Төлен РаМаЗанҰЛЫ, тіл және ұлт жанашыры, қоғам белсендісі. Өрнек ауылы,
Қарабалық ауданы.
Биылғы қыстың, қардың ерекшелігі жыл
-
дағыдан бөлек. Екі күннің бірінде боран. Апта
-
лап бұрқасындатып, кейде жылып, кейде суып,
берекемізді кетірді. Жылқы, қой тебіндеуден
қалды. Қардың қалыңдығын былай қойған
-
да, қатып қалған. Кезінде өзім құрған “Ербол”
шаруа қожалығы Ақшығанақ ауылынан 30
шақырым қашықтықта. Қыстың көзі қырауда
ол екі ортаға қатынау қиын. Ондағы жұмы
-
скерлерге азық-түлік, керекті заттарды апару
үшін бір күндік уақыт кетеді. Өткен жолы
Жанболат деген балам «Нива» автокөлігімен
далада қалып, бір тәулік жатты. Ал, Жәлел
немерем жылымның тұсынан өтемін деп біраз
бейнет көрді. Ауылдың азаматтарына рахмет,
жұдырықтай бірігіп, тобыр адам барып, екі
машинамен әрең тартып шығардық.
Ауылдан бір шақырым жерде “Есмыр
-
за” деген бөгет бар. Қазіргі аудан әкімінің
орынбасары Бақытжан Торбаев ауыл әкімі
болып тұрғанда осы бөгетті қолдан келгенше
қалыпқа келтіру жөнінде қолқа салғанбыз.
Ол азамат ауыл тұрғындарын ұйымдасты
-
рып, техникаларды жұмылдырып, бетон тас
төсеп, амалын жасап берді. Су тасығанда екі
жақ шетін жырып кетті. Оны қайта бөгеуге
қауқарымыз жетпеді. “Алюминстрой” жау
-
апкершілігі шектеулі серіктестігінің адамда
-
рымен келісіп, төрт «Камаз» шибін тас төккізіп
алдым.
Қазіргі таңда “Олжа” қоныс орнындағы
шаруашылығым жыл санап ширеп келеді.
Үлкен адамның қолынан не келеді? Біздікі
ақыл-кеңес айтып, бағыт-бағдар беру. Ша
-
руашылығымды дөңгелетіп отырған – Серік
Жүсіпов және Андрей Әбдірахманов. Бірі мал
-
шы , бірі көмекші. Бұл азаматтар жұмыспен
қамту орталығы арқылы жұмысқа тұрды. Өз
істеріне мығым. Әр жұмысты баппен, асқан
жауапкершілікпен атқарады. Қысы-жазы
малдың соңында. Жұмыскерлердің үш мезгіл
тамағын дайындап, күтім жасап отырған Жа
-
зира Жақсыбайқызына дән ризамын. Мемле
-
кет тарапынан шаруа қожалықтары көптеген
жеңілдіктер мен қолдауларға ие болып отыр.
Мәселен, күннің көзінен қуат алатын электр
жарығы әрбір қоныс орындарда бар. Көк
жәшіктен күнделікті жаңалықтарды көріп,
бойлары бір серігіп қалады. Кезінде мұның
бірі болған жоқ. Апта сайын ауыл орталығына
келіп, моншаға түсіп кетеді.
Мен өзім 22 жылдай бау-бақша егумен
айналыстым. Заман ағымына сай мал ша
-
руашылығын аштым. Қазір жасым келді.
Үлкейген сайын адам әр нәрсеге алаңдай
-
ды. Соны аңғарған кенже балам Асқарбек
отбасымен Арқалық қаласынан көшіп келді.
Келінім ағылшын пәнінің мұғалімі. Ауыл
-
дағы мектепке жұмысқа орналасты. Жұмыс-
керім Андрей зейнеткерлікте. Қартайдым екен
деп бәлсінбейді. Қара күштің егесі. Тапсырған
жұмысты маттақам істейді. Кейінгі жалқау
-
лықты серік еткен жастарға көп үлгі болатын
азамат. Жұбайы Рая да зейнет жасында. Арқа
-
лық қаласынан келген Асқарбегім 12 бас сүтті
сиыр әкелді. Алдағы жаз айында асыл тұқым
-
ды бұқа сатып алып, малды асылдандыру жо
-
лында жұмыс жасауды көздеп отыр. Ойымды
түйіндей келе, жұмыскерлеріме алғысымды
жергілікті газет арқылы жеткізгім келді. Жұ
-
мыскерлерімнің арасында екінші топтағы
мүгедек жан бар. Мойыны жар бермейтін,
аяқ-қолы балғадай жастарға айтарым, менің
жұмыскерлерімнен үлгі алыңыздар.