142
бірге ұрпаққа ауысып, тұқым қуалайды. Гендердің еркін комбина-
ция жасамай, топталып тұқым қууын
гендер тіркесі
деп атайды.
Көптеген тəжірибелер бір хромосомаға
шоғырланған гендер
тіркесі болатындығын көрсетті, яғни олар бір-бірінен тəуелсіз ажы-
рап кетпей, көбінесе бірге тұқым қуалайды. Мұны келесі мысалдан
көруге болады.
Егер ұзын (жетілген) қанатты сұр шыбын (доминант –
BBVV
)
мен шала жетілмеген қанатты қара (
bbvv
– рецессив) шыбынды
будандастырсақ, бірінші ұрпақтың бəрі (
BbVv
) жетік қанатты сұр
шыбын болып шығады. Бұл екі жұп аллель бойынша (сұр дене, қара
дене жəне жетік қанатты, шала қанатты) пайда болған гетерозигота.
Осы дигетерозиготалы сұр денелі, жетік
қанатты аталық шыбындар-
ды рецессивті белгілері бар қара денелі, шала қанатты аналық шы-
бындармен талдаушы будандастырғанда, Мендельдің екінші заңы
бойынша бұлардан төрт түрлі фенотипі: 25% жетік қанатты сұр,
25% шала қанатты сұр, 25%
жетік қанатты қара, 25% шала қанатты
қара ұрпақтар аламыз деп күткен болар едік. Тəжірибе нəтижесінде
күтілген мəліметтен өзгеше, тек қана екі-ақ түрлі фенотипі бар ата-
аналықтарына ұқсас: ұзын қанатты қара жəне шала қанатты сұр шы-
бындар ғана шықты. Бұл тəжірибеде белгілердің толық тіркестігі
байқалады. Мұның өзі гетерозиготалық аталық шыбынның сəйкес
жұп хромосомасының бірінде қара дене жəне жетік қанаттың,
ал екіншісінде – сұр денемен шала қанатқа жауапты гендердің
барлығымен байланысты.
Мейоз кезеңіндегі спермиогенезде
гомологтық хромосомо-
лар əр түрлі жыныс жасушаларына тарайды. Сөйтіп тек екі түрлі:
біреуі
– bV, екіншісі – Bv гендері бар гамета түзіледі. Осы гаме-
талардың рецессивті белгілері бар гаметалармен қосылуынан екі-ақ
түрлі шыбындар пайда болады. Бір хромосомада орналасқан гендер
толық тіркескен күйде бір ұрпаққа ауысады.
Өзара тіркескен гендер тобының саны, сол түрдің
хромосомаларының гаплоидтық санына сəйкес келеді. Олардың
саны жеміс шыбынында – 4, жүгеріде – 10, арпада – 7, адамда – 23,
т.с.с. Осындай сəйкестік тұқым қууда хромосомалардың маңызды
рөл атқаратындығына дəлел.
Келесі тəжірибеде Морган алғашқыдағыдай
қара денелі жетік
қанатты аналық шыбындарды сұр денелі шала қанатты аталық шы-
бындармен будандастырды. Бірінші ұрпақтың бəрі сұр денелі ұзын
қанатты болды. Содан кейін анализдік будандастыру кезінде, ол F
1
-
143
ден аталықтың орнына аналық шыбынды алып, оны қара денелі шала
қанатты аталықпен будандастырды. Бұдан алынған ұрпақтар толық
тіркестегідей 2 түрлі емес төрт түрлі:
сұр денелі шала қанатты, қара
денелі ұзын қанатты, сұр денелі ұзын қанатты жəне шала қанатты
қара денелі болды, бірақ еркін комбинацияланудағыдай арақатынасы
тең емес. Шыбындардың 41,5% қара денелі ұзын қанатты, яғни ата-
аналарының белгілерін қайталады. Тек 17% ғана жаңа үйлескен
белгілермен, атап айтқанда 8,5% қара денелі шала қанатты жəне
8,5% сұр денелі ұзын қанатты болды. Сөйтіп алынған ұрпақтың 83%
ата-тегіне
ұқсас болғанымен, жаңа үйлескен белгілер мен де шы-
бындар пайда болады. Демек тіркес толық болған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: