1-қадам.
Балалардан «жолдас» сөзін қалай түсінетінін, осы сөзге
мағыналас (синоним) сөздерді табуын сұраймыз. Балалар әртүрлі
жауап береді: «бірге оқитын», «құрбы», «дос», «серік», т.б. Әр оқушы
өз жауаптарын жобаға жазады.
2-қадам.
Мәтіннің аты оқылады: «Жаман жолдас». Сұрақ
қойылады: «Балалар әңгіме кім (не) жайлы болады?» «Екі дос жайлы»,
«Жаман адам» туралы, т.б.
3-қадам.
Оқушылардан әңгіменің басын тыңдау сұралады.
Мәтіннің белгіленген жерге дейін I бөлігі оқылады: «Екі дос жігіт жол
үстінде келе жатып, бір Аюға ұшырасыпты. Бұл екі жігіттің біреуі
әлсіз, ауру екен де, екіншісі мықты екен».
Балалар мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтіннің бірінші бөлігін
мұғалім белгіленген жерге дейін оқып болған соң, оқушыларға сұрақ
қойылады. (
Достарыңызбен бөлісу: |