8 ақпан 020 жыл жұма №24 (18976) Қасқырбай Қойшыманов



Pdf көрінісі
бет72/104
Дата28.02.2022
өлшемі7,44 Mb.
#133634
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   104
Байланысты:
Nomer 024

редакцияға хат
28 ақпан 2020 жыл
19
«Ауыл – біздің анамыз» – деуге толық хақымыз 
бар. Себебі, ауыл – бізді асыраушы, өмір өзегі, өнер 
көзі, шаруашылық пен тіршілік ошағы. 
Кезінде миллионер колхоз атанған Жанкелдин 
ауданындағы мен өскен Шилі деген кеңшардың 
қазір орны ғана бар десек, артық айтқандық емес. 
Кезінде бас Шилі, орта Шилі, аяқ Шилі деген үлкен 
кеңшар орталығында қазір шөкімдей ғана болып 
қалған отыз шақты ғана үй бар. Бұрынғы Бәзілбек, 
Ақжар, Сасықсор, Қызылкемер, Тұз деген елді ме
-
кендерді қазір іздесең таба алмайсың, ауылдың 
орны жермен жексен болып, қалың шөп өсіп кеткен. 
Бұл жер кезінде Үшқарасу, кейіннен III – интер
-
национал колхозы, соңынан Шилі совхозы болған. 
Сол жердегі үш бөлек қарасудағы бұлақтан аққан 
су Өлкейік өзеніне жылғалап құйып жатады екен. 
Өткен ғасырдың басында осы шұрайлы жерге ел 
қоныстана бастапты. Су – тіршілік көзі емес пе? 
Елдің игі жақсыларының басын қосқан, сол кездегі 
көзі ашық, көкірегі ояу Әлмағамбет Оспанұлы деген 
молда кісі заман өзгерді, кеңес үкіметі орнады, енді 
алдағы өміріміз не болады деп ойласып, осы жерді 
мекен етейік, бәріміз басымызды қосып, қарттары
-
мыз діни сауатын ашуы үшін өз қаражатымызға бір 
мешіт, және жастарымыз жаңаша білім алуы үшін 
бір мектеп салайық, мал шаруашылығын дамыту 
үшін мына үш қарасуды алқымынан бөгеп, елдің 
күшімен бөгет салайық деп қаулы қабылдапты. 
Бөгет құрылысын салуға смета жасау үшін Ақтө
-
беден арнайы маман алдырған екен. Бұл бөгетті 
сол кезде «жаратылыс бөгеті» деп атапты. Бөгет 
1935 жылы бастап салынған екен. 
Халықтың бірігуімен сол бөгет бір ғасырға жуық 
елді сумен қамтамасыз етті, мыңғырған төрт түлік 
мал өсті. Жексенбай Қондышев, Едрес Нұрпейісов, 
Фатқолла Кірмаңдаев деген үш Социалистік Еңбек 
Ері, үш мәрте Даңқ орденінің иегері Қуаныш Қасы
-
мов, Ленин орденді механизатор Бөкенбай Әлімов, 
Еңбек Қызыл Ту орденінің иегерлері механизатор 
Мұрат пен Болат Ерғасымовтар, малшы Бостан 
Деріпсалин, абыройлы еңбектері түрлі дәрежедегі 
ордендермен марапатталған Жұмағали Шандау, 
Жаңбыр Әбенов, Серік Шоқанов, Төленді Әбду- 
әлиев, Ихсан Есжанов, Қабимолда Кәрібаев, Хамит 
Молдабеков, Ибрахим Жамелов, Әлжан Әбдуай
-
тов, Смағұл Жүнісов, Тұрсын Мұқышов, Тілектес 
Қайралапов тағы басқалары осы Шилі жерінің 
азаматтары. 
Ел көз алдымызда азып-тозып барады. Ауыл 
дегеніміз – Отан. Ауылмен ел іргесі бүтін болуы ке
-
рек. Елдің көбі қалаға көшуді мұрат етті. Қала қанша 
көрікті, тоқ, мәдениетті болғанымен, ауылдың қыз
-
метін атқара алмайды. Ауыл кетсе тіл, салтдәстүр, 
халықтың асыл қасиеті қоса кетеді. Қазақтың 
қара шаңырағы да ауылда. Қазіргі ел басқарып 
отырған азаматтардың дені ауылда оқып-өсіп, өр
-
кендеген адамдар. Ендеше, мемлекет басшысы 
қазақтың қара шаңырағын көтеріп тұрған ауыл – 
анамызды сақтау, түлету жайын тегін айтып отыр- 
ған жоқ. Ауылды көркейту үшін «Ауыл – ел бесігі» 
атты арнайы бағдарлама жасап, Үкімет мол қара
-
жат бөлуді көздеп отыр. Президентіміздің Жолда
-
уында әр адамның отбасына жағдай туғызу, ауыл
-
дық аймақтардың тұрғындарын келешегі жайлы 
болатындай етіп қоныстандыру, адамдардың эко
-
логиялық таза ортада өмір сүруіне, агроөнеркәсіп 
кешенін дамыту, әлеуметтік салаға ерекше назар 
аудару, ауызсумен қамтамасыз ету мен автомо
-
биль жолдарын салу мәселелері көтерілген. Елде
шешімін күтіп тұрған мәселелер көп. 
Шилінің бүгінгі кейпі адам шошырлық. Кезіндегі 
аудан көлемінде жоқ МТМ, жылу орталығы, авто
-
гараждың қазір сұлбасы ғана тұр. 1964 жылдары 
мектеп, кеңсе, балабақша, интернат, клуб, дүкен, 
пошта, асхана бір орталықтан жылытылатын. Мен 
әңгіме етіп отырған Шиліде қазір отыз шақты үй 
қалды дедік. Қ.Жармағанбетов атындағы мектеп 
жабылуға жақын, өйткені бала саны аз. Елдің күн 
көріп отырған жалғыз бөгеті тасқын судан шайылып 
кетудің алдында тұр. Бөгет бұзылса ел үдере кө
-
шері анық. Өйткені сусыз жерде өмір жоқ екендігін 
жақсы түсінеміз. Бөгетті жөндеу керек деген әңгіме 
қырық жылдан бері айтылып келеді. «Айта-айта 
Алтайды, Жамал апай қартайды» демекші, бөгеттің 
жыры бір шешімін табады деген сенімдеміз. 
Шилі елінде туған, оқыған, еңбек еткен азамат
-
тар бірлесіп ватсап желісінде «Шилі тұрғындары» 
деген чат ашыпты. Олардың ойы елге көмектесу, 
арнайы шот ашып қаржы жинау, ол қаражатты 
ауылдың қажетіне жұмсау. Орта мектепті сақтап 
қалу мақсатында кейбіреулері елге барып қоныс- 
танғысы келеді екен. Олардың басты мақсаты – 
жалғыз бөгетті аман алып қалу. Соған қаржы жи
-
наймыз деп ұйымдасып жатыр. Ауылға көмекте
-
семіз деген ниеттері дұрыс шығар, бірақ жинаған 
қаражатпен бөгетті қалпына келтіру болмайтын 
шаруа екені бесенеден белгілі. Бөгет өткен ғасыр- 
дың басында қанша қиындық болса да келешек 
ұрпақ үшін деп салынған. Сол қажырлы еңбектің, 
төгілген тердің заман дұрысталғанда зая кететін 
түрі бар. 
Қазір ауылға барсаң көңілің құлазып қайта
-
ды. Ертеде үлкен ақсақалдардың өзі отыз шақты 
болатын. Елде қазір Құрманбек, Бостан, Әділхан 
ағалардан басқа үлкен кісілер де қалмапты. Бұрын 
елдің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісіп, бас
-
шылық жасап, елге ие болып жүретін Асанның 
Қалиы, Мыңбайдың Ғазизі деген ағаларымыз бо
-
латын. Барлық шаруаны ұйымдастырып, басы-қа
-
сында жүруші еді. 
Әр азамат өзінің туған ауылы үшін қолынан 
келгенін істесе, біздің қазақ елі өзінің дегеніне же
-
тетініне мен толық сенімдімін. Ауылымыз азбасын, 
даламыз тозбасын десек, ауылымызды көркейтуге 
атсалысып, Елбасы біреу, қалғанымыз оған тіреу 
болайық, ағайын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет