90
сазының әсерлі болуының маңызы зор.
Бұл жөнінде орыстың ұлы
педагогі К.Д. Ушинский: «…Бізде анық дауыстап, ырғағына келтіріп,
әсерлі етіп оқи алатын мұғалім табу өте қиындыққа түседі десек,
кейбіреулерге ерсі болып көрінер еді, алайда зейіні жетілмеген
балаларға мұндай мұғалім ерекше қажет», - дейді. [11, 84]
Бала психологиясын жете зерттеген А.С. Макаренко да
балалармен қарым-қатынаста дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген.
Ол балаларға әсер ету үшін дауыста эмоция мен сезімнің басым болуы
керек екенін айтады. Сондықтан мазмұндама мәтінін оқығанда
мұғалім дауыс ырғағын бірқалыпты сақтап, өзінің дикциясына қатты
көңіл бөлгені жөн.
Мәнерлеп оқуға екі түрлі талап қойылады. Олар –
физикалық
және психикалық. Біріншіден, оқыған кезде дұрыс тұру, демді еркін
және терең алу, дауысты бірқалыпты сақтау болса, ал
екіншісіне,
оқудың ритмін сақтау, сөзді анық айту, бір қалыпты оқу, пауза жасау,
дауыс ырғағын тыныс белгілеріне сәйкестендіру, т.б. жатады.
Міне, сондықтан мазмұндама мәтінін мұғалімнің өзі оқып бергені
жөн. Одан кейін мазмұны айтылып, мәтіндегі мағынасы түсініксіз
сөздер мен сөз тіркестері (фразеологизмдер) түсіндіріледі. Мазмұндау
жоспары түзіледі. Алғашқы кезде мұғалімнің көмегімен, кейіннен
оқушылар өз беттерінше жоспар құрады. Жоспар жазылмақшы
мәтіннің мазмұнына байланысты жай және күрделі болып келеді.
Мәтінге
жоспар құру, оның мазмұнын жоспарлап жазу дегеніміз –
мәтін мазмұнын бөлім-бөлімге бөліп беру деген сөз. Мәтінді
жоспарлау – оқылған шығарманың мазмұнын жүйелі беру, ондағы
оқиғаның, іс-әрекеттің орындарын алмастырып алмау үшін қажет.
Жоспарлау мәтіндегі әңгіме болып отырған негізгі мәселені тани
білуге баулиды. Мәтінге жоспар жасау, әдетте, жай жоспар, күрделі
жоспар жолымен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: