211
М.Иманжановтың
тәлім-тәрбиесін
кӛрген
балалар
қаламгерлері: Б.Соқпақбаев, М.Әлімбаев, С.Сарғасқаев,
Қ.Мырзалиев, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Ыдырысов, С.Баязитов,
Н.Сералиев т.б.
М.Иманжанов туындыларына ӛмір сүйгіштік рух,
пафос, сыршылдық тән. Бұл жағынан С.Ерубаев пен
Б.Бұлқышевтің ӛмір сүйгіштігін, бақыт пен ерлікті
жырлайтын романтизмін жалғастырды. Сол замандастары
тәрізді Мұқан да ӛмір туралы, бақыт, ерлік жайында
толғанды, кӛп жазды. Ол ерлікті жалаң патетика емес, адам
бойындағы
игі сезімдердің, намыстың, азаматтықтың
кӛрінісі деп таныды. Оның шығармаларынан сезім байлығы
мен романтикалық кӛңіл күйі қатар орын алады. Ол
балаларға
арналған
шығармаларын
Отан
соғысы
тақырыбынан бастады. «Шал», «Ақша», «Бала қаны»,
«Даладағы от», «Жыртық дәптер»(1945), «Адам туралы
аңыз»(Қ.Жармағамбетовпен бірігіп жазған) әңгімелері 1942-
1945 жылдары жазылған. «Жол үстінде»(1948), «Ораз бен
Боря»(1948),
«Кітап»(1949),
«Жас
шебер»(1950),
«Талап»(1951), «Бӛбек»(1951), «Кішкентай кӛрші»(1951),
«Коммунизм
мүйісі»(1951),
«Кондуктор»(1952),
«Қорқақ»(1954), «Бес»(1954)
әңгімелері баланы оқуға,
алдағы зор мақсаттарға ынталандыру, еңбекке, іске үйрету,
олардың ӛрісті талабын шыңдай түсу мәселелеріне арналды.
М.Иманжанов әңгімелерінің кейіпкерлері қарапайым
жандар, тігінші, сауыншы, троллейбустың кондукторы,
телеграфшы болып келеді. Олардың бәрі ӛз қызметінде
қоғамдық пайдалы іске үлес қосады. Бүлдіршіндер үшін
істелген және істеліп жатқан игі істер сӛз болады,
бӛбектердің
ӛмірі
суреттеледі.
1948-1952
жылдар
аралығында жазған «Коммунизм мүйісі», «Кондуктор»,
«Талап», «Бӛбек», «Кішкентай кӛрші», «Ораз бен Боря»,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
212
«Жол үстінде», «Жас шебер»
әңгімелерінде жазушы
балалардың ішкі жан-дүниесіне еркін бойлайды. Шығарма
кейіпкерлері - ӛмір қозғалысына сай қимыл жасайтын
оптимист балалар. Олар ӛздерін үлкен ӛмірдің кішкентай
кірпішіндей сезінеді.
М.Иманжанов ӛз шығармаларында
мектеп жұмысын
ӛндірістік оқумен, ӛмірмен тығыз байланыстыра жүргізу
мәселесін кӛтереді. «Алғашқы айлар» повесінің(1950)
әдебиет әлемінде принциптік жаңалығы болды. Шығарма
бастапқыда «Ауыл мұғалімі» деген атпен «Пионер»
журналында басылды. М.Иманжанов «Алғашқы айлар»
повесінде ауыл мұғалімінің ӛмірі туралы жазды. Мектеп
мұғалімерінің әр алуан мінезін бейнеледі. Жақыпбек
мұғалімнің
іскерлігін,
табандылығын
үлгі
етеді.
Жақыпбектің белсенді іс-әрекеті ауыл мәдениетін кӛтеруге,
мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға жұмсалады. Ол
мектеп пен ӛмірдің байланысын кӛтеру, балаларды еңбекке
баулу ісіне бастамашы болды.
Мектеп пен отбасы, мектеп
пен колхоз арасындағы байланыс жайы әңгіме етіледі.
Автор мектеп жұмысының ӛмірмен тығыз байланысты
болуы оқушылардың білімін тиянақты,
тұрақты ететінін
және оларды іскер азамат етіп шығаруға баулитынын
дәлелдеп берді. Оқу процесімен қатар балалық шақтың
алуан түрлі сәттері, бала психологиясындағы ерекшеліктер
шынайылықпен кӛрсетіледі.
М.Иманжанов ӛз шығармаларында адам деген ұлы атты
ардақтауды, оның бай сезім күйін жазды.
Жазушылық
пафосы мен творчествосының ӛміршең рухы жағынан
М.Иманжанов Саттар Ерубаев пен Баубек Бұлқышевке
ұқсайтын еді.
Достарыңызбен бөлісу: