102
2
9/5 8/9
Диктант жазуға астрономиялық екі сағат,
мазмұндамаға төрт
сағат беріледі.
Қорыта
айтқанда,
мазмұндама
оқушылардың
көркем
шығарамашылық қабілетін дамытуда ерекше рөл атқарады. Көркем
сөздің, көркем ойдың, ұшқыр қиялдың құдіреті сол: сөздің тазалығын,
шынайылығын қалыптастыратын, адамның
психикасын дамытатан
сиқыр күш, жан бар онда. Балаға көркем сөз өнерін үйретудің,
баулудың ең басты қажеттілігі – осында. Оқушылардың жазбаша тілін
дамытуда мазмұндама мен шығарма жаздырудың алар орны ерекше.
Әсіресе,
бастауыш
мектептерде
жүргізілетін
тіл
дамыту
жұмыстарында мазмұндаманың мәні зор. Мазмұндама:
1. Оқушылардың әдеби тілдік нормаға сәйкес өз ойларын жеткізе
білуге үйретеді.
2. Сөздік қорын молайтады.
3. Ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдеседі.
4. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландырады.
5. Оқуда кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйретеді.
Жұмыстың бұл түрлері балалардың тілін дамытуға, ойларын
байланыстырып сөйлеуге үйретуде, тіпті
әрбір мәдениетті адамға
қажетті іскерлік пен дағдылардың қалыптасуына көп әсері бар.
Сондықтан да мектепте мазмұндама жұмыстары жиі өткізілуі тиіс. Ал
мазмұндама жазуда балалардың қызығуын арттыру үшін аталған
түрлердің барлығын қолдану қажет.
103
ІV. ШЫҒАРМА
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін
өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып,
баяндайтын шығармашылық төл еңбегі.
Оқушының көркем
шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап
пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.
Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек.
Оқушының ойланып,
нақты нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба
жұмысынан оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады.
Ауызша жауапта оқушы білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал
жазба жұмыстың
ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы білімінің
нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.
Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар:
Достарыңызбен бөлісу: