"Аллаһтың есімімен бастаймын" ("Бисмикә Аллаһумә" дегенді арабтар жазбаларының басына енгізуді әдет
еткен —
Д.Ө.И) деген жері қалып қояды.
Расулаллаһ Аллаһтан мәлім болған жайды көкесі Әбу Тәліпке
баяндайды. Әбу Тәліп мүшріктерге барып:
"Бауырым Мұхаммедтің (с.а.у.) айтуынша, Аллаһ Тағала Қағбаға
ілінген қағазға құрт түсіріп, Аллаһ атынан басқа сөздерді жойғызыпты.
Қағбаға барып көріңдер. Егер Мұхаммедтің (с.а.у.) айтқаны дұрыс
болса, зұлымдықтан бас тартып, ақылға келіңдер. Алда-жалда айтқаны
жалған болса, Мұхаммедті (с.а.у.) өз қолыммен табыстаймын. Өлтірсеңдер
де, қалдырсаңдар да, өздерің білесіңдер, мен араласпаймын", - деді.
Кәпірлер Қағбаға барып, Әбу Тәліптің айтқандарын көргенде өз
көздеріне сенбеді... Сөйтіп тұрып тағы да кері кетті, болған жайды сиқырға
балады.
Осы оқиғадан соң мүшріктер наразылығы сәл де болса бәсеңсіді. Өз
араларынан бойкотқа қарсылық білдіргендер шығып, ақыры б.ә. 619 жылы
шешім өз күшін жойды. Бойкот туралы шешім жазылған қағаз жыртылып
тасталды.
153
Мүшріктер "өшпейтін шешім" деп сипаттаған қарар да нәтижесіз
қалды. Шірк тағы да иманнан жеңіліс тапты.