Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Олар қыз (балалы) болғанын естігенде ашуға булығып, жүздері



Pdf көрінісі
бет31/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Олар қыз (балалы) болғанын естігенде ашуға булығып, жүздері 
қап-қара болып түтігіп кететін. 
Содан ұялып, ел-жұрттың көзінен тасаланады. Баланы тірі 
қалдырып (өмір бойы өзі) азап шеккені мақұл ма, әлде тірідей көміп 
көзін жойып біржола тынышталғаны дұрыс
па? Неткен ауыр үкім 
десеңші?!" 
(Нахл сүресі, 58-59) 
Исламнан бұрынғы кезеңінде осы дәстүрді ұстанып, іштен шыққан 
шаранасын құрбан еткен, кейін исламды қабылдаған сахабалардың бірі 
пайғамбарымызға басынан өткен оқиғаны былайша әңгімелеген: 
"Уа, Расулаллаһ! 
Біз надандық дәуірін өткердік, сол кезеңнің үрдістерін орындадық, 
пұтқа табындық, бауыр етіміз - баламызды аяусыздықпен жер қойнына 
бердік. Менің де сүп-сүйкімді қызым бар еді. Қылығы да, тілі де тәтті еді, 
алайда мен оған қарамауға, мән бермеуге тырысатынмын. Сонда да қасымнан 
екі елі айырылмайтын. 
Бір күні оны қасыма шақырдым, томпаңдап жүгіріп келді. Өзі жақсы 
көретін қызылды-жасылды көйлегін кигіздім де "Енді, жүр менімен бірге, бір 
жерге барып келеміз",- деп, алдап ертіп шықтым. Былдырлап сөйлеп, мәз боп 
қуанып келеді. Біраз жер жүрген соң терең қазулы құдыққа келдік. 
Екі қолынан ұстап көтеретіндей сыңай таныттым да, бар пәрменіммен 
құдыққа тастап жібердім. Сондағы құлап бара жатып "Әке-ее-е... әке-
тайым..." деп құлын даусы шығып шырқырағаны әлі күнге құлағымнан 
кетпейді. " 
Екі дүниенің сұлтаны бұл әңгімені естіп, қатты егіліп жылады. 
Көздерінен аққан жас сақалын жуып, тарам-тарам етті. Сонан соң былай деді: 
"Аллаһ Тағаланың мейірімділігі кең, ондай қатыгездікті мұнан соң 
қайталамайтын болсаңдар, жәһилия дәуіріндегі білместіктерді кешірер." 
Иә, жәһилия кезінде аты айтып тұрғандай, надандық пен жауыздық 
түгел дүниені тұмшалап алған-тын. Адам баласы руханият, мейірім-шапағат 
дегеннен жұрдай. Күллі әлемнің жаратушысына сеніп, иман келтірмеген 
жүректен не үміт, не қайыр. 
Құдайдан қорықпаған ұждан, Аллаһтың азабынан үрейленбеген рухтан 
жақсылық шығуы мүмкін бе?! 
Саяси жағдай
Жәһилия кезінде Арабстан саяси тәртіп, қоғамдық бірізділік дегеннен 
мақұрым, халықтың басым бөлігі көшпенді тұрмыс кешетін. Ру-руға бөлініп, 
әр ру өзіне тән тәртібін, дәстүрін ұстанатын. Ұдайы өзара қырқысып, басқа 
шауып, төске өрлеуге әзір тұратын. Өзгенің малын талан-таражға салу, ар-
намысын таптау тіршіліктің айнымас қағидасына айналған. Алауыздықты 


23
жоқ жерден, болмашы сылтаумен тудырып, тұтқиылдан шауып, малын-
мүлкін алып, тіпті әйел, баланы күң, құл ету дағдысы қалыптасқан-ды. 
Дұшпандық, қысастық, бітіп болмайтын дау-дамай арта түскен. 
Соғыс, қан ағызуға машықтанып, үйреніскендіктері сондай, тиісерге 
қара таппаса жоқты-барды сылтау етіп өз іштерінде бірінің етін бірі жеуден 
тайсалмайтын. Бұған шайыр Құтамидің: 
"Төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған ағайындарымыз - Бәкір 
руынан басқа соқтығысарға ешкім болмай қалса, солардың өзіне тарпа бас 
салатынбыз", - деп келетін бәйіті куә. 
Ежелден ру-ру, тайпа-тайпаға бөлініп өмір сүретін арабтар бір 
орталыққа бірігу, бас қосу жайын ол кезде ойлап, бас қатырмады. Осы 
себепті Арабстан түбегінде әлеуметтік-мәдени заңдылық жоғалып, соның 
салдарынан зорлық-зомбылық, шабуыл-шайқас толастаған емес. Әркім өз 
қалауынша тірлік қылатын, мықтының дәурен сүрген кезі еді ол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет