207
әдебиеттің Бүкілодақтық конкурсында жүлде алады. Орыс,
армян, азербайжан, ӛзбек, корей т.б. тілдерге аударылады.
«Бала мерген» повесіндегі Уаш әке жолын қуып аңшы
атанады. Әкесі соғысқа кеткенде үй іші тірлігін арқалап
қалады. Повесть «Таныстыру», «Алғашқы елік», «Сілеусін»,
«Қалаумен барып қасқыр атқаны», «Аюмен жекпе-жек»,
«Таутеке жорығы» деп аталатын тараулардан тұрады. Шығарма
кейіпкерлері - он тӛрт
жасар Уаш, укесі Нұрқасым, шешесі
Әймен, милиция бӛлімшесінің бастығы Исаев, Ыбырайым
қарт, Жанжігіт атай, Қалиев, Чугунов, Мұқан, Уаштың
қарындасы Дариға. Повесте жер-су атаулары мол:
Қырық
құдық белдеуі, Алтай тауы, Сарымсақты ӛлкесі, Қоскемпір
биігі, Тазқара биігі, Үлкен Нарын, Балтақалған тауы, Текше
тауы, Шыбынды бұлақ, Сармойын құздары, Ақжар биігі т.б.
«Кӛксегеннің кӛргендері» повесіндегі Кӛксеген -
маралшы бала. Ол дала сырын жақсы біледі. Оның далада
кӛргендері - замандастары үшін таңғажайып хикая.
Кӛксеген кӛп нәрсені кӛреді, ойға түйеді, кӛкірегіне
байлайды. Кӛргендері мен түйгендерін жас оқырмандармен
бӛліседі. Повесте аңшылық кәсіп, жер,
егін шаруашылығы
ӛзара байланыста әңгімеленеді. Шӛп шабуға шыққан
балалар табиғат құбылыстарымен танысады, аңшылықтың
қыр-сырын танытатын тосын оқиғаларды бастан кешіреді.
«Шопан
даңқы,
«Тӛлбасылар»,
«Сұрапылда»,
«Керкиік», «Будан», «Қозышы Нұрман», «Жылқышы»
әңгімелерінің тақырыптары - мал шаруашылығы. Мектеп
балалары оқуды мал бағумен тығыз байланыстыра жүріп,
ӛмір таниды. Тәжірибелі шопандардың жұысын балалардың
алдына үлгі етеді.
«Жас бұтақ» әңгімесінде Жүмақан деген бала ӛзі
ӛсірген апорт алмасын Артекте танысқан достарына
жібереді. «Қант бұршақ» әңгімесіндегі Зуфар Артектегі
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
208
достары арқылы
қант бұршақ ұрығын алдырады, оны
ӛсіреді. «Мектеп бағында» әңгімесінің кейіпкері Ерден ағаш
отырғызумен айналысады. Аталған әңгімелерде жолдастық,
достық, қоғамдық еңбек мәселелері кӛтеріледі.
С.Бегалиннің бірсыпыра әңгімелері ерке балалар
қылықтарын әшкерелейді. «Сымбатты Сима» әңгімесіндегі
Сима - еңбек етуге құлықсыз жан. Сабаққа да атүсті
қарайды. Ӛзгені менсінбейтін тәкаппарлығы және бар.
Әңгімеде баланың тәрбиесі ата-анаға тікелей байланысты
деген ой айқын. «Жаңғалақ» повесінде тентек баланың түзу
жолға түсуі, тәрбиеге кӛнуі оқиға желісіне алынған.
Жаппарбек деген бала жаңғалақтығынан тосын оқиғаларға
тап болып жатады. Содан Жаңғалақ атанады. Қаладағы
қазыналық оқудан демалысқа Дойырбай келеді. Жаңғалақ
Дойырбайға ілесіп қалаға кетеді.
Жаңа мектепте
жетістіктерге жетеді. Фабрика-заводтар үшін мамандар
даярлайтын мектепке қабылданады. Қазақ баласының оқуға
деген құштарлығын ояту, оқу-білімге шақыру және
бұзықтық, тентектіктің ӛрге бастырмайтынын аңғарту -
шығарма идеясы.
Соғыстан кейінгі жылдардағы балалар әдебиетінің
негізгі тақырыптары тыл
мен майдандағы ерлік істер
жайында болды. Соғыс жылдарында 11-14 жастағы балалар
ересек адамның барлық жұмысын атқарды. Арбамен астық,
пішен тасыды, мақта терді, қызылша тазалады, бұзау бақты,
жылқы қайырды, есепші болды. Бұл жастағы балалар
майданда ерекше маңызы бар тапсырмалар орындайды.
С.Бегалиннің
тыл
мен
майдан
ӛміріне
арналған
шығармалары нақтылы оқиғаларға құрылды.
Тарихта
есімі
қалған
тұлғалар
жайындағы
биографиялық шығармалар да – балалар әдебиетінің
мұрасы. Соғыстан кейінгі балалар әдебиетіндегі кӛрнекті
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
209
қайраткерлер
туралы
шығармалардың
қатарында
С.Бегалинның «Шоқан асулары» повесі де бар. Жазушы
ғалым есімін Семейде оқып жүрген кезінде естиді.
Кітапхана, архивтерден Шоқан жайында материал
жинайды. Ғалымның туыстарымен әңгімелеседі. «Шоқан
асулары» повесінде автор беймезгіл заманда туып,
заманның қыспағына түскен,
жарқын талантымен,
алғырлығымен қараңғы түнекті жарып ӛтуге ұмтылған
адамның ӛмірін, балалық, жастық шағын нанымды
әңгімелейді.
Достарыңызбен бөлісу: