Жаттыѓу ж¦мысы



Pdf көрінісі
бет85/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

хабарлау-баяндау,
 
суреттеу және байымдау-мінездеу
 
түріндегі шығармалардан тиісті 
үзінді беріледі.
Шығармалардың бұл түр-түрлері мазмұндама, шығарма 
жұмыстарында сыныптың жалпы дайындығына, оқушылардың басым 
көпшілігін көбірек қызықтыратын тақырыптарға, мұғалімнің алдына 
қойып отырған мақсатына қарай IV-XI сыныптардың қай-қайсысында 
болсын белгілі бір дәрежеде қамтылып отыруы керек. Негізінде, IV- V 
сыныптар үшін 
хабарлау - баяндау,
 
VI сыныпта 
суреттеу,
 
VII-VIII 
сыныптарда 
байымдау-мінездеу
 
түріндегі мазмұндамалармен жұмыс 
жүргізу негізгі орын алуға тиіс дейді авторлар. [9, 4]. 
Мемлекеттік бағдарлама IV сынып оқушыларына көлемі шағын 
шығармалар мен жеке үзінділерге жай және күрделі жоспар жасай 
білу керектігін және жоспардың әрбір тармағын сөйлемнің бір түрімен 
ғана емес, атаулы, хабарлы, сұраулы сөйлем түрлерімен де, цитаталар 
арқылы да жаза білу керектігін міндеттейді. [9, 4] VI-XI сыныптарда 


87 
бұл жұмыс тереңдей түседі, бұл сыныптарда мазмұндаманың күрделі 
жоспарын жасауға көбірек көңіл бөлінеді. 
Жинақтағы мәтіндердің басым көпшілігіне мазмұндау жоспары 
берілді. Бұл берілген жоспарлар мұғалімдердің міндетті қолданылуы 
үшін емес, оқушыларға жоспар жасату жұмысын шығарманың әр 
түріне қарай қалай жасау керектігіне үлгі ретінде көрсету, жоспардың 
әрбір тармағын түрліше сөйлем түрлерімен құрастырудың үлгілерімен 
таныстыру мақсатымен берілді.
Кµркем шығарманың жоспарын түрліше сөйлем түрлерімен 
жасауға 
оқушыларды 
үйретіп 
дағдыландыруда, 
көрнекті 
жазушылардың шығармаларындағы жеке тарауларға қойылған 
тақырыптармен және қысқа әңгіме т.б. шығармаларға қойылған 
атаулармен оқушыларды таныстыру, сол кµркем шығарманың 
неліктен солай деп аталғандығына оқушыларға жете түсіндіру 
мәселелерінен туындап отыр. Осы мақсатпен авторлар жинақтағы 
жеке мәтіндерді мүмкіндігінше әр түрлі атаулармен атауға тырысты. 
Осы мәтіндер бүгінгі күнге шейін өз мәнін жоймаған. Мысалы, 
«Орман санитары» (Ә. Жұмаділовтың «Қазақстан қорықтары» 
шығармасынан алынған үзінді), «Шын достық», «Қазыналы Қаратау», 
«Табиғатты сүй», «Бозторғай мен абжылан», «Тірілген түлкі», «Батыр 
қыз», «Күй құдіреті» сияқты көрнекті жазушылардың еңбектерінен 
алынған үзінділер мен ертегілер оқушыларды Отанды, табиғатты 
сүюге, қорғауға, еңбекқорлыққа, ерлікке, батылдыққа, адал дос болуға 
үйретеді. 
Бірақ та осы жинақты бүгінгі күнде пайдалану мүмкін емес. 
Себебі ондағы мәтіндерді сараптайтын болсақ, олардың қазіргі заман 
талабына сай еместігін көреміз. Мәселен, мұнда мынандай мәтіндер 
кездеседі: «Ленин», «Октябрь шұғыласы», «Қазақ сахарасындағы 
Октябрь», «Ильичтің балалық шағы және мектептегі кезі», «В.И. 
Ленин Кашино шаруалары арасында», «Ленин мен балалар», «Жас 
революционерлердің тапқырлығы», «Ол – комсомол мүшесі», 
«Владимир 
Ильич 
қалай 
киноға 
түсірілді», 
«Сенбілік», 
«Шаштаразда».
Аталған мәтіндер көбінесе Кеңес үкіметінің өмірімен байланысты 
болса, ал 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 
және қоғамдық келісім министрлігінің бағдарламасы бойынша 
шығарылған «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағында» қазақтың 
төл жазушыларының шығармаларынан үзінділері келтірілген. [7, 11]. 
Бұл үзінділер қазақтың әдет-ғұрпынан, мәдениетінен, тарихынан 
хабар береді. Мысалы: «Қасиетті домбыра», «Халық перзенті», 
«Бұқардың соңғы өсиеті», «Батырдың сауыт сайманы», «Туған жер 


88 
төсінде», «Дарабоз», «Наурыз-тазару күні». 
Осы жинақ ешбір өзгеріссіз 2001-жылы қайта басылып шықты. 
Жинаққа енген мазмұндамалардың мәтіндерін оқу жылы бойында 
оқушылардың зейін-қабілеттерін жетілдіріп, сауаттылықтарын бекіте 
түсу мақсатында жинақтау немесе білім сапасын анықтау 
сабақтарында пайдалануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет