Сборник международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет208/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019

Кілт сөздер: 
қант қызылшасы, зиянкестер, қызылша бізтұмсығы, қызылша сабақ 
жемірі, қызылша бүргесі, күздік көбелек, мониторинг. 
Кіріспе 
Ауыл шаруашылығы дақылдарын қазіргі заман талабына сай нарықтық экономикалық 
бәсекеге байланысты, шығынды аз жұмсап, өнімді жоғарылату бүгінгі ғылымның басты 
бағыты. Қазіргі кезде көптеген дақылдардың егіс көлемі қысқарып, өнімділігі төмендеп 
кетті. Қант қызылшасы елімізде Қазақстанның оңтүстік өңірінде, оның ішінде Алматы мен 
Жамбыл облыстарында өсіріледі.
Фитосанитарлық мониторинг қант қызылшасын зиянкестерден қорғаудың негізгі 
бөлігі болып табылады. Өсімдік қорғаудағы күресу тәсілдерінде шешім қабылдайтын және 
бүрку саны мен мерзімдерін анықтайтын фактор болып табылады.
Қант қызылшасын өсіру әдістерінде жұмсалатын шығынның аз, ал өнімнің өзіндік 
құны 1-2 есе арзан болуы, оның өсіп-өну кезеңінде қызылшаны сирету, жинау, шоқалау, 
тамыр жемістерін сақтау, көктемгі шоқалаудан оларды іріктеп алу, қайта іріктеу және 
отырғызу, тыңайтқыш беру, суару сияқты жұмыстарды уақытында дер жүргізу керек.
Қазіргі таңдағы шаруа қожалықтарының қант қызылшасының суармалы егістігін 
тиімді пайдалану, зиянкестерден қорғау, уақыт талабына сай инсекцидтерді дұрыс қолдану, 
қызылша өнімінің сапасын арттыру, фитосанитарлық мониторинг жұмыстарын дер кезінде 
жүргізе білу өзекті мәселе. 
Фитосанитарлық мониторинг жұмыстарын дер кезінде жүргізу аясында, қызылша 
дақылына әртүрлі агротехникалық тәсілдерді қолдану арқылы, зиянкестерді экономикалық 
зияндылық шегіне жеткізбей бүрку жұмыстарын жүргізгенде ғана сапалы, мол өнім алуға 
болады. 
Сондықтанда, фитосанитарлық мониторинг мәліметтері негізінде қант қызылшасы 
дақылы егістіндегі зиянды организмдер популяциясының тығыздығына өсімдікті қорғау 
жүйесінің тиімді әдістерін дұрыс қолдана білу қажеттілігін де ескеру қажет [1]. 
Қант қызылшасына көпқөректілер және маманданған зиянкестердің көптеген 
түрлері зиян келтіреді. Қазіргі уақытта қызылшаны зақымдайтын зиянкестердің 300 түрі 


156 
белгілі. Солардың ішінде 130-дан астамы қатты қанаттыларға, 60 түрі қабыршақ 
қанаттыларға, 40-50 түрі тең қанаттылар мен жартылай қанаттылар отрядтарына жатады. 
Бунақденелерден басқа организмдерден қызылшаны кәдімгі өрмекші кене мен қызылша 
нематодасы зақымдайды [2]. Көпқоректі зиянкес кеміргіш көбелектердің (күздік және 
жабайы көбелектер) жұлдызқұрттары мен шыртылдақ және тақтамұртты қоңыздардың 
дернәсілдері т.б. Қант қызылша дақылының маманданған зиянкестерінің де түр құрамы өте 
көп [3]. 
Қант қызылшасының түрлі зиянкестерінен қорғау мақсатында Алматы және 
Жамбыл облыстарында фитосанитарлық мониторинг жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет