94
процесінде жүзеге асырылады.
Оқушының өз бетінше ойлау қызметін белсенді етудің жолы
проблемалы ситуация туғызу, ең тиімді
тәсіл екендігін осы салада
ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысқан ғалымдардың көпшілігі
қуаттайды. Сонымен бірге, қабілеттілік, әсіресе, оқушылардың өз
бетінше ойлау қызметі процесінде табысты дами түсетіндігі айқын.
Осыған орай ойлауды белсенді ету үшін
проблемалы оқытуды
қолдану тиімді болмақ. Танымал психолог С.Л. Рубинштейн өз
бетінше жұмыс істеу саналы әрекеттің қалыптасуына негіз болады.
Міне, сондықтан оқушының шығармашылық ойлауын дамытуда
дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздырудан гөрі, аяқталмаған
мәтін бойынша жұмыс жаздыру анағұрлым тиімді.
Оқушылар мазмұндама мәтінін сәтті аяқтауы үшін
логикалық
байланысқа түскен сюжет ойластырумен бірге оны көркем тілде
баяндап жеткізу талап етіледі. Белгілі бір толық мәтінді түзу үшін
оқушылардан ұшқыр қиял мен шығармашылық ойлауды талап етеді.
Егер оқушы мазмұндаманы талап деңгейінде орындап шықса, оның
тасасында ұзақ ойлау процесі тұрғандығын естен шығармағанымыз
жөн. Сол себепті оқушыларға мұндай қасиетті қалыптастыру үшін
қажетті ситуация туғызылады деп түсіну керек.
Аяқталған мәтін бойынша мазмұндама жаздырудағы мақсат –
оқушыларды өз бетінше сюжет ойлап, әңгімені әрі қарай жалғастыра
отырып, сәтті шешім тауып аяқтауға дағдыландыру.
Бұндай жазба жұмысының түрінде мазмұндама мен шығарманың
элементтері кездеседі. Бұрын ылғи дайын мәтінмен жұмыс істеп
қалыптасқан оқушы алғаш
рет өз ойынан әңгіме құрап, өзіндік ой
қорытындысын жасайды. Оқушы мазмұндама мәтінін сәтті не сәтсіз
аяқтауы мүмкін. Ол басты мұрат емес. Мұғалімнің негізгі мақсаты –
баланы ойлантуға ситуация туғызу. Сол арқылы оның өзіндік
«менінің» қабілетіне қанат бітіру, қайнар бұлағын ашу. Бала
бойындағы «туа біткен тілдік қабілетін» ояту. Мұғалім бұл жұмысты
«жеңілден ауырға қарай жүру» принципі негізінде істейді.
Алғаш рет оқушыларға ұсынылатын аяқталмаған әңгіменің оқиға
желісі, сюжетті суреттер арқылы
бағыт-бағдар беру негізінде
жүргізіледі. Демек, оқушылар аяқталмаған мәтінді сюжетті суреттерге
және ұжым болып құрылған жоспар негізінде жазып шығады. Атап
айтқанда:
а) келесі кезеңде аяқталмаған мәтін, жарты түзілген жоспар,
әңгіме соңына бағыт-бағдар беретін сюжетті суреттер негізінде
мазмұндама жаздыру;
ә) аяқталмаған мәтін мен әңгіменің, сәтті тұжырымдауға сілтеме
95
жасайтын жоспар негізінде мазмұндама жаздыру;
б) соңына дейін түзетілмеген жоспар мен аяқталмаған мәтін
арқылы мазмұндама жаздыру.
Міне,
осылайша, мазмұндама жаздыру бірте-бірте күрделеніп,
оқушыларға «өнер алды» болып табылатын тілдің қыр-сырын
игертуге, байланыстырып сөйлеуге игі ықпал етеді.
Ал методист-ғалым Рахметова С. бастауыш сыныптарда
жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келіп мынадай түрлерін
көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: