Байланысты: Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)
Шығарма көлемі мен уақыты 5– сынып – 0,5-1 бет;
6 - сынып – 1-1,5 бет;
7 - сынып – 1,5-2 бет;
8 - сынып – 2-3 бет;
9 - сынып – 3-4 бет;
10 - сынып – 4-6 бет;
11 - сынып – 6-8 бет;
Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен қатарынан екі
сағат беріледі. Бітіру емтиханында (шығарма жазылатын жағдайда) –
6 сағат беріледі.
Шығарманың бағалануы туралы оқушы шығармасын тексеру,
бағалау мәселесін негізінен 4 салаға бөліп қарайды.
1.
Мазмұндылығы мен идеялылығы;
2.
Ой – пікірдің жүйелілігі;
3.
Стилі;
4.
Граматикалық сауаттылығы;
Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.
1.
Шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына
оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің
дұрыс – бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы
жатады.
2.
Ой – пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға
сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір
ұтымдылығы, т.б. енеді.
3.
Стильге тақырыпты ашуға байланысты оқушының
ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз
қолданысы, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер жатады.
105
4.
Грамматикалық сауаттылыққа емле, тыныс белгісіне
байланысты жайлар қаралады.