258
Қазақстандағы
әлеуметтік
-
еңбек
қатынастарының
ерекшеліктері
Біздің елімізде еңбек дау-дамайының маңыздылығы бүгінгі
таңда күрт ұлғайып келеді. Тек нарықтық экономика қалыпта-
сып қана жатқан жоқ емес, сонымен бірге әлеуметтік-еңбек қа-
тынастары айтарлықтай өзгеруде.
Мемлекеттің меншік қатынастарына
және еңбек пен өнді-
рісті басқару саласына қатысты өзінің монополиялық жағдайы-
нан бас тартуы еңбек қатынастарына қатысушылардың
жұмыс
беруші
-
меншік
иегеріне
және
жалданбалы
жұмысшылар
– өз
жұмыс күшінің иегерлеріне көзге түсетіндей
поляризациясы
болды. Олар көбінесе сәйкес келмейтін, кей уақытта қарама-
қайшы мүдделерге ие, бұл көбінесе
олардың арасындағы еңбек
дау-дамайына (талас-тартыстарға) алып келеді.
Қазіргі таңдағы қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік-еңбек
қарым-қатынастарының ерекшелігі мемлекеттің еңбек қатынас-
тарын реттеуге өзінің қатысуын қысқарту болды:
оның бұл
қатынастар саласынан өзіндік кетуі байқалды. Нәтижесінде жұ-
мыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы қа-
рым-қатынастарды қатайту тенденциясы жеткілікті көріне бас-
тады.
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы
әлеуметтік-еңбек қарым-қа-
тынастарының тағы да бір ерекшелігі олар тек қолданыстағы ең-
бек заңдылығына (ҚР ЕК) ғана емес, осы қатынастар субъек-
тілері арасында жасалған ұжымдық келісім-шарт және еңбек ке-
лісім-шарты (контракт) сияқты жергілікті
мағынаға ие норма-
тивті актілерге негізделетінінде [15].
Жеке еңбек келісім шартын да, сондай-ақ ұжымдық келісім-
шартты да жасауға қатысушылар тараптарының (бұл тараптар –
жалдамалы жұмысшы немесе жалдамалы жұмысшылар ұжымы,
бір жағынан және жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі –
екінші жағынан) орындауға алған міндеттемелерін барлығы, бірі
қалмастан, толық көлемде орындауы тиіс.
Сәйкесінше жағдайларда бұл міндеттемелерді орындамау
немесе бұзу ұйымда дау-дамайлық жағдайды тудырады,
сөйтіп
дау-дамайға ұласады.
259
Бұл қарсылық пен тайталасқа кім қатысатынына байланысты
еңбек дау-дамайлары бөлінеді: 1) жеке және 2) ұжымдық.
Жеке
еңбек дау-дамайларында бір жағынан – нақты жалда-
малы жұмысшы, екінші жағынан жұмыс беруші қатысады.
Ұжымдық
еңбек дау-дамайларына қатысушы ретінде жалда-
малы жұмысшылар ұжымы (бірыңғай ұйымдық құрылым) және
оған қарсы тұратын жұмыс беруші (осы құрылымның уәкілетті
өкілдері) қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: