Жаттыѓу ж¦мысы


дайын әңгіме бойынша мазмұндама, сурет бойынша



Pdf көрінісі
бет93/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

дайын әңгіме бойынша мазмұндама, сурет бойынша 
мазмұндама, кино, диафильм
бойынша мазмұндама 
[13, 150] 
Ғалымдардың пікірінше мазмұндаманың соңғы түрі әсіресе 
бастауыш мектеп жасындағы балаларға күшті әсерін тигізеді. Кино 
баланың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бүл жөнінде Я.А. 
Коменский мұғалім үшін «Алтын ереже – бала сезім арқылы қабылдай 
алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: 
көруге болатынды көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып 
тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап 
нәрсенің қатты-жұмсақтығын байқасын т.б. Кейбір нәрсені түрлі сезім 
мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы», - дейді

[8, 156] 
Оқушылардың белсенділігін арттырып сөйлеуге үйретуде 
техникалық құралдардың алатын орны мен пайдасы жөнінде баспасөз 
беттерінде жарияланған мақалалар мен кітаптарда талай айтылды. 
Әсіресе қазақ мектептері үшін мұндай құралдардың жетімсіз екенін 
басым көрсетудің нәтижесінде соңғы кездері қазақ тілінде 
шығарылып жатқан диафильмдер, фильмдер молшылық. Мұндай 
фильмдер әңгімелер бойынша да («Елтай екілік елінде», «Біздің 
аналарымыз» т.б.), танымдық материалдар бойынша да жасалуда. 
Фильмдер бойынша сабақ ұйымдастыруда да балалардың зейінін 
сол фильмдегі оқиғаға аудару мақсатында кіріспе әңгіме айту керек. 
Бастауыш сынып оқушыларын экран материалдарын игеруге бірте-
бірте үйреткен дұрыс. Экран материалдарын игеру де күрделі жұмыс. 
Бұл әсіресе бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін 
реминисценсия құбылысына байланысты, яғни бұл балалардың 
эмоциясы жоғары болғандықтан, оны тежеуге шамалары келе 
бермейтіндіктен, олар кинодан көргендерін іле-шала ұмытып қалады, 
ал кейін бірте – бірте естеріне түсуі мүмкін. Сондықтан кино, 
диафильмдер бойынша мазмұндама жүргізуде мұндай ерекшеліктерді 
ескеріп (диафильмді көрсете салып, оның мазмұны бойынша 
мазмұндама жүргізу нәтижесіз болатындықтан), біраз уақыт өткізіп 
барып сұраған жөн. Мысалы, «Жол жабық» диафильмін көрсеткеннен 
кейін, 11 – сыныптың «Қазақ тілінен» «Қырағылық» әңгімесі оқылып, 


96 
оның мазмұны сұрақ – жауап арқылы талқыланады. Келесі сабақта 
балалардан қандай фильм көргендері, онда не жөнінде әңгіме болғаны 
сұралады. Фильмді екінші рет әр кадрына тоқтап, мазмұнын ашып, 
кеңірек түсіндіру үшін тағы көрсетуге де болады. Қандай да 
болмасын, кино, диафильм көрсетілгенде оны не «Ана тіліндегі» 
материалдармен байланыстыру, немесе мұғалімнің өзі алдын- ала 
мәтін құрастырып алуы керек. Әуелі кино көрсетіледі де, кейін 
мәтінмен бірге талданады. 
Мазмұндамаға берілетін мәтіндер бірте-бірте күрделеніп отыру 
жағын мәтін таңдағанда мұғалім ескеруі тиіс. Мәтін оның ішіндегі 
көріністері жағынан болсын, сөздік, синтаксистік жағынан болсын 
бірінен екіншісі аз-кем қиындау болу керек.
Егер де жоғарғы сыныптарда мазмұндалатын мәтін тек қана 
мәнерлеп оқылатын болса, бастауыш сыныптарда мәтін сабаққа дейін 
тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын-
ала жазып, дайындап алып келеді де, тақтаға іліп қояды. Дайын әңгіме 
бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер 
арқылы жүргізіледі. Мысалы, «Қарлығаш пен торғай» әңгімесін 
алайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет