ету психологиялық мәселені түсіну деңгейіне, сол елдегі психологияның даму деңгейіне,
ұлттық дәстүрлері мен ӛзге де факторларға байланысты. Психологтар мемлекеттік басқару
органдарында,
коммерциялық
құрылымдарда,
жеке
бизнесте,
медициналық
мекемелерде,білім беру жүйесінде, әскери күштерде, ішкі істер министрлігінде, түзету
тәрбиелеу мекемелерінде жұмыс істейді.
Ұйымда жұмыс атқаратын психолог-практик қызметінің сипаты оның тұрақты
(штаттық) қызметкер немесе шақырылған кеңесші болуына тәуелді. Штаттық психолог ӛзі
жұмыс істей алу үшін және болашақта психологиялық мәселелерді
кәсіби шеше білуіне
мүмкіндік беретін қажеттілердің барлығымен қарулану үшін мекемеде лаборатория,
сектор, кабинет, класс ашуға тырысады.Шақырылған кеңесші «ұйымда» жұмыс
істегеннен гӛрі «ұйыммен» жұмыс істейді.
Практик психологтың іс - әрекет сферасының бірқатар ӛлшемдері бар:
• психологиялық шынайылықтың ерекшеліктерін кӛрсететін
әлеуметтік
ұйымдардың деңгейлері;
• психологиялық мәселелерді туындататын адамдардың іс әрекеттері мен ӛмір
салттарының сипаты;
• психологиялық қызметті қажет ететін адамдардың категориялары;
• психолог статусының және оның клиентпен, формальді құрылыммен және
қызметкерлермен қарым қатынасының құқықтық және ұйымдық реттелуінің деңгейі.
Практик
психолог психикалық, субъективті бейнеде шынайы ӛмір сүретін
Достарыңызбен бөлісу: