8 ақпан 020 жыл жұма №24 (18976) Қасқырбай Қойшыманов



Pdf көрінісі
бет23/104
Дата28.02.2022
өлшемі7,44 Mb.
#133634
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104
Байланысты:
Nomer 024

Әбдіжәлел Бәкір, 
саяси ғылымдарының докторы,
профессор. 
Мария Һәм Мұстафа Шоқай 
28 ақпан 2020 жыл
6


28 ақпан 2020 жыл
7
Олай болса, сөз кезегін ақындарға берейік.
Балтасар: 
Кеудемде күй күмбірлеп, ән тасыған, 
Дәстүрлі ұлы өнерім болса асығам. 
"Қостанай таңы" жасап жазба айтысты, 
Көп үміт күтіп отыр баршасынан. 
Ассалаумағалейкум, оқырмандар, 
Жыр күткен ақындардың алқасынан. 
Шығыстың бір гүлімен жұп қылыпты, 
Ойып алып ақындардың ортасынан. 
Қырындап отыр ғой деп ойламасын, 
Қарындастың қағамын арқасынан. 
Балтасар балаң шықты алдарыңа
Арадай омартаға бал тасыған. 
Қызыққа батырайын жыр алаңын,
Ағайын, сол болса егер сұрағаның?
Он сегіз ақын топқа қосылыппыз,
Көбінің шамасы елге, сірә, мәлім.
Алғашқы жұбы айтыстың екеуіміз ғой
Қарындасым жолықса, қуанамын.
Текті жұрттың баласы емес пе едік,
Сондықтан жөн болмайды-ау сынағаным.
Айтыс-тартыс болғанмен басты шарты,
Сыйласып, табайықшы бір амалын.
Жүз шайыссақ, онымыз кімге керек?
Жүзі жылы еді ғой бұл ағаның.
Ендеше, көрсетейік ақындардың
Баласы екендігін бір ананың.
Жырымнан ұсынайын бал сұрасаң,
Еліме шығып едім қарсы қашан?
Ал, енді, қарсыласқа бұрылайын,
Ағалық ілтипатым – хәл сұрасам.
Шығыстың қызы едіңіз, Нәрияжан,
Жақсылық ойлайтұғын халқына сан,
Сөз қағысып көрейік,елге ұнарсың,
Мен де енді жыр тұлпарға қамшы басам,
Ақылымды айтармын "қарындас" деп,
Жігерді жерге тығып жаншымасаң.
Кезегіңді берейін, ақ сөйлеші,
Ер болып не десең де ал, шыдасам.
Айым оңынан туғаны деп білемін,
Күн нұрындай шуақ шашып, жарқырасаң.
Нәрия:
Арыныңыз қатты екен сарқыраған,
«Жарқыра» десең, аға, жарқырағам. 
Жағдаймыз жақсы ғой, шүкір, біздің,
Ілтипаттан айналдым хәл сұраған! 
Сізбенен жарасымды айтысуым,
«Жарты бақыт» секілді, жалпы, маған.
Ардақтап топқа қосқан елің қалай?
Аман-есен жүрсіз бе алтын ағам?
Айтысқа басын бұрып күреңімнің,
Ақырын аяңдатып жүре кірдім.
Армысыз, патша пейіл оқырмандар,
Бәйге алсам, иесі сен жүгенімнің.
«Қостанай таңы» жазба айтыс жасап,
Күндей сынды күлімдеуі-ай іреңімнің.
Студенттік бал шағым өткен мекен,
Бөтендігі жоқ бізге бұл өңірдің.
Төрт жылы бойы сіңіріп білім нәрін, 
Маман жасап ұшырған түлегіңмін. 
Сағынышты хат қылып жеткізсем деп,
Құлақты жазба айтысқа түре жүрдім.
Сәттісін маржан жырдың тізіп беріп,
Тәттісін арнасам деп тілегімнің.
Жазба айтыста еліме сөзім жетсе,
Дұрыс қой жасымауы жігерімнің,
Даусымды емес, жеткізіп өлеңімді,
Дүрсілін сездіртейін жүрегімнің.
Білеміз ақиқаттың азбайтынын,
Білеміз асыл сөздің тозбайтынын.
Балтасар ағам бастап бұл айтысты,
Көрсетті тегін өлең жазбайтынын.
«Қарындасқа қырындай алмаймын» деп,
Байқатты ойын ұзақ созбайтынын. 
Әйелінен қорқатын адамға ұқсап,
Қызық қой дәл осындай сөзді айтуың.
Әйеліңіз мойын болса, сіз бассыз ғой,
Білесіз басты мойын қозғайтынын.
Әйелі сап болғанда, ері - балта,
Керек қой қарындастық назды айтуым.
Балтасар ағам, міне, дәлелдеп тұр,
Балтасы өз сабынан озбайтынын. 
Ағадан сыйластықты ұғынасың, 
Адамның адамдықпен құны басым.
«Шығыстың қызысың» деп айтып тұрсыз,
Қорғаған адамға ұқсап құмырасын.
Елге, жерге бөлінбеу – мақсатымыз,
Қалайша жершілдікке жығыласың?!
Қазаққа ортақ болсақ, арман бар ма,
Анықтап ақиқаттың құбыласын!
Даналардың жалғасақ дара жолын,
Ұсақталып қалмайды ірі басың!
Мысалы, адамдықтың жолы осы, 
Қалайша тар ойлауға тығыласың?
Шығыстан шыққанменен хакім Абай,
Шашып тұр бар әлемге шұғыласын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет