Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет72/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Стресс
 
және
 
оны
 
жетекшінің
 
іс
-
әрекетінде
 
басқару
 
«Стресс» (
ағылш
.
stress – қысым, кернеу) ұғымы әртүрлі экстре-
малдық әсерлерге – стрессорларға жауап ретінде туындайтын 
жоғары кернеу күйлерінің кең ауқымын білдіреді. Басқару іс-
әрекетіндегі стрессорлар саны өте үлкен, олар өз мазмұны бойын-
ша өзінше ерекше. 
Ақпараттық
 
жүктелу
 
факторы
. Басқару іс-әрекетінде ақпа-
рат көлемі мен оны өңдеуге қойылатын талаптар адамның психи-
калық мүмкіндіктерімен қарама-қайшылыққа кіреді. Сондықтан 
ақпараттың осындай көлемімен шартталатын когнитивтік жүктеме 
күйзеліске соқтыратын негативтік фактор ретінде болады. 
Ақпараттық
 
айқынсыздық
 
факторы
. Жетекші ақпараттың 
тым артықтығына қарамастан, жетпейтін ақпаратты іздеуге не-
месе айқынсыздық, тәуекел жағдайларында қимылдауға мәжбүр. 
Ал бұл болса – күшті стрессогендік фактор.
Жауапкершілік
 
факторы
– жетекші іс-әрекеті үшін барынша 
байқалатын негізгі және шешуші фактор.
Уақыт тапшылығы факторы, тұлғааралық және тұлғаішілік 
кикілжіңдер факторы, басқару іс-әрекетінің полифокустылық 
факторы, сыртқы орта факторлары жүйесі (бәсекелестік, крими-
налдық орта, макроәлеуметтік және макроэкономикалық серпі-
ліс тұрақсыздығы) – осылардың барлығы басқару іс-әрекетінің 
стрессорлары болып табылады. 
Стрестік күйлер іс-әрекетке тұтастай және оның жекелеген 
процестеріне біртекті ықпал етеді. Стресс дамуының негізгі үш 
кезеңі бар: 
1. 
Жұмылдыру
 
кезеңі
. Стресс дамуының бастапқы кезең-
дерінде жалпы эмоционалдық кернелу әлі максимумға жетпейді. 
Сондықтан психикалық процестерге және іс-әрекеттің жалпы 
ұйымдастырылуына стеникалық әсер көрсетеді. Бұл кезеңді «өнімді 
стресс» немесе «эвстресс» (эвристикалық стресс) ұғымымен белгі-
лейді. Оны психика мен ағзаның сыртқы жағдайының күрде-
ленуіне әсері ретінде қарастырады. 
2. 
Ренжу
 
кезеңі
.
Стрестік әсерлердің (адамның психикалық 
және физиологиялық ұйымдасуына объективті түрде тән шек-
телулерге байланысты) қарқындылығына қарсыласудың әлдебір 


182 
шегі бар. Бар мүмкіндікті жұмылдыру осы шекке жеткенге дейін 
жүреді. Содан кейін психика «беріле» бастайды. Когнитивтік са-
лада өзгерістер бірінші кезекте жүреді. Жедел ақпаратты қабылдау 
көлемі мен сапасы да төмендейді, өткен тәжірибені құрсау жүреді. 
Ойлау үшін де әлдебір өзгерістер тән. Оның стереотиптілігі арта-
ды, өнімділігі, ақпаратты өңдеу қабілеттілігі төмендейді.
Өткен тәжірибеден нормативтік тәсілді іздеу типі бойынша 
іс-әрекетті ұйымдастыруға тырысу ол үшін тұтастай алғанда си-
патты бола бастайды.
3. 
Деструкция
 
кезеңі
 
үшін максималды дистрестілік іс-әре-
кетті ұйымдастырудың толық жойылуы және оны қамтамасыз 
ететін психикалық процестердің бұзылуы тән. Қабылдаудың,
сақтаудың, ойлаудың құрсаулану құбылысы туындауы мүмкін. 
Іс-әрекетті ұйымдастырудың бұл кезеңінде мінез-құлықта негіз-
гі екі форманың біреуін, яғни 
гиперқозу
(импульсивтік әсерлер, 
бей-берекет мінез) типі бойынша деструкцияны немесе 
гиперте
-
желу
(іс-әрекеттің және мінездік белсенділіктің құрсаулануы, 
мелшию) типі бойынша деструкцияны қабылдайды. Бұл кезең – 
іс-әрекеттің толық бұзылуы.
Үш кезеңнің барлығы жалпы сипатқа ие. Осымен қатар стрес-
тік әсерлерге жауап қатудың жеке айырмашылықтары барынша 
айқын көрінеді. Олар серпілісте және көрсетілген кезеңдердің са-
лыстырмалы ұзындығында беріледі. «Тұлғаның стреске тұрақ-
тылығы» ұғымы адамның стрестік әсерлерге «қарсы тұру ша-
масын» белгілеу үшін қолданылады. Бұл қабілеттілік индивидте 
жұмылдыру кезеңі қаншалықты күшіне берілгеніне байланысты. 
Адам созылмалы стрестік жағдайлардың уақытша қысымына
оның стреске тұрақтылығының жеке шегін сипаттайтын резис-
тенттілікті (тұрақтылықты) қаншалықты ұзаққа сақтай алатыны 
бойынша айырмаланатын үш негізгі тұлға типтері атап көрсетіледі. 
Бұл жетекші стреске бейімделеді, екіншілері тіпті қысқа стрестік 
әсерлері кезінде жаңылады, ал үшіншілері тек стресс жағдай-
ларында ғана тиімді жұмыс істей алады. Оларды тиісінше «өгіз 
стресі», «қоян стресі», «арыстан стресі» ретінде белгілейді. 
Жетекші іс-әрекетінде ұзақ мерзімді стреске төзімділік тұл-
ғаның интернальділік-экстернальділік параметрлеріне тәуелді бо-
лады. 


183 
Стреске тұрақтылықтың екінші қажетті шарты тұлғаның 
жалпы мотивтік бағытталуы, оның үстем бағдарлануы (тұлға-
лық-карьерлік – стреске тұрақтылықты төмендетеді, ал әлеу-
меттік-кәсібилікті арттырады). Стресс жағдайындағы мінез-құ-
лықтың екі формасы болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет