Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі59,33 Kb.
#29984
түріСабақ
Қарағанды қаласындағы

«№9 гимназия» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Ишмагамбетова К.О.
Қазақ әдебиеті

8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау. Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, ақын шығармаларының тақырыбын, мазмұнын, көркемдігін, құрылысын меңгерту. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңін тереңдете түсіндіру, талдау.

2.Дамытушылық: Шәкірттердің ой-өрісін, тіл байлығын дамыту және сөйлету. Қазақ тілінде ойлауға, еркін ой түюге баулу, танымдық түсініктерін дамыту. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға машықтандару.

3.Тәрбиелік: Елді күшпен емес, ақылмен билеу сияқты игі істерге үйрету, ел алдындағы парызын түсіне білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу,

әңгімелеу, баяндау.



Сабақтың құралдары: Ақынның портреті, презентация, тірек сызба, техникалық құрал, компьютер, электрондық тақта.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі

Қосымша материалдар: Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы қосымша материал мен мәліметтер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушыларға сәтті күн тілеу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.

Өткен сабақпен байланыс: (1слайд)

  1. -Балалар, біз өткен сабақта қандай ақынның өмірі мен шығармашылы-

ғымен таныстық?

  1. - Шәкәрім Құдайбердіұлы кім?

  2. - Шәкәрім өмірі туралы не білесіңдер?

  3. - «Адамдық борышың» өлеңі не туралы? (сызбаны толтыру)

  4. - Шәкәрім Құдайбердіұлының қандай шығармалары бар? (2 слайд)

IІІ. Жаңа сабақ:

Кiрiспе сөз:

-Бүгін сабақта ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы мәліме аласыңдар. Ақынның өмірі, шығармашылығы, оның ішінде «Бір адамға» өлеңімен танысамыз. Сабақтың мақсаты өлеңнің идеясын,тақырыбын ашып, жан-жақты талдау жүргізу. Қазір Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінен қысқаша мәліметтермен танысамыз. Балалар, берілген слайдқа көңіл аударыңдар (3 слайд).



1.Ең біріншіден, инсерт кестесін беремін. Себебіоқушылар сабақтың үстінде берілген үш қатардағы сұрақтарға жауап жазып отырады (4 слайд).

1.Не білемін?

2. Білгім келеді

3. Не білдім?











2.Ақын туралы

С.Торайғыров шығармашылығын зерттеген ғалым Бейсенбай Кенжебаев ақын туралы мынандай пікір жазған (5 слайд):

«С.Торайғыров – қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны, ғажап ақыл–ойшысы. Ол – ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Абай ашқан поэтикалық мүмкіндікті өзі өмір сүрген қоғам шындығын, қайшылығын бейнелеуге еркін де кең пайдаланған шебер. Сұлтанмахмұт өлеңдегі Абай өрнегін шебер пайдаланушы емес, өзінің ақындық қуат–дарынымен жаңалаушы, ілгері дамытушы. Ол – қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті аталатын тұтас дәуірдің айырықша ірі тұлғасы»

(6 слайд) Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Қарауыл Шабар ауылында (қазірігі Ақмола облысы Көкшетауға қарасты Қызылту ауданы), кедей отбасында дүниеге келген. Анасынан ерте айырылған ақын жетімдік зардабын көп тартады. Балалық, жастық шағы Баянауылда өтеді.

Ақын 27 жасында 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастан қайтыс болады. Өзінің қысқа ғана тағдырында ақын биік арман, биік мақсатты арқалап, ғұмыр кешті. «Шындықтың ауылын» іздеді, күн болып надандықты ысырып, халқына бақыт әкелмекші болды.



(7 слайд) Өмірінің туы етіп білім алуды, оқуды көтерген ақын, тұрмысының қиыншылығына қарамастан білім жетілдірумен болады. «Шәкірт ойы» деген өлеңі ақынның өмірлік қағидасындай:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам?

3. Шығармашылығы

(8 слайд) С.Торайғыровтың айрықша назар аударған тақырыбы – оқу, білім. Осы тақырыпқа бірнеше өлеңдер жазады: «Талапкерге», «Оқуда мақсат не?», «Бір баланың тілек батасы» т.б.

Сұлтанмахмұт – өзінің көңіл–күйін, қуанышы мен қайғысын, мұң мен назын, сүйіну мен күйінуін өте шебер және нәзік етіп шерте білетін сыршыл, лирик ақын

Ақын творчествочының тағы бір үлкен саласы – «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары, «Кім жазықты?», «Қамар сұлу» романдары.

С.Торайғыров Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын.

Ақын 1914 жылы ел аралап жүріп, Павлодар маңының атақты шонжары Шорман ауылына түседі. Байлығына мастанған Шорман ұрпақтары ататегінің патша өкіметінен алған шен-шекпендерін, халықтың көз жасымен жиналған қазына-мүлкін көрсетіп, мақтаныш білдіреді. Мұны құптамаған ақын «Бір адамға» өлеңін шығарады.

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру, тақырыбын ашу.



4. Оқушыларға тапсырма: (топтық жұмыс)

  1. Өлеңді рөлге бөліп оқыңдар (үш шумақтан бөліп оқу)

  2. Өлеңдегі кейіпкерге қандай мінездеме берсіңдер? (9 слайд)

  1. Әдебиет теориясы (10 слайд)

  • Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынада қолдану ирония деп аталады.

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар».

Ол рас, аталарың шенге алыпты,

Арзан ғып, қымбат емес, кемге алыпты.

  • Көркем шығармаларда өмірдің, адамдардың жағымсыз жақтары мен қылықтарын күлкі ете мысқылдай суреттеуді сатира деп атайды.

Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,

Артқыға қандай егін еккеніңіз?

Жусақ та денемізден кетер емес,

Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз».


  1. Оқушылардың сөзік қорларын дамыту үшін «Дыбыстар сөйлейді» ойынын өткізу (11 слайд)

«Сұлтанмахмұт» сөзінің әрбір дыбысына сөз құрастыру (12 слайд).
Ақынның балалық, жастық шағы Баянауылда өткенін сабақтың басында айтқанбыз. Павлодар қаласындағы білім ордасы – Павлодар мемлекеттік университеті С.Торайғыров атымен аталады. Сол қаладағы Торайғыров көшесінде ақынға арналған ескерткіш бар (13 слайд).


  1. Өткен сабақтың тақырыбымен байланысу: Венн диаграмма (14 слайд)




Сұлтанмахмұт Шәкәрім



Торайғыров Құдайбердіұлы


IV. Сабақтың бекіту:

Инсерт кестеcі бойынша сабақты бекіту.


1.Не білемін?

2. Нені білгім келеді

3. Не білдім?











V. Үй тапсырмасы:


  • Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шілде» өлеңін оқу.

  • 77- беттегі тапсырмаларды орындау;

  • Ирония мен сатираға мысалдар жазып келу.


VI. Оқушылардың білімін бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0782
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0782 -> Сабақтың тақырыбы: Ертегілер, олардың түрлері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет