдан ғибрат ал жай жүргенше,
Істеген ісін істеп шамаң келсе.
- дейді де, «Кӛңіліңді бұзықтыққа бір де бұрма» деп
жалғастырады. Ары қарай «Жауыздық залымынан ӛнеге
алма, Қалып боп, жуса кетпес ӛле-ӛлгенше» дегенді тағы
қосады. Кіріспе сӛз сюжетке жасалатын түйін ретінде
ұсынылады. Ӛйткені, содан кейін барып мысал оқиғасы
баяндалады. Қарға қозыны әкеткен бүркітті кӛреді де,
қошқарга ұмтылады. «Құс жаманы қарға түгіл, қасқыр-дағы,
шамасы кеп әкете алмас ондай малды» деп автор қой
жүнінен аяғын шығара алмаған қарғаны бір мұқатып ӛтеді.
Оның масқарасын шығарған тағы бір жағдайды баяндайды:
Қойшылар қанат-құйрығын бірдей жұлып,
Беріпті ойнаңдар деп балаларға.
Ӛтірік залалын түсіндіру С.Кӛбеев үшін басты мәселе
болып табылады. «Ӛтірікші» мысалы тӛмендегіше
басталады:
Пайдасы ӛтіріктің екі дүнияда
Болмайды деп бірнеше рет айттым молда.
Мен-дағы кӛргенімді тәржіме еттім,
Үлгі алар ғибратынан құрбыларға.
Осы кіріспе сӛзден кейін барып оқиға баяндалады.
Қойшы бала «қойға қасқыр тиді» деп ауыл адамдарын
дүрліктіреді. Қолдарына айыр, кетпен, балта ұстап бәрі
қойға жүгіріседі. Бүл жерде тағы да мазақ қылушы, келеке
етуші бейнесі бар.
Шек-сілесі қатып Исін күліп жатыр,
Мәз болып жарым шіркін алдағанға.
Әрине, қылжақбастың жазасы дайын:
Алладан тағдыр уақыт жеткеннен соң
Қойға кеп екі қасқыр тиді шынымен.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
126
Осы жолы Исіннің сӛзіне ешкім сенбейді. Кӛмекке
келген жан болмаған соң қойының кӛбін қасқыр қырып
кетеді. Автор қойшы балаға аяушылық танытпайды. Қайта
«Жылады кешке дейін иттей ұлып» деп жазғырады.
С.Кӛбеев кӛпшілік мысалдарын Кішіқұм ауылында
мүғалім болып істеген кезінде аударған. Белгілі бір
мысалдың аударылуына себеп болған жағдайлар да болған.
Соның бірі -«Кӛлбақа мен юпитер» мысалы. 1901 жылы
ақын Ырғыз уезіндегі Толағай болысына қарайтын Кішіқұм
дейтін жерге мұғалім болып барады. Он тӛрт шаршы метр
шамасындай жер үйді мектеп етіп береді. Тӛбесіндегі
жалғыз терезесінің кӛзі қарын, пеші жоқ, жер едені
тегістелмеген, есігі орнатылмаған үй. «Жығылғанға
жұдырық» дегендей осы үйге Ыбырай бай арық-тұрақ
тӛлдерді енгізеді. Осы жағдайға байланысты Крыловтың
«Кӛлбақа» мысалын аударады. Кӛлді тастап тауға шыққан
бақа сусыз ӛлімші халге жетеді. Тау басын топан су басса
екен деп тілейді. Юпитер кӛлбақаның ақылсыздығын сӛгеді:
«Одан да таудан түсіп аяңдасаң, Батпаққа болды уақыт
сенің жетер».
1912 жылы «Үлгілі бала» жинағы жарық кӛреді.
«Үлгілі бала» «Мектепке шақыру» ӛлеңімен ашылады.
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сӛзге, мырза ерке,
Бұл кезде ӛнерлі адам ӛрге шықты,
Зат емес, надан кісі алар текке.
Ертеңгі шақыруымен әтеш құстың,
Халықтар кетіп жатыр егіндікке.
Күн шығып, терезеге сәуле түсті,
Тұрыңыз, жарамас тек уақыт ӛтсе,
Ал, С.Кӛбеевтің 1988 жылы «Жалын» баспасынан
«Орындалған арман» деген атпен жарық кӛрген кітабында
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
127
мысал саны 37 деп берілген. Осылардың арасында мысал
есебінде ұсынылған «Жетімнің ӛлеңі» «XX ғасырдағы қазақ
әдебиеті» атты хрестоматияда(1983)
«Үлгілі бала»
кітабынан алынған етіп кӛрсетілген. Академик С.Қирабаев
С.Кӛбеевтің ««Үлгілі балаға» енген бірқатар тӛл
шығармаларын жетім-жесірлердің аянышты тұрмысын
кӛрсететін ӛлеңдер мен әңгімелер деп сипаттайды.
«Осындай қысқа жазылған ӛнегелі әңгімелермен қатар
«Үлгілі бала» кітабында панасыз қалған балалардың ӛмірін
ӛте қайғылы халде сыпаттайтын екі ӛлең бар. Оның бірі
«Жетімнің ӛлеңі», екіншісі «Жетім» деп аталады»(34,127).
Сонымен, С.Кӛбеевтің тӛл туындысы - «Жетімнің ӛлеңі». 5
шумақтан тұратын 11 буынды ӛлең. Ӛлең қара ӛлең
ұйқасына құрылған.
Бетіңмен іс істеуге ақылың кем,
Бой ӛсіп, жас жетпеген, білмейсің жӛн.
Мал-басың ағайынның талауында,
Алдамшы осы емес пе дүние деген,
Кӛзіңнен жас ағады қан аралас.
Ӛлеңде жыраулар поэзиясының әсері бар. Риторикалық
сұрақ заман келбетін ашады, мейірім іздеген жас баланың
ішкі дүниесінен хабар береді.
Шӛлдесең сусын болар кӛлдер қайда?
Қарын ашса тамақ болар жерлер қайда,
Қаңғырып, жүдеп-жадап жүргеніңде,
Сипайтын маңдайыңнан ерлер қайда?
XX
ғасырдың
20-жылдарында
бұл
тақырып
М.Әуезовтің «Жетім», С.Дӛнентаевтың «Кӛркемтай»
әңгімелерінен кӛрініс тапты.
Ақынның қара сӛзбен жазылған әңгімесі 24 шақты.
С.Кӛбеевтің «Екі соқа» кітабында(1990) тӛл әңгімелері
ретінде 7 әңгімесі берілген. Олар - «Қайырымды бала»,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
128
«Түскі тамақ пен кешкі тамақ», «Атасы мен немересі»,
«Балалар мен мұғалім», «Ӛсиет», «Құстың ұясы», «Шал мен
балалар».
Қайырымсыздыққа - қайырымдылық, аяушылық,
адамшылық, боссӛзділікке - еңбек, сенімсіздікке -
сенімділік қарсы қойылады. Ӛз мінін білмеушілік,
айлакерлік, қолдағыны місе тұтпаушылық, тойымсыздық,
сатқындық, арамдық, мақтанқұмарлық сыналады. Оқу-
білімнің артықшылығы, ӛз ісін жетік білушілік, сӛзге
тоқтаушылық дәріптеледі.
С.Кӛбеевтің ӛлеңмен жазған мысалдарынан қара сӛзбен
жазғандарының бір ерекшелігі, бұларда бірлік, ынтымақтық
тақырыбынан ӛзгелері қайталанбайды. С.Кӛбеевтің «Жарлы
мен бай», «Қайырымды бала», «Атасы мен немересі»,
«Құстың ұясы» мысалдары қайырымдылықтың үлгісін
кӛрсетеді. Бір кезде ӛзін таспен атып қуған, кейін
кіріптарлыққа түскен байға кедей аяушылық білдіреді.
«Бекер-ақ бұл тасты сақтап жүрген екем, бұл кісі бұрын бай
кезінде одан қорқушы едім, енді бұл қалпында аяймын».
Әкесі
берген
ақшаны қайыршы
шалға
сыйлаған
бала(«Қайырымды бала»), атасына жаны ашып әке-шешесін
жӛнге салмақ болған немере(«Атасы мен немересі»), әке
сӛзінен соң құстың балапанына аяушылық сезімдері оянған
балалар(«Құстың ұясы») бейнелері бар.
Ең ӛзекті тақырып - еңбек. «Екі соқа» әңгімесінде күні
бойы еңбек еткен соқа еңбексіз, бос жатқан соқаға «Егер сен
де жұмыс қылып михнаттансаң, мендей жарқырап тұрар
едің» дейді. Тот басқан соқа жалқаулығынан зардап шегеді.
Балаға «Жалқаулық адамды аздырады» деген ой
ұсынылады. «Түскі тамақ пен кешкі тамақ», «Ӛсиет»
әңгімелері астың дәмді болуы еңбекке байланысты
екендігін білдіреді. «Сен жұмысқа ерте шық, сонда сен
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
129
біреуге жалынбайсың, саған біреу жалынады, жұмыстан
кеш қайт, сонда ішкен тамағың тәтті кӛрінеді, әм бай
боласың»(«Ӛсиет»).
Еңбектен кейінгі маңызды тақырып - оқу мәселесі.
Еңбек еткен адам сияқты оқу білген адам да ұтады. «Егер
оқи білмесеңдер, кітап сендерге неге керек, бұл кітапты мен
алайын, қай бұрын оқи білгеніңе берермін» дейді мұғалім
балаларга. Демек, «Балалар мен мұғалім» әңгімесінде оқу
да, оқу кӛзі - кітап та қастерлі.
«Аз сӛз - алтын, кӛп сӛз - кӛмір» мақалын «Сауысқан
мен қарға» мысалы дәлелдейді. «Кӛп сӛйлеген кісінің
сӛзінің жартысы ӛтірік болады» деген қарғаның мерейі,
әрине, шықылықтаған сауысқаннан үстем. «Қоян мен
кӛлбақалар» мысалындағы «Менен де қорқатын жәндіктер
бар екен, бекер ӛлмейін» деген қоян шешімі әр жәндіктің
бекер жаралмағандығын аңғартады. Ӛз тұлғасына, іс-
әрекетіне, мінез-қасиетіне сенімсіздік құптарлық емес.
Құптарлығы - тәубаға келушілік.
Үлкенді құрмет тұту қажеттігі «Шал мен балалар»
әңгімесінде еске түсіріледі. Сӛзге тоқтау да - басты қасиет.
Ӛзін келемеж қылған балаларға мысқыл сӛзбен жауап
қайырған шал да, ӛз қателіктерін түсініп ұялыс тапқан
балалар да белгілі бір тұжырым жасауға жетелейді.
Жануарлардың, аңдардың бір-бірімен ӛзара айтысы -
кӛне заман шығармаларынан, халық ертегі-аңыздарынан
келе жатқан үрдіс. Әр заттың ӛз орны, ӛз қасиеті бар.
Әрқайсысы ӛз орнында жақсы. «Айтыс» әңгімесінен
кӛрінетін аталмыш ой «Қаз» деп аталатын мысалдан да
қылаң береді. Мақтаншақ қазға әтеш былай дейді: «Бекер
сен мақтанасың, сен аттай жүгіре алмайсың, балықтай жүзе
алмайсың, бүркіттей ұша алмайсың: әр істің басын шатып,
жаман білгенше, бір істі тәуір білген жақсы емес пе?».
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
130
Дүниеде ӛз мінін білмеушілік жаман. «Қасқыр мен
қойшылар» мысалында «Жазығым қоңырлығым ба?» деген
қасқырға қойшылар «Сенің жазығың жүніңнің қоңырлығы
емес, қой жегенің үшін ұрамыз» деп жауап береді. Ал
«Құйрықсыз түлкі» мысалында, керісінше, ӛз мінін
жасырмақшы болған түлкі әшкереленеді. «Бәріміз бұдан
былай құйрықсыз жүрейік» деген ұсынысына басқалары
тойтарыс береді. - Егер құйрығың бүтін бүтін болса, сен
бұлай айтпас едің?
«Арыстан, есек және түлкі», «Түлкі мен қырғауыл»
мысалдары зорлыққа да амал, айлаға да айла бар екендігін
кӛрсетеді. Олжаны қомағай арыстан ренжімейтіндей етіп
бӛлген түлкі бұл харакетімен ӛз басын арашалайды. Екінші
мысалда түлкі қырғауылға «жұрттың бәрі бір-бірімен дос
болатын кӛрінеді» - дейді. Дей тұра, жақындап қалған ит
туралы ести сала қашады.
«Ӛз үйірін сатқан орынсыз қалар» деген мақал -
«Кӛгершін мен әтеш» мысалының түйіні. Істің мәнін
түсінбеушілік, ақымақтық «Қасқыр мен кемпір» мысалында
сыналады. Кемпірдің ңемересін «қасқырға беремін»
дегеніне сенген қасқыр ойы, расымен, күлкі туғызады.
Қашан да мақтанқұмарлық іске зиянын тигізеді. «Қарға
мен кӛлбақа» мысалында қарға кӛлбақаның ӛзін
мақтағанына масаттанып есіреді. Сӛйтіп, аузындағысынан
айрылады. Мақтаншақтық пен даңғазалық екеуі - егіз.
Мәселен, «Кедей мен қоян» мысалындағы кедей де
қолындағысынан айрылып қалады. «Мына қоянды ұстап
алып, базарға апарып сатып аламын. Тауықтарды ӛсіріп
сатып, алған ақшама қой сатып аламын. Қойым қоздап
ӛскен соң, ат сатып аламын. Бұдан кейін қызметкер жалдап
«ей, жалқау, жалқауланбай жүр» деймін» -деген кезде қатты
айқайлап жіберіп, қоян оянып, қашып ағашқа кірді».
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
131
С.Кӛбеевтің
кез
келген
туындысынан
оның
ағартушылықты мақсат тұтқан ниетін айқын аңғаруга
болады. Жазушының балаларға арнаған мысал ӛлеңдері мен
әңгімелерінің басты нысанасы осы мақсатпен тығыз
байланысты. Қаламгердің бала психологиясын жете
меңгергендігін аудармалары да, тӛл туындылары да
танытады. Ыбырай мектебінде оқыған, оның хрестоматиясы
үлгісімен еңбек жазған, қысқасы, қазақтың тұңғыш
ағартушы ғалымының жолын қуған С.Кӛбеевті балалар
әдебиетінің анық қамқоршысы демеске еш негіз жоқ.
Ильминскийге арналған бір хатында(1876, 3 желтоқсан)
«Хрестоматияға мысалдарды (басни)енгізгім келмейді» деп
жазған Ы.Алтынсарин шығармашылығынан С.Кӛбеев
еңбегінің ерекшелігі сол, ол - қазақ балалар әдебиетіне
мысал жанрын саналы түрде енгізді, мысалдарды ӛлеңмен
де, қарасӛзбен де аударды, бала ұғымына лайықтап жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |