8 ақпан 020 жыл жұма №24 (18976) Қасқырбай Қойшыманов



Pdf көрінісі
бет24/104
Дата28.02.2022
өлшемі7,44 Mb.
#133634
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104
Байланысты:
Nomer 024

Балтасар:
Аламанға ат қосқасын арқыратып, 
Сөзімнің білген дұрыс парқын анық. 
Еліміздің жағдайы, шүкір, тәубе, 
Басшылар жүр шуағын жарқыратып. 
Әмірхан әкім бастап домбыраны
Әр үйге сыйлап жүрміз жарқыл қағып. 
Жыл сайын мың домбыра күйін шертіп, 
Домбыраны ұлықтайды халқым анық. 
Абайдай бас ақынның жырын жаттап, 
Теріп жүрміз өлеңнен алтын жақұт. 
Алайда мына сөзің күмәнді екен, 
Қалайда әкелмейді қарқын алып. 
"Жарты бақыт емес пе айтысуым", 
Дегенің тұр ойымды қалтыратып. 
Қарындасты бір бақытты қылу үшін, 
Қайдан табу керек екен жарты бақыт? 
Жалғандығын білдіріп фәни бақтың, 
Нәрияжан, сені енді тани жаттым. 
"Қырындауға әйеліңнен қорқасың" деп, 
Шеңберінен аспағайсыз ар-ұяттың. 
Еркек бас, әйел мойын, басқарады деп
Өзің айтқан сөзіңе нали жатқын. 
Мойын қанша бұрғанмен ми болмайды,
Бұл өзі заңы емес пе табиғаттың. 
Қарындасқа қырындамайм, қызғанамын, 
Жүргесін жолыменен шариғаттың. 
Ойымды өлең қылып өріп тұрсам
Қарындасты ағасына көрік қылсам. 
Шығыстың қызы десем айып па екен, 
Әлия мен Мәншүктей көріп тұрсам? 
"Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа" 
Деген сөзді қайтемін серік қылсаң. 
Бөлініп жатқаным жоқ, құрмет қылып
Қос апаңдай сертіңді берік қылсам. 
Шығыстан талай текті дарын шыққан, 
Ұлы Абайдың өзі шуақ төгіп тұр сан. 
Қазақтың кең даласы бәріне ортақ, 
Жаратқан кең пейілге беріп тұрған.
Нәрия:
Сөзіңіздің таныс қой салты маған,
«Артық» ойға бармайды «артық» адам.
«Жарты бақыт» дегенім – астарлы сөз,
Мін іздеп неғыласыз артық одан?
Бір бақытқа бір адам жетпей жүр ғой,
Мен қалай бермегенді тартып алам?!
Дегенмен бақыт үлкен болмайды екен,
Белгілі астарлы ойдың нарқы маған.
«Жарты бақыт» дегенім сізді ұтсам,
Жеңіске жақындаймын жарты қадам.
Білеміз өмір заңын сүргендіктен,
Шешілмес кей кездерде күрмеу тіптен.
Абайдың «толық адам» ілімі бар,
Оқимыз ардың жолын сүйгендіктен.
Бойдағы міннен әлі арылмадық,
Бірліктен аулақ кетіп іргең тіптен.
Толық бақыт біздерге бұйырмай жүр,
«Толық адам» бола алмай жүргендіктен.
Сөздерінің көрсетіп сұрапылын,
Ағамыз арнап жатыр кіл ақылын.
«Әйелде ми болмайды» деген сөзден,
Мән таппай тұрғаным-ай ұғатұғын.
Айтпас бұрын анаңызды еске алып,
Ойланып, анық басып, жүр ақырын.
Абайды да Абай еткен сол аналар,
Ұясы ұлттың намыс ұятының.
Тарих әлде қашан дәлелдеген,
Тектіден текті ғана туатынын.
«Ақылыңыз қысқа ғой» деген сөзбен,
Жөн емес тұғырымнан құлатуың.
Ұмытпаңыз, әлем білген алыптардың,
Артында ақылды әйел тұратынын!
Ендеше, арулардың көтер құнын,
Сынамай қарындастың шекер жырын.
Әйелден қорқу жайлы әзілдеп ем,
Ағамыз ала қалды секем бүгін.
Қабырғамен кеңескен бабаларым
Өзгелерге көрсеткен өте ерлігін. 
Осыдан дәстүріміз жойылмайды,
Біз секілді ақылдылар мойындайды,
Ежелден алтын басты арулардан,
Бақыр басты ер артық екендігін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет