Бірінші сатыда клиент проблемаларының шешімін бірігіп іздеу процесін
ӛзара түсіну және құру міндеті тұр. Берік те сенімге негізделген ӛзара қатынастарды
қалыптастыру қажет, клиенттің ӛзін үйлісімді сезінуге мүмкіндік беру қажет.
Екінші саты әңгімелесу арқылы ақпаратты жинауға арналады. Клиенттің
психологқа қандай бұйымтаймен келгенін, проблемасын қалай елестететінін және
оны шешу үшін қандай жеке – дара қорлары бар екенін түсіну қажет.
Үшінші саты бұл қалаулы нәтиже кӛретін, сонымен бірге клиенттің идеалын
кӛріп, онымен ӛз әрекеттерін ақылға қонымды үйлестіретін уақыт. Бұл сатының
ұраны ретінде: «Сіз қайда бара жатқаныңызды білмесеңіз, беймәлім жерге тап
боласыз» деген сӛздер алынуы мүмкін. Психолог клиенттің не нәрсеге келгісі
келетінін, оның қандай болғысы келетінін, проблемалары шешілгенде не болатынын
анықтау үшін жұмыс жасайды. Клиент пен психолог әрекеттерінің қалаулы бағыты
ӛзара келісуі керек.
Психолог ӛз үшін проблеманы жеткілікті дәрежеде айқын анықтап алғанда,
онда сол мезетте шешу үйірсектігі пайда болуы мүмкін. Алайда оның идеалды
ойлары әрқашан клиенттің кӛзқарастарымен сәйкес келмеуі мүмкін.
Төртінші саты «қарама – қарсы шешімдерді ойластыру» сатысы деп аталады.
Клиенттің психологиялық дағдарысынан шығудың әртүрлі варианттарымен
(нұсқауымен) жұмыс жасап кӛруді ұсыну қажет.
Бесінші саты – клиент әрекеттерінің едәуір егжей-тегжейлі ықтималды
бағдарламасын құрастыру. Кӛптеген клиенттер психологпен әңгімесінен кейін мінез-
құлықтарына жаңа еш нәрсе енгізбейді, сондықтан күнделікті ӛміріндегі ойларын,
сезімдері мен әрекеттерін ӛзгерту даярлығын қалыптастыру міндеті ерекше аталуы
тиіс.
Қалаулы ӛзгерістерге әкелетін тәжірибелі адымдарға кӛшу үшін клиентпен
бірлестікте туған барлық пайдалы ақпаратты біріктіру қажет.
Психологтың клиентке берген ұсыныстары мен кеңестері жайлы мәселе оның
кәсіби әрекеттерінің жалпы құрылымында маңызды орын иеленеді. Осы жӛнінде
практиктер мен теоретиктер ӛте сақ ұстанымды жақтайды. Тіптен кейбіреулері негізгі
үш дәлелді келтіріп кеңес беруге тиым салу ұстанымын ұсынады.