ҚҰЖАТ ЖАЗУДА МҰҚИЯТ БОЛАЙЫҚ
Пайымдасаңыз, енді ұлты қазақ азамат
-
тардың аты-жөндерін тек қазақ тілінде, яғни
елдің мемлекеттік тілінде сауатты жазуды та
-
лап ететін уақыт жетті.
Мысалы, осы күнге дейін құжаттарда: Ба
-
китжан, Бакиджан Бахитжан, Бахчан, Бахыт
-
жан, Бахитджан т.б. көптеген үлгілерді кезде
-
стіреміз. Бұл есімдердің бәрі қазақша сауатты
жазса –БАҚЫТЖАН ғой! Сондықтан, құжат
иесінен рұқсат сұрамай, есімін сауатты жазу
-
ды министрлік, әкімшілік қолға алуы тиіс деп
ойлаймыз. Мөлдір, Төлебай, Өмірәлі т.б.с.с.
есімдердің 10-нан аса нұсқасында қате бар.
Осындай қате есімдерді қазақша жазғанда құ
-
жат иесі «тулайтын» жағдайға түстік. «Құжатта
жазылған нұсқаны жазыңыз!» деп талап етеді.
Ал, құжатында «Тюлюбай», немесе «Умерали»
деп жазылған. Мемлекеттік тілде құжат толты
-
рғанда: «Сіздің есіміңіз қазақша қалай жазы
-
лады?» деп сұраудың өзі ұят, өзің «сауатсыз»
екеніңді көрсеткендей боласың. Бұған тоқтау
болатын кез келді.
Ел ішіндегі ғана емес, шетелден оралған
қандастардың да аты-жөндерін осы талаппен
өзгертуді ұсынамын. Себебі, олар тұрған елде
қазақтың ерекше дыбыстары (әріптері) қол
-
данылмайды әрі кеңселері қазақ аты-жөнін
қазақша сауатты жаза алмайды.
Әліпбиді латынға көшіргенде құжат тол
-
тырғанда ұлты қазақ азаматтардың есім
-
дерін өзге тілдегі (бұрынғы құжаттағы, мыс.:
Дощан, Джамбул, Кадрбек) нұсқасы емес,
ДОСЖАН, ЖАМБЫЛ, ҚАДЫРБЕК үлгісі ла
-
тын қарпімен жазылуы тиіс деген пікірдеміз.
Қазақстандық құжат үлгісі кеңестік үл
-
гіден, ресейлік үлгіден өзгешелеу болуы
тиіс . Себебі, қазақтың руы бар, ұлтымыз
«жеті ата» институтына мән береді. Сон
-
дықтан, тегіміз «адаспайды».
Құжатта «аты-жөні (Ф.И.О.)» деп, бос
орын қалдыру керек. «Бос орынға» мы
-
салы, өзге ұлт өкілін «Иванов Иван Ива
-
нович» деп жазсақ болар, ал ұлты қазақ
азаматтарды мысалы, «Құдайбергенұлы
Жұбан », «Тастанбекқызы Сара» деп жазу
ұсынылады. Қазақтың руы бар, жеті ата
-
сын біледі. Ал, аты-жөніміздің екі сөзден
ғана құралуы, еуропалықтар мен амери
-
калық азаматтардың аты-жөндері сияқты.
Мысалы, танымал тұлғалар Джордж Буш,
Франсуа Миттеран, Маргатерт Тетчер ата
-
лады. Ықшам, қолайлы.
Қазақ аты-жөніндегі әке есімі – тегі
(фамилия) орнына қолданыла береді. Қа
-
заққа (ф) қажеті жоқ. Ата-бабаларымыз
келіншекке өз тегін ешқашан бермеген.
Үйленгенде өз тегін келіншегіне беру –
кеңестік қалдық. Қазақ келіндері атасы
-
ның есімін атау былай тұрсын, ат тергеген
емес пе?!. Фамилия – әдетте, қайны атасы
-
ның (әкесінің) есімі. Қазақ келіні құжаттар
-
мен жүргенде ол есімді бірнеше рет айтуға
мәжбүр болады. Ал, анализ тапсырғанда
қайны атасының есімін банкаға жазады.
Дәреттің анализіне атасының есімін жаз
-
дыру – ұлттығымызға сын, аталарымызды
құрметтемеу емес пе?
Достарыңызбен бөлісу: |