талапқа сәйкес, план мен картаның дәлдігіне, толықтығына, егжей-тегжейлігіне қойылатын
талаптың өсуі.
Ауылшаруашылық өндіріс аймағында шаруашылық шараларды жүргізу нәтижесінде
мынадай өзгерістер болуы мүмкін: а) жер бөліп беру және жерді қайтып алу,
алқаптар
контурларының трансформациясы, жер пайдаланудың пішіні мен мөлшері; б) мелиоративтік,
агротехникалық және басқада шараларды жүргізу нәтижесінде алқаптың жағдай сапасының
артуы; в) жер пайдалану категориясының және жер категориясының құрамының өзгеруі; г)
басшылық шекараның өзгеруіне байланысты алқап мөлшерінің өзгеруі.
Жерге орналастыру және жер кадастрын жүргізу кезінде план мен картаның тез
ескіруі жүйелі түрде оларды жаңартып және түзетіп отыруды қажет етеді. Өйткені, түсірістен
кейін бір жылдан кейінде ауылшаруашылық алқаптардың жағдайын олар толық көрсете
алмайды. Сол себепті, жаңарту уақытын немесе түзету мерзімін анықтау үшін,
план мен
картаның сандық ескіру көрсеткішін анықтау керек.
Планды жаңарту деп түсіру жұмыстарын жаңадан жүргізіп жаңа план құрастыруды
айтады. Жаңарту кезінде ескі план мен геодезиялық негізді пайдаланады. Планды немесе
картаны
жаңарту
белгіленген
кезеңнен
кейін
Мемлекеттік
ауылшаруашылық
аэрофотогеодезиялық ізденіс институтымен (ГИСХАГИ)
«Қазгеодезия» экспедициялары жүргізеді. План мен картаның
ескіру көрсеткішіне байланысты карталау ауданына байланысты 8 жылдан 15 жылға дейінгі
аралықта көбінесе аэрофототүсіріс жұмыстарын жүргізу арқылы орындайды.
Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарын қазіргі уақыт талабына сәйкестендіріп
ұйымдастыру үшін және план мен картадағы мәліметтерді заманауи деңгейде ұстау
мақсатында план мен картаны қысқа мерзімде бір жылдан бес жылға дейінгі аралықта
жаңартып отырады.
Сондай-ақ, шаруашылық аралық және ішкі шаруашылық жерге
орналастыру жобаларын құруда, план және картадағы мәліметтер қазіргі жағдайға сәйкес
болуы үшін план мен картаны түзетіп отырады. Түзету кезінде,
пайда болған жер жағдайын
түсіріп, жөнделетін планға салады және жоғалған контурлерді планнан шығарып тастайды.
Ауыл шаруашылық план мен картаның ескіру көрсеткішін (дәрежесін) және планды
жөндеу мен жаңарту жұмыстарының құнына байланысты анықталуы керек және олар
мыналарға байланысты болады: 1) планның (картаның) ескіру көрсеткішіне; 2) жөндеу
тәсіліне, яғни аэрофототүсіріс немесе жер бетіндегі түсіріс;
3) жөнделетін план түріне,
яғни план немесе фотоплан; 4) түсіру жерінің күрделігіне.
Жаңарту құны далалық жұмыстар көлемімен анықталады.
Жер бетіндегі түсіріс тәсілдерін қолданғаннан көрі аэрофототүсіріс тәсілдерін қолданған
әлдеқайда арзан болады. Далалық жұмыстардың көлемі түсіріс жүрістерінің және түсіру
контурларының ұзындықтарымен анықталады. Сондықтан ескіру көрсеткіші түсіру
контурлерінің ұзындықтарын
l
барлық контурлердің ұзындықтарына
L
бөлгенге тең болады,
яғни
(%)
l
100.
L
(2)
Планды жаңарту жұмыстарының құнын анықтаудан басқа бұл көрсеткіш орындалған
жұмыстың нақты көлемін айқын анықтайды. Бірақ бұл көрсеткіш көп картометрлік
жұмысты қажет етеді, сондықтан жаңарту көлемін анықтау үшін
басқа көрсеткішті
қолданады, яғни өзгерген контурлердің аудандарының планда көрсетілген барлық
аудандарға қатынасымен анықталады
(%) 100
p
/
P
.
(2)
Ескіру көрсеткішінің бұл қатынасы ауылшаруашылық алқаптар және контур өзгерісі
туралы бар әртүрлі ақпараттарға қолдануға болады.
Планның (картаның) ескіру көрсеткіші мынадый формуламен анықталады
(%)
RT
RT
100.
(3)
бұл жерде
R
0
RT
- жаңарту кезіндегі план туралы ақпарат саны;
R
соңғы жаңартылған кездегі план туралы ақпарат саны.
Планның (4.1) және (4.2) формулалар бойынша есептелген
ескіру көрсеткіштерін
және планды жаңарту мен түзету жұмыстарының құнын анықтау кезінде анықталғаны: егер
план жаңарту тек жер бетіндегі түсіріс тәсілдерімен жүргізілсе және жер жағдайының өзгерісі
күрделілігі I және II категорияда 50% дейін, ал III категорияда 40% дейін болса, онда план
түзету жұмыстары жүргізіледі, ал план жаңарту аэрофототүсіріс тәсілдерімен жүргізілсе
және жер жағдайының өзгерісі күрделілігі I категорияда 30%, II категорияда 20% дейін, ал III
категорияда 10% дейін болса план түзету жұмыстарын жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: