197
3 тарау. Ж.ЖАБАЕВ
Ӛлеңдері.
Жамбыл - ӛлең-жырды
лезде шығарып
айтатын суырып салма импровизатор ақын. Ұшқыр ойлы,
ӛткір тілді ақын. Ақын шығармашылығында оқу-білім,
еңбек, Отан туралы жырлар маңызды орын алады. Жамбыл
поэзиясы - жігерлі,
жалынды саяси, лирикалық жыр. Ақын
кез келген тақырыпты ӛзінің ойы, сезімі, үміті, ішкі дүниесі,
сыры етіп жырлайды. Жамбылдың «Шәкірт балаларға»,
«Атаның әлдиі», «Балама хат», «Жеңіс жырын жырлаңдар»,
«Жаңа
жыл
сәлемі»,
«Жүз
жасаған
жүректен»,
«Ленинградтық ӛрендерім», «Ӛнердің ӛсуі», «Балаларға»,
«Жастық жыры», «Бесік жыры» т.б. ӛлеңдері балалар
әдебиетінен ӛзіндік орынға ие болды. «Шәкірт балаларға»
ӛлеңінде ақын балалар алдына үлкен міндеттер қояды. Ӛзін
ұялы бәйтерекке, биік шынарға балайды. Жасыл
жапырақтай жамырасқан бӛбектерді
биік шынардай
болуына тілек білдіреді. «Балаларға» ӛлеңінде балалардың
ӛмір жалғасы екенін мақтанышпен жыр етеді. «Бесік жыры»
ӛлеңінде балалардың бақытты ӛмірін қуана жырлайды.
Жамбыл жазбайды, әндетіп ауызекі орындайды. Оның
ақындық құрал - домбыраны пайдаланады. Ол - кӛркем
саяси поэзияны жасаушы.
Жамбылдың балаларға арналған ӛлеңдерінің басты
міндеті ӛз ұрпақтарының патриоттық рухын кӛтеру болды.
Соғыс жылдарында жазылған Жамбыл ӛлеңдерінің
патриоттық ролі жастар үшін мейлінше ықпалды болды.
Алғадай армияға алынғанда «Аттандыру» атты ӛлеңі
дүниеге келсе керек.
Алғадайым арлы едің,
Ата сӛзін сыйлаған.
Перзентімнің алды едің,
Кӛңілімді қимаған.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
198
Аттандырдым майданға,
Аман-есен жүр балам!
Майданда Алғадай ерлік кӛрсетеді. Бӛлім
бастығы
Жамбылға арнап хат жазады. Алғадайдың ӛзі де әкесіне хат
жазады. «Балама хат» ӛлеңі арқылы баласына қарт ақын
жауапты міндеттер жүктейді.
Жамбылдың аталмыш «Балама хат» ӛлеңі майдан
газетінде жарияланады. Майдан жауынгерлері атынан
Ә.Нұршайықов 1943 жылдың наурыз айында «Тыңдаңыз,
ата, ұлдарыңыздың үнін» деген атпен жыр жолдайды.
Бригада
жауынгерлерінің
ерлігін
жеткізеді.
Жауынгерлердің хатына Жамбыл ӛлеңмен «Жүз жасаған
жүректен» деп жауап қайырады. Жамбыл жастарды
мақтаныш ете жырлайды. Ӛйткені жігер де, күш те, қайрат
та солардан табылады. Жастарға осындай сенім арта сӛйлеу
олардың патриоттық сезімдерін шыңдай түседі Ақын
оларды қандай қиыншылық болса да табандылықпен жеңіп
шығуға үндейді. Олардың жігерін тасқындататын халқы
барын және бүл халық атынан айтылып отырған сӛз екенін
еске салады.
1943 жылдың жазында Алғадай ерлікпен қаза табады.
Алғадайдың ӛліміне Жамбыл қатты қайғырады. Ендігі
жұбанышы немересі Қуаныш болады. «Атаның әлдиі»
ӛлеңін Қуанышқа арнайды.
«Жеңіс жырын жырлаңдар» ӛлеңінде
балаларға
басқыншы жау мақсатын түсіндіреді. «Ленинградтық
ӛрендерім» ӛлеңінің кәріге де, жасқа да, балаға да
қаншалықты рух беріп, олардың жігер-қайратын тасытқаны
бүкіл әлемге әйгілі.
Жамбыл шығармашылығының
негізгі мотивтері мен
идеялық, тарихи тамырлары Асан қайғы, Бұқар, Махамбет
т.б. поэзиясында ғана жатқан жоқ, кӛне
заманғы эпоста,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
199
тарихи жырларда, ертегі, аңыз әңгімелерде.
Жаңа жыл сәлемі» ӛлеңінде екінші дүниежүзілік
соғысқа дейінгі бейбіт жылдарды еске алады. Бейбіт ӛмірді
аңсайды. Бейбіт ӛмір үшін жан аямай күресуге шақырады.
Жамбыл «Жаңа жыл сәлемі» ӛлеңнің шумағын, ұйқасын
жаңаша қиыстырады.
«Жамбыл шығармашылығының басты ерекшелігі -
ақын ӛлең-жырларының айналадағы ӛмірдің әрбір елеулі
құбылысына дереу үн
қатып отыру нәтижесінде
туатындығы. Және халық ақыны бар оқиғаға жазба ақыннан
гӛрі әлдеқайда бұрынырақ назар аударып, үн қатады.
Достарыңызбен бөлісу: