8 ақпан 020 жыл жұма №24 (18976) Қасқырбай Қойшыманов



Pdf көрінісі
бет25/104
Дата28.02.2022
өлшемі7,44 Mb.
#133634
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   104
Байланысты:
Nomer 024

Балтасар
Жарты бақыт бұйырар деп мені жеңсең
Қарағым, құмарланып, шаттанбаңыз. 
Адам емес, бір Алла десе болар, 
Орынға өтпей жатып баптанбаңыз. 
Үлкен бақыт дегенің – құлшылығың, 
Мұхаммедтен біздерге сақталған із. 
Бес дұшпанды жеңесіз Абай айтқан, 
Бес уақыт құламасаң "тақтан" нағыз. 
Алланың қалауымен қар жанады, 
Бұйрық келген күні һақтан нағыз. 
Сөзіңде ұлы ақынның арай жатыр
Қайран елге айтылған талай ақыл. 
Әр сөзіңе үңіліп қарағанның, 
Көңілі кең жайлаудай сарай жатыр. 
Абайды ұғыну үшін, Абай болып, 
Керек-ау ойлы көзбен қарай батыл. 
Әйтпесе Абайдан мықтымын деп, 
Айқайлайтын надандар маңайда тұр. 
Надандықтан сүйреді өрге қарай, 
Қазақтың бар болмысы Абайда тұр. 
Неге ойың бір жерге жиналмайды, 
Менің айтқан сөзіме иланбайды? 
Тұғырымнан тайдырар деп ойласаң
Ағаңа қарындастық сый қалмайды. 
Аналардың миы жоқ демеп едім, 
Нәрия өзін неге жиі алдайды? 
Мойын басты бұрғанмен, білсін дедім, 
Адам мимен ойлайтынын ұйғармайды.
Қайталап-ақ айтамын тағы саған, 
Мойынменен ойлайтын ми болмайды.
Айта ма деген едім ұлтым жайлы, 
Оқырман бізден үлкен жыр тыңдайды. 
Аналардан ардақты жан болмайды
Төндіреді неге бұған бұлтын қайғы? 
Менің анам он бала тапқан жан ед, 
Алтын құрсақтан ешқашан құл тумайды. 
Абайды Абай еткен аналар деп, 
Түсіндірмек біздерге сылқым жәйды. 
Нәрияжан, Құнанбайдай ер болмаса, 
Абайдай ешқашан да ұл тумайды. 
Топқа түссек желдіріп құнан тайдай, 
Армансыз қарындаспен шығам айға-ай. 
Қарындасым, тезірек теңіңді тап, 
Көнуің керек десең, ұғам жайды-ай. 
Абайдай ұлы ақынның тойында бұл, 
Жартыңды тауып алғын Құнанбайдай. 
Ал, қарындас, көріктім, иман берік, 
Бойына бар жақсыны жиған келіп. 
Осыменен қош аман бол тілдескенше, 
Тіршілікте бөліскен сый дәм бөлек. 
Осыменен, оқырман, сен де аман бол
Бізді оқуға уақытын қиған бөліп. 
Алла жазса, шығармыз алдарыңа, 
Жатса егер сөзімізге күй мән беріп.
Нәрия:
Текті сөзді өскенбіз тыңдап анық,
Отырмын мен өзіңдік сырға қанып.
«Алла қаласа, қар жанады» деп отырсыз,
Бұл сөзді қосқан жоқсыз тыңнан алып.
«Қар жанады» дегенді Абай сынап,
«Ант ұрғандық» деп еді шынға налып.
Абай сөккен мәтелді қолданам деп,
Ертеңгі күн жүрмегейсіз сынға қалып.
Қалайша ағамызбен теңеспейік,
Көзіне көркем жандай елестейік?
«Құнанбайсыз тумайды» деген сөзді,
Шынымен біз білетін белес дейік.
Аналар жер болғанда, әке – аспан,
Сондықтан бұл жайында егеспейік!
Ашуланып кетсе де көкем мейлі,
Қалайша қарындасы көтермейді.
«Ми болмайды, қайталап айтамын» деп,
Өзінше осы сөзін бекемдейді.
«Қайталау» білімге ана болғанымен,
Ақынға атақ-абырой әпермейді.
Кемеңгерге толы ғой кең даламыз,
Қазақ деген осы елге бел баламыз.
Аруларға анаңыздың жолын берсін,
Құнанбайдай әке болсын енді ағамыз.
«Ертерек теңіңді тап» деп жатырсыз,
Ендеше, осы жайды қолға аламыз.
Біздер де елмен-жұртпен теңесерміз,
Жолықса күтіп жүрген «Телқарамыз»!
Абайды жаттап өскен құралаймын,
Бұл сынға қалай енді шыдамаймын?! 
«Жүрегінің түбіне терең бойлап»,
Асылды ардақтамас мұрадай кім?!
«Жүректің көзін ашып» арда жұртым,
Өтсе екен сынақтардан құламай мың. 
«Бес асыл, бес дұшпанын» жетік білсе,
Алысқа шабар ма едік құладай тың.
«Наданның көзі түгіл көңілін ашқан»
 Хәкімнен қалай кеңес сұрамаймын?!
Қазағым ақиқаттан адаспайды,
«Жұмбағын» шешкен кезде ұлы Абайдың.
Манағы тіліменен бал тасыған,
Қарындасын түсірмес арқасынан.
Айтысқан ағамызға мың рақмет,
Татырған жырларының тортасынан. 
Балталамай өзің отқан бұтағыңды,
Сынақтардың өтіңіз баршасынан.
Айтыста қарсыласым болғанменен,
Өмірде сыйласуға жалпы асығам.
Осыменен айтысымыз аяқталсын,
Пікір күтіп қазылар алқасынан.
Балтасардай ақ пейіл, жақсы ағамды,
Сақтасын батыраштың балтасынан!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет