ӘОК: 633.1: 631.559.2: 632.4 Сейсенбекова А.Ғ 1 ., Берікбол Н.Н 1 ., Сапахова З.Б 2 . Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей 1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы 2 БИДАЙ СОРТТАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН ПИРЕНОФОРОЗ (
PYRENOPHORA TRITICI - REPENTIS ) ЖӘНЕ СЕПТОРИОЗ (
SEPTORIA TRITICI ) АУРУЛАРЫНА ТӨЗІМДІЛІГІН
ЗЕРТТЕУ
Аннотация Мақалада ШҚО Үржар ауданына қарасты Таскескен және Тасбұлақ ауылында кеңінен
өсірілетін Бәйтерек және Томирис бидай сорттарының септориоз бен пиренофороз
ауруларына төзімділігі мен табиғи аурулар жағдайында өнімділігі анықталған. Бидай
өнімінің түсімін саралау барысында септориоз және пиренофороз ауруларының
салдарынан Бәйтерек сортының өнімділігі – 5%, ал Томирис сортының өнімділігі – 30%-ға
азайған. Зерттеу нәтижесінде Бәйтерек бидай сорты септориоз және пиренофороз
ауруларына төзімді мен аурудың табиғи жағдайында өнімділігі де жоғары болды.